Кеңес одағы кезіндегі қазақ мәдениеті типтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ

Қазақ мәдениетінің тарихы пәні
Набиева Назира Ержанқызы
Экзамен эссесі
Кеңес одағы кезіндегі қазақ мәдениеті типтерін кестелік әдіспен салыстырыңыз
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі ой (компаравистикалық талдау)
III. Қорытынды
Қазақ халқының мәдениетінің өркендеп, жалпы алғанда тарихи дамып, ұлт болып қалыптасуында Кеңес одағы кезіндегі идеология мен сол мерзімдегі саяси, тарихи, мәдени ахуалдың аса маңызды үлесі бар, яғни аталғандардың бүгінгі күнге дейін жетіп, мәдени мұра болуындағы өзіндік орны ерекше деп ойлаймын. Себебі, бұл тарихи үрдіс мәдени байланыс қызметін де атқарды.
Сондықтан мен бұл кезеңді халқымыздың қазіргі өркениет деңгейінің мәдени көпірі дер едім, өйткені қаншама жыл қойнауын аралап, алуан түрлі идеологиясымен, менталитетімен қазіргі қазақ мәдениет типін байытуға септігін тигізді; тарихта жаңа із қалдырды; мәдени қарым-қатынастың, мәдени мұраның негізін қалады.
Ойлап қарасақ, көп адамдар кеңес кезіндегі жағдайдың теріс жақтарын, түңілген қара сәттерді, үмітсіздікті ғана еске алуда, және бұны мен дұрыс емес деп пайымдаймын. Әрине, соншама уақыт аралығында қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес дәуірінде біраз тысқары қалып, түрлі өзгерістерді кешірді. Кеңес идеологиясы бойынша, тоталитарлық жүйе барысында тек біздің халықтың ғана емес, көп елдің мәдениеті де, өкінішке орай, шайқалды. Халықтық мәдениет тыйым салынып, ашық-ашық қудаланды. Жұртымыз бұл кезеңді түнекпен қарсы алса да, қиналса да, бірқатар дамуды да түсініп, құлап барып, аяққа тұра білуді үйренді. Демократиялық прогрессті басынан кешіре отырып, мәселелерді шешіп, тығырықтан шығатын жолды іздеді. Және осы бір тар жол, тайғақ кешуде жолымызды айдындатып, алға ілгерілеткен зиялы қауым өкілдері де болды емес пе? Олар тарапынан ашық күреске, жауынгерлік рухқа, сауаттылыққа айқын үндеулер тасталынды. Үндеу дегенде, барлығымыздың есіне бірден Міржақып Дулатовтың Оян, қазағы, Ахмет Байтұрсыновтың Масасы еске келері сөзсіз ғой. Себебі, бұл ең үлкен мұра - халық мұрасы.
Ал енді кеңес дәуіріндегі нақты бастан өткізген өзгерістерді сипаттай отырып, компаравистикалық талдау жасайтын болсам, алдымен мәдениет архетиптерінен бастар едім. Өктемділікпен жүргізген саясаттың кесірінен талай адам жазықсыз кетіп, сотталып, барынан айырылды ғой. Жойқын да жойдасыз саясат тұтастықты, бірлікті жойғысы келді. Бірақ қараңғы сәттерді еске алудан аулақ болып, кеңес өкіметі жылдарындағы мәдени сала жетістіктерін айтып, аса мән беріп кеткен дұрыс-ау. Қазақстанның мәдени өмірінде қалыптасып, өркендеген өнер түрлерін айтатын болсам: музыка, би, кино және театр өнеріне ерекше тоқталатын едім: себебі дәл осы кезде операның, симфония мен оркестрдің, балеттің, отандық кино жасаудың, театр мен сурет өнерінің ауқымы кеңейе түскені рас.
Әдебиет. Одан да кең сұранысқа ие болған жазба әдебиеті де қазақ мәдениетін алға тартты. Жаңа заманға сай халық тынысын шеберлікпен суреттеген жазушы-ақындарымыздың қаламынан шыққан туындылар нағыз жігер символына айналды. Біршама табыстарға жеткен әдебиет саласы сол кездегі идеология таптаурындарын бұзып, таптық күрес секілді ресей өкіметі шеңберінен шығып, жаңа белестерге жол аша алды. Елдегі ағартушылық ісін дамытқан ұлт зиялылары, қайраткерлері, жазушылары ерен еңбек етті. Барлығының мүддесі бір болғанымен, бағыты мен тәсілі әр қилы еді. Бастауда Ахмет Байтұрсынұлының тұруымен Міржақып, Сәкен, Бейімбет, Мағжан сынды алып тұлғалардың еңбегі Қазақстанның мәдени өміріне елеулі құбылыстар алып келді. Қоғамының ой-өрісінің кең болуын қалаған олар бірқатар кітаптар шығарып, өлең жинақтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері
Технология мен мәдениеттің байланысы
Мемлекет нысаны
Саяси тілде сөйлеу
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
Пәндер