Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы
Түркістан облысы
Кентау қаласы
№7 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Б А Я Н Д А М А
Тақырыбы:
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы
Орындаған: Балатаева Айгуль Сериковна
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
2020-2021 оқу жылы
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу - біздің борышымыз деп білемін
А.Байтұрсынов
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында адамзат баласы барша материалдық игіліктерді өзіне айтарлықтай дәрежеде бағындыра алды. Иә, бұл жағынан мойындамау мүмкін емес. Дегенмен, осы жетістіктермен қатар рухани құндылықтардың әлсіреуі белең алғанын да атап өткеніміз жөн. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаның рухани құндылықтарын жан-жақты дамыта оқыту білім беру саласындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі боп отыр. Өйткені, қай қоғам, қай орта болмасын рухани жаңғыруға, жалпыадамзаттық тәрбие аспектілеріне зәру боп жатқан жайы бар. Бұған дәлел - жаһанды үрейге салып отырған пандемия жағдайының өзі адамзат тәрбиесінің құлдырауынан туындап жатқандығына дау жоқ. Әлемнің екінші ұстазы, өткен жылы ғана 1150 жылдық мерейтойы аталып өткен Әбунасыр Әл-Фарабидің: Адамға бірінші тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзатты түрлі апаттарға әкеліп соқтырады - деген сөзі мықты дәлел болса керек.
Қазақстанда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында бірнеше жылдың жүзі болды, өзін-өзі тану пәні білім беру жүйесіне енгізілді. Бұл пән негізінде елімізде Назарбаева Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерген болатын. Өзін-өзі тану пәнінің бағдарламасы әлемдік деңгейдегі рухани ұстаздар - Махатма Ганди, Мать Тореза, Мишель Монтень, Ян Амос Комеский, К.Д. Ушинский, И.А. Ильин, С.Л. Рубинштейн, Ш.А. Амонашвили, Януш Корчак т.б идеяларынан алынған [1]. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмыстарын мазмұнды, сапалы етіп жүргізу жолдары жан-жақты қарастырылып, пәндерді интеграциялап оқыту қолға алынып отыр. Интеграция - адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Яғни, әртекті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму деп философиялық сөздікте көрсетілген.
Интеграциялық үдеріс (от лат. Integratio - біріктіру, қалыпқа келтіру) - бірін-бірі толықтыратын, бір-бірімен байланысты жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы - кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді. Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицияны дамытып, сананы оятады) [2].
Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің теориялық білімдерінің жетік болуына баса назар аудару қажет. Өзін-өзі тану пәнінің негізі мақсаты - білім беру кеңістігін ізгілендіру. Сондай-ақ, өзін-өзі тану пәнін оқыта отырып, оқытудың аксиологиялық аспектілерін, Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау - жалпыадамзаттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіре білу боп табылады. Әрбір тұлғаның қоғамда қалыптасуында үш жақтың үлкен әсері бары анық. Олар: ата-ана, мұғалімдері және достары. Жеке тұлғаның осы аталған тәрбие көздеріне, маңызына жан-жақты мән беру, ата-аналармен байланыс жасау жолдарына баса назар аудару қажет.
Отбасы - ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады, мемлекетте тыныштық болса, әлемде тыныштық болады. Ата-аналар балаларының алдында өздері беделді болуы керек, жақсы-жаманды ажырата білуге, сүйе білетін балаларды өсіруге, балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі және өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс. Үлгілі жақсы отбасының қасиеттерін сақтауды, барлығын сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін, әрқайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайтын, қуанышты жан тыныштығында өмір сүретін отбасында бір бірімен жақсы қарым-қатынас орнату және адамгершілік қағидаларымен өмір сүретін орта қалыптастыру қажет.
Жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқаратын тұлғалардың бірі - мұғалімдер, яғни, мектеп. Білім беру ұйымдарына енгізіліп оқытылып жүрген өзін-өзі тану пәні ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен маңызды. Атап айтар болсақ, Баласағұнның Ізгілік ілімі, Қожа Ахмет Яссауидің Хал ілімі, Әл-Фарабидің Жан қуаты ілімі, Абайдың Толық адам, Имани гүл ілімдері, Шәкәрімнің Шын адам, Ар ілімі тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында. Қазақ поэзиясының күншуағы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, Адамзаттың ұлы Абайы атанған кемеңгер ақын А.Құнанбаевтың шығармалары да өзін-өзі пәнін оқытудың қайнар көзі. Мысалы,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз -
деген ойлы өлеңдері нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге, дінге мән бере отырып, дамуға сол арқылы адамгершіліктің қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады - дейді қарасөздерінде. Адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух, мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші - ақыл мен білім, рухтың тазалығы. Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік қасиеті - Адам бола білу! - дейді. Ал Шәкәрім Үш анық атты еңбегінде, адамгершілікті ар ілімі деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн - дейді [3].
Қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz