ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

УДК 376-056. 263

Бутабаева Л. А. 1 , Аязбекова А. С. 1

1 Педагогика және психология институты

«Арнайы білім беру» кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.

Аңдатпа

Бұл мақалада есту қабілеті зақымдалған балалардың қарапайым математикалық оқуға дайындығын дамыту мәселелеріне қысқаша теориялық талдау жүргізілген. Қазіргі таңдағы еліміздегі, сонымен қатар әлемдегі маңызды мәселелердің бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдерін жетілдіру, әлеуметтендіру, жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады. Соның ішінде есту қабілеті зақымдалған балалардың қарапайым матемтикалық түсініктерін қалыптастыру да маңызды мәселелердің бірі деп білемін. Себебі қазіргі таңда есту қабілеті зақымдалған балалардың математикалық ұғымдарды түсінуінде біршама қиындықтар орын алуда. Осы қиындықтардың орнын басу ретінде бірнеше ыңғайлі, әрі жеңіл, қызықты әдістемелерді қолдануымыз қажет. Біз балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру арқылы тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар бірнеше танымдық процесстерін дамытып, қоғамға қосылуына өз үлесімізді қоса аламыз. Математика ғылымы қызық әрі қиын, күрделі ғылымдардың бірі. Дегенмен математикалық ұғымдар бізге күнделікті өмірде де қажет. Сол себепті есту қабілеті зақымдалған балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды түсіндіру арқылы үлкен өмірге қадам жасауына көмек бере аламыз. Ал одан бұрын бізге балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін бірнеше теориялық мәселелерге талдау жасауымыз қажет.

Түйін сөздер: Қарапайым математикалық ұғымдар, уақыт ұғымдары, сан, кеңістіктікті бағдарлау, пішін, өлшемдік ұғымдар, азайту, қосу, тура санау, кері санау.

Бутабаева Л. А. 1 , Аязбекова А. С. 1

1 Институт педагогики и психологии, кафедра специального образования,

КазНПУ имени Абая

ТЕОРЕТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ, СВЯЗАННЫЙ С ПРОБЛЕМОЙ РАЗВИТИЯ ГОТОВНОСТИ ДЕТЕЙ С НАРУШЕНИЯМИ СЛУХА К ИЗУЧЕНИЮ МАТЕМАТИКИ.

Аннотация

В данной статье проведен краткий теоретический анализ проблем развития готовности детей с нарушениями слуха к элементарному математическому чтению. Одной из важнейших проблем, как в современной стране, так и в мире, является совершенствование знаний, социализация детей с ограниченными возможностями, создание возможностей для становления личности. В том числе формирование элементарных математических представлений у детей с нарушениями слуха. Потому что в настоящее время у детей с нарушениями слуха возникают некоторые трудности в понимании математических понятий. В качестве замены этим трудностям необходимо использовать несколько удобных и легких, интересных методик. Мы можем внести свой вклад в приобщение к обществу, развивая у детей не только знания, но и несколько познавательных процессов, формируя элементарные математические понятия. Математическая наука-Одна из самых интересных и сложных наук. Хотя математические понятия нам нужны и в повседневной жизни. Поэтому мы можем помочь детям с нарушениями слуха сделать шаг в большую жизнь, объяснив простые математические концепции. А перед этим нам необходимо проанализировать несколько теоретических вопросов, чтобы сформировать у детей математические понятия.

Ключевые слова: простые математические понятия, понятия времени, числа, пространственная ориентация, формы, размерные понятия, вычитание, сложение, прямой счет, обратный отсчет.

L. A. Butabaeva 1 , A. S. Ayazbekova 1

1 Institute of Pedagogy and Psychology, Department of Special Education,

Abay Kazаkh National Pedagogical University

THEORETICAL ANALYSIS RELATED TO THE PROBLEM OF DEVELOPING THE READINESS OF CHILDREN WITH HEARING IMPAIRMENTS TO STUDY MATHEMATICS.

Abstract

This article presents a brief theoretical analysis of the problems of developing the readiness of children with hearing impairments for elementary mathematical reading. One of the most important problems, both in the modern country and in the world, is the improvement of knowledge, the socialization of children with disabilities, the creation of opportunities for personal development. Including the formation of elementary mathematical representations in children with hearing disorders. Because at present, children with hearing impairments have some difficulties in understanding mathematical concepts. as a substitute for these difficulties, it is necessary to use several convenient and easy, interesting techniques. we can contribute to social inclusion by developing not only knowledge in children, but also several cognitive processes, forming elementary mathematical concepts. mathematical science is one of the most interesting and complex sciences. although we need mathematical concepts in everyday life. therefore, we can help children with hearing impairments take a step into the big life by explaining simple mathematical concepts. Before that, we need to analyze a few theoretical questions to form mathematical concepts in children.

Есту қабілетінің зақымдалуы салдарынан балалардың тек танымдық процестерінің дамуы ғана емес, сонымен қатар қарапайым математикалық ұғымдарды қабылдауы да тежеледі. Біз тәжірибелік жұмыс уақытында А. И. Никольская атап өткендей, есту қабілеті зақымдалған балалардың қарапайым математикалық тапсырмаларды орындауда қызығушылықтарының төмендігін, іс-әрекеттерінің мақсатсыздығын, өз қызметінің нәтижелеріне сыни тұрғыдан жеткіліксіз қарайтындығын, тапсырмалардың мазмұнына аз көңіл бөлетіндігін байқаймыз. Ресей зерттеушісі Н. В. Яшкованың зерттеулерінің қорытындылары бойынша естімейтін және нашар еститін балалар өздерінің даму деңгейлері бойынша еститін балалардан сәби және ерте жаста қалып қояды екен. Бұл артта қалушылық мектепке дейінгі жаста одан бетер күшейеді, егер ерте оқытуды бастамаса және сөйлеу мен ойлаудың дамуына қолайлы жағдай жасалмаса, ол артта қалушылық одан бетер күшейеді және керісінше тәрбиелеу мен сөйлеуге ерте үйретудің арнайы алдымен отбасында кейін балабақшада болса, нашар еститін балада еститін балалармен арадағы айырмашылықты азайту мүмкіндігі күшейеді. [7]

Интеллектуальды, сонымен қатар есту қабілеті зақымдалған баланың математикалық мүмкіндіктері сол немесе басқа танымдық міндеттерді шешуде әрбір нақты жағдайда қажетті ойлау түрінен біршама басқаша болуы мүмкін. мысалы, бір жағдайда тапсырманы шешуде заттық әрекет, тәжірибелік талдау мен жинақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау қажет, басқасында - бейнелермен әрекет ету, оларды ойша салыстыру, яғни, көрнекі-бейнелік ойлау, үшіншіде - тапсырманы түсінікті ойлаусыз шешу мүмкін емес. Т. В. Розанова атап кеткендей, «сөйлеу тілін ойлау әрекетінің құралы ретінде кеш меңгеру естімейтіндердің ақыл-ой қабілеттерін дамуында ойлау құралы ретінде заттық әрекет, шынайы жесттер, ал содан кейін шартты мимика-жесттік сөйлеу тілінің құралы ерекше мәнге ие болады. Сонымен қатар, осы құралдар тез жалпылау мүмкінліктеріне, жабық ойлау әрекетіне өту қатынасында ақыл-ой қабілеттерін қажетті деңгейде қалыптастыруды қамтамасыз етпейді . . . Ақыл-ой қабілеттерінің көрсетілген сапасы естімейтін балаларда үлкен қиындықпен және тек ойлау әрекетінің жасанды құралы ретінде сөйлеу тілін меңгеру шегіне қарай қалыптасады».

Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша жұмыс - олардың мектепке жалпы дайындығының маңызды бөлігі. Математикалық түсініктерін қалыптастыру деп, әдетте, қарапайым математикалық түсініктерді және олармен байланысты логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру нәтижесінде болатын баланың танымдық белсенділік формаларындағы сапалы өзгерістерді атаймыз. [6]

Мектепке дейінгі жастағы балаларда мынадай қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруымыз қажет:

-сандар туралы ұғым;

-заттардың пішіні;

- уақыт ұғымдары;

-өлшемдік ұғымдар;

-кеңістікті бағдарлау секілді түсінктерін қалыптастырып, қызығушылықтарын арттыру қажет. Қарапайым математикалық көріністер балаларда ерте қалыптасады, себебі күнделікті өмірде айтатын сөздеріміздің кейбірі математикалық ұғымдармен түсіндіріледі, мысалы: шеңбер, шар, шаршы, бұрыш, түзу, қисық және т. б. 4 жастағы мектепке дейінгі балаларда кейбір қарапайым математикалық түсініктері сөздік қорында бар, оны жалпылау және жүйелеу қажет болады. Математикалық қабілеттерді дамыту ұғымы есту қабілеті бұзылған баланың жеке басын қалыптастыру үшін қажетті кеңістік, пішіні, өлшемі, уақыты, саны, қасиеттері мен қатынастары туралы өзара байланысты және өзара шарттас түсініктерді қамтиды.

Л. Б. Баряева, Н. Г. Морозова, Н. Ф. Кузьмина-Сыромятникова, Н. И. Непомнящая, М. Н. Перова есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларда сандық түсініктер мен арифметикалық есептерді шешудің бірнеше қиындықтары бар екенін атап өткен. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- 5 санына дейінгі сандар аралығындағы кері санаудың қалыптаспауы;

- қорытынды шыққан санды атай алмауы;

- жиынтықтар арасындағы бір-біріне сәйкес орнатудағы үлкен қиындықтардың болуы;

- жиындармен жұмыс істеу қабілетінің болмауы;

- көбінесе тапсырманың мәнін түсінбеуі;

- шыққан санды атап жауап бермейді немесе кез келген санды атайды;

- заттардың санын дұрыс есептемейді. [3]

Ал И. А. Никольскаяның зерттеулеріне сүйенсек есту қабілеті зақымдалған балаларда сандық есептеулердің қалыптасуының салыстырмалы түрде төмен деңгейін көрсетеді. А. И. Никольскаяның зерттеулері бойынша есту қабілеті зақымдалған балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында кездесетін қиындықтар:

- тура және кері санаудың қиындығы;

- есептеудің сапалық ерекшеліктеріне және олардың кеңістіктік орналасуына айтарлықтай тәуелділігі;

- сан туралы жалпыланған түсініктердің қалыптаспауы;

-заттарды қайта есептеу ережелерін меңгерудегі қиындықтар, "шартсыз" есептеу;

- қосу және азайту әрекеттерін орындаудағы қиындықтар;

- бар білімді жаңа жағдайларға көшірудің болмауы.

Жоғарыда атап өткендей математикалық түсініктерін қалыптастыру барысындағы қиындықтарды жеңу қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен бірге әр баланың әлеуметтік дамуы үшін де қажет. Көптеген зерттеу жұмыстарында (Л. Б. Баряева, Н. Г. Морозова, Н. Ф. Кузьмина-Сыромятникова, Н. И. Непомнящая, М. Н. Перова) математикалық дағдыларды игеру кезінде психикалық белсенділіктің әлсіз жақтарына түзетуші әсер етеді, дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық процестерінде де сапалы өзгерістер байқалады. Қарапайым математикалық дағдыларды қалыптастыру сабақтарында арнайы түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру танымдық іс-әрекеттің өзіндік дамуын, әр баланың жеке ерекшеліктері мен жағымды мүмкіндіктерін ескеруді қамтиды. Бұл өмірлік тәжірибені жинақтауға, қоршаған ортадағы шындықта бағдарлау үшін маңызды сандық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. [7]

Есту қабілеті зақымдалған балаларды математикаға оқыту әдіснамасының қиындықтары мынадай көптеген ғалымдар мен мамандардың жұмысында айтылған: А. А. Бударный, А. С. Границкая, А. А. Кирсанов, П. И. Пидкасистый, Е. С. Рабунский, И. Э. Унт және т. б. Ал математика пәнін оқытудағы ерекшеліктер жайлы Г. В. Дорофеев, В. М. Монахов, М. И. Морау, С. Е. Цареваның жұмыстарынан көруге болады.

Математикалық білім - баланың интеллектуалды дамуының құралы, сонымен қатар оның танымдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді. Балаларда математиканы оқыту барысында әлеуметтік мотивацияның психикалық функциялары мен процестері қалыптасады, көрнекі - бейнелік, көрнекі-әрекеттік және ауызша-логикалық ойлауы дамиды. Математикаға оқыту жас ерекшелігі іс-әрекетін дамытуға, айналадағы шындықтың мағынасына енуге деген арнайы «кілт» болып табылады. Математиканы оқыту, А. Д. Александрованың пікірі бойынша «Әлемді тану құралы. Ол талқылауда және әртүрлі қарсы пкірлерде жеңіліс таппайтын, нақты ғылым екенін көрсетеді. Бұл ереже мен қатаң логиканың айналуы. Ол айналамыздағы әлемді тануға, оның заңдылықтары жайлы көп білуге көмектеседі, себебі сол заңдылықтар математикада басым келетін ережелерге бағынышты». Ерекше А. М. Леушина «Математика баланың дамуы үшін маңызды. Ол барлық өміріне рациональды, дұрыс ойлау стандарттарын енгізеді, ақыл-ой дамуына үлкен серпіліс береді» деп атап кеткен. Математика жайлы әлемде көптеген ғалымдар өз пікірін білдіріп, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізген. Біз соларды есту қабілеті зақымдалған балалардың деңгейіне сай етіп бейімдеп қолданып келеміз. [4]

Есту қабілеті нашар балаларда математикалық белсенділік үшін қажет сенсомоторикасы, интеллектуалды, сөйлеу және эмоциялық алғышарттар нашар қалыптасады және де олар ерекше білім беруді қажет етеді. Сондықтан, осы балаларды оқыту үдерісінде, нақты әдістерді пайдалана отырып, біріншілік және екіншілік бұзылыстарды біртұтас түзету және дамыту міндеттерін шешу қажет.

Есту қабілеті бұзылған балалар көбінесе сөздік нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай алмайды, бұл кеңістіктік белгілерді түсінбеумен және дұрыс пайдаланбаумен түсіндіріледі.

Л. Н. Левинаның зерттеу жұмыстарына сүйенсек, ең алдымен, есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі ересек балаларда кеңістіктік талдаудың көрнекі және сөздік компоненттері арасында алшақтық байқалатынын анықтады. Кеңістіктік түсініктерін жалпыланған түсінудің қалыптаспауы әсерінен есептеуде балалардың тапсырмаларды орындауына кедергі келтіреді. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың төмен деңгейі, әсіресе, кеңістіктік түсініктертерінің жеткіліксіздігі балаларда жиі байқалады. Есту қабілеті бұзылған ересек жастағы мектепке дейінгі балалар, әсіресе, Хед сынамасын орындау кезінде оң және сол жағын көрсетуде қиналады. Көптеген ұғымдар: алдыңғы, артқы, жаны және т. б. түсініктердің қалыптасуында қиындықтар кездеседі. Есту қабілеті зақымдалған балаларда тұтас суретті кесілген парақтардан бүтін етіп құрастыру, үлгіге сай текшелерден құрылыс жасауға, Коос текшелерін құрастыруда қиналады. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиятында ауытқуы бар балалар
Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ролі
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz