Клетканың бөлінуі. Митоз. Мейоз. Ұрпақ алмасу


Клетканың бөлінуі. Митоз. Мейоз. Ұрпақ алмасу. толық сиаттама беріңіз. Уникальность - 95, 86% ☹
Организм тірі болғандықтан да ол өз тіршілігі барысында өседі, өнеді, дамиды, уақыты келгенде өледі. Ал оны құраушы клетка болып табылады, яғни клетка организмнің негізгі өлшем бірлігі болғандықтан, ол да өседі, дамиды және ақырында өледі. Сондай‑ақ клеткалар белгілі уақыттарында көбейе де алады(жүйке клеткаларынан басқа) . Олардың бөлінуі маңызды, себебі егер клетка белгілі бір себептерден әлсіреп, тіршілігін жойса, оның орнын жаңа пайда болған клетка басып, қызметін әрімен жалғастыра береді. Сонымен клетка 3 түрлі жолмен бөліне алады: митоз, мейоз және амитоз. Клетка бір бөлініп келесі бөлінуге дейінгі аралықта өзін‑өзі реттейді, яғни бірнеше процесстерді бастан кешіреді. Бұл уақыт метотикалық цикл деп аталады. Оның ұзақтығы он не жиырма сағатқа созылуы мүмкін. Митотикалық цикл барысында интерфаза мен митоз тығыз қарым‑қатынаста жүреді. Соның ішінде ең ұзақ жүретіні интерфаза . Бұл фазадағы іске асатын маңызды биохимиялық процесстер клетканы бөлінуге даярлайды. Интерфазаның өзі 3 кезеңнен тұрса керек, синтезге дейінгі(G1), синтездік(S), синтезден кейінгі кезең(G2) . G1 кезеңінде жас клетка өсіп, цитоплазма құрамы нақты түзіліп, РНҚ мен ақуыз синтезі жүзеге асып, энергия жанақталады, нақтырақ айтқанда бұл кезеңде клетканың бөлінуіне керекті әртүрлі заттар: ферменттер, нуклеотидтер, аминқышқылдары, АТФ молекуласы керемет қарқынмен жиналады. S кезеңінде ДНҚ молекуласы синтезделіп, хромасомалармен қатар екі еселенеді, яғни хроматидтер түзіледі. Ал G2 кезеңде ДНҚ саны өзгермейді, алай да РНҚ мен ақуыз синтезі жалғасып мөлшерлері арта түседі де митозға жұмсалмақшы энергия қоры жинақталады. Осылайша интерфазада митоз процессі үшін бар жағдай жасалынады, яғни клетка митозды бастан кешіруге әбден дайын қалыпқа келеді. Жалпы митоз бізде сомалық клеткалардың боліну процессі. Эволюциялық дамудың кез келген деңгейіндегі қалыптасқан ядролы организмдердің барлығына тән митоз жаңа ұрпақ клеткалары арасында генетикалық материалдарды теңге бөледі. Яғни митоз нәтижесінде жалғыз дара аналық клеткадан екі жаңа хромасомасы өзгермеген диплоидты клетка пайда болады. Өз кезегінде бұл процесс төрт фаза арқылы өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза , олардың жүру ұзақтығы бір‑екі сағат.
- Профаза- митоздағы ең ұзақ фаза, оның бас кезінде ядро көлемі ұлғайып, интерфазада екі еселенген жіңішке жіпшелер пішінделіп, жуандап хромасома пайда болады. Содан сол түйдектеле матасқан хромосомдар спиральдана бастайды да профазаның орта шеніне жеткенде әр хромасома екі хроматидтен жинақталып шоғыр түзеді, соған байланысты да ядрошық жойылып кетеді. Тіптен цитоплазмадағы гранулярлы эпт ыдырап, оның қабықшасы ядро қабықшасы элементтерінен айырмашылығы болмай, нәтижесінде белок синтезі әлсіреп, ядро қабығы болса еріп, нуклеоплазма гиалоплазмамен араласып кетеді. Ал клетка центроильдері екі полюске ажырап, соңында олардың арасында жіңішке ақуыздар түзілген белоктік жіпшелер пайда болады.
- Метафаза- бұл фазаның бас кезеңінде де прометафазада пайда болған хромасома қабығы байқалады, ол телофазаға дейін сақталса керек. Жалпы деректер бойынша бұл қабықша еріп кеткен ядрошық қалдықтарынан түзіледі делінген. Ал метафазаның орталық кезеңінде хромасомдар экваторға, яғни клетка орталығына жинақталып центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне жабысады. Жалпы ахроматин ұршығы тіректік және тартылып керілген жіпшелерден тұрады. Тіректік жіпшелер клетканың бір полюсінен екіншісіне экватор арқылы өтеді, ал тартылып керілген жіпшелер хромосомның центромерін полюстермен байланыстырып тұрады. Сондай‑ақ хромасомдар оптикалық микроскоп арқылы жақсы көрінгенмен ұршық жіпшелері барлық уақытта көріне бермейді, себебі ядроны бояйтын бояу оларды бояй алмасы керек.
- Анафаза- митоздағы ең қысқа фаза. Бұнда хромасома центромерлері екі хроматидтерге бөлініп, тартылып керілген жіпшелердің қысқаруына байланысты полюстерге ажырап жылжиды, ал осы процесске АТФ молекуласының энергиясы жұмсалады. Пайда болған әр хроматид болашақта дербес хромосомаға айналады. Олар біртіндеп ұзарып жіңішкеруінен, телофазаның басталғалы жатқанын аңғарамыз.
- Телофаза- бұндағы болатын процесстер профазаға бірден‑бір қарама‑қарсы сипат алады, мысалы: хромосомдар спиральсіз түрге келеді, ахроматинді ұршық жойылады, ядроның қабықшасы мен ядрошықтар қалпына келіп, ядрошық жанында РНҚ мен ақуыз мөлшері арта бастайды. Телофазаның бас кезеңінде хромасомдар полюске әбден жетіп, жылжуы тәмәмдалса, соңында клетканың экваторлық бөлігінен, оған перпендикуляр орналасқан талшықтар пайда болады -фрагмопласттар. Оның ортасына пектинді заттары бар Гольджи көпіршіктері жиналады. Себеді Гольджи көпіршіктері клетка табақшасының қалыптасуына бастама береді. Осы клетка табақшасы ор- талықтан шетке қарай ұлғайып өсіп, фрагмопласты ығыстырып, аналық клетка қабықшасына дейін жетеді. Осы , яғни цитоплазманың бөлінуі мен митоздың аяқталуы деген сөз. Кейін клетка заттары қайтадан толық қалыпқа келіп, интерфаза сатысына көшеді.
Мейозда - ол да митоз сиақты ядроның бөлінуінің универсальды түрі, алайда ол клеткалардың тек кей тобына тән, нақтырақ айтқанда жыныстық клеткаларда болатын процесс. Мейоздың маңызы хромосомалардың саны екі есе азайып, редукцияға ұшырауы болып табылады. Гаплоидты болып келетін жыныс клеткалары, яғни гаметалар жыныстық процестің нәтижесінде бір-бірімен қосылып зигота түзеді. Ондай кезде хромосомалар саны екі есе артады, зигота болса информацияны осы гаметалардың екеуінен де алады. Сонымен, көбею кезінде мейозбен клетка хромосомаларының санының тұрақтылығы сақталып отырады. Жалпы мейоз бірінен кейін бірі тұрақты түрде жүріп отыратын екі бөлінуден тұрады. Үздіксіз жүретін бұл жүйелі екі кезеңнің біріншісі редукциялы бөліну болса, екіншісі эквационды бөліну болып табылады. Сондай‑ақ олардың әр қайсысы митоздағыдай 4 фаза арқылы жүреді. Алайда бұлардың өзіндік принциптік өзгешеліктері болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz