Остеоартроз буындардың дегенерациялық - дистрофиялвқ ауруы


Жауабы
Науқастағы белгілерге қарап дамыған дерттік үдерісостеоартроз екенін байқаймыз. Остеоартроз буындардың дегенерациялық-дистрофиялвқ ауруы. Осы дерттік үдерісте буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады да, шеттік остеофиттер және екіншілік синовит дамиды. Негізгі зақымдалушы элементтері: шеміршек, буын, буын капсуласы, буын маңы бұлшықеттері атрофиясы, деформация. Науқастағы негізгі шағымдар омыртқа ауырсыну, қозғалыс кезінде аяқ бұлшықеттері ауруы . Проксимальды және дистальды фалангааралық буындарда түйіндер бар, оң жамбас сан буыны контуры тегістелген, қозғалысы шектелген және ауырады, санын ішке қарай ротациялау кезінде сықыр естіледі. Жамбас-сан буынының рентгенографиясы: буындардың саңылауы тарылған, айқын субхондральді остеосклероз, жиектерінде сүйек өсінділері анықталады, алдымен ауырсыну физикалық жүктемелердің кейін пайда болған және кешке қарай күшейе түсетін, ал кейінгі уақытта түнде де мазалайтын болған. Остеоатроздың түрі бойынша эндокринді аурумен ауырады, басқа аурудың салдары ретінде дамыған. Диагнозға дәлелдер: бұл ауру көбінесе күш түсетін буындарда көрінеді мәселен омыртқа, ұршық, саусақ буындарында, науқастағы тұрақты физикалық жүктемелерді және эндокринологтың есебінде тұрғандықтан эндкринді бұзылыстарды есепке алып остеоартроз екенін нақтылай аламыз. Себебі науқаста гипотиреоз ауруы бар, сонымен қатар варикоз дамыған. Науқастың рентгенографиясына қарасақ буындардың саңылауы, субхондральды остеосклероз бар. Бұл остеортроз кезінде көрініс беретін белгілері. Яғни шеміршек матрикісінде протеогликандардың жетіспеушілігінен шеміршектің амортизациялық қасиетінің азаюы болады. Ол осы субхондралық сүйектің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістеріне алып келеді. Қауіп қатер факторы, патогенезіне де қарасақ осы остеортоз дамығанын көрсетеді. Остеоартроз- буын шеміршегінің дегенарациялық-дистрофиялық бұзылысымен сипатталатын буындардың созылмалы ауруы. Бұл аурудың клиникалық көрінісі көбінесе егде жаста дамиды. Остеоартроз жасы егде тартқан адамдарда жиі болады.
2) Остеартроз ауруының дамуына әсер ететін қауіп факторлары :
-Ең бірінші фактор ол әйел адамдардағы эндокриндік бұзылыстары
-екінші дене салмағы артық болуы, буынларға күш түсуі
-үшінші кәсіби фактор яғни физикалық жүктеме жоғары орындар
-төртінші генетикалық фактор сүйектермен буындардың тұқым қуалайтын патологиясы
-бесінші қан тамыр құрылысының тур пайда болған ауытқулары ұршық буыны тур пайда болған дисплазиясы
-алтыншы аяқ арналарының варикоздық кеңеюі
Шеміршекке нағыз немесе салыстырмалы күштің түсуі🡪шеміршек зақымдануы🡪коллаген талшықтарының үзілуіжәне протеогликандардың синрвиалық қуытан шығуы🡪синовиалық сұйықтықта ферменттердің белсенуі🡪реактивті синовит🡪протеогликандардың бүлінуінің күшеюі 🡪шеміршек матрикісінде протеогликандардың жетіспеушілігі🡪 шеміршектің амортизациялық қасиетінің азаюы🡪субхондралық сүйектің дегенеративті дистрофиялвқ өзгерістер🡪Остеоартроз
Шеміршектің екі негізгі элементінің бұзылысы болады, 1-дәнекер тіндік матрикс, ол аггрекан протеогликаннан тұрады, оның құрылымын ауыр жүктемеге қарсы тұратын нәруыздық ядро коллаген макромолекуласы, гиалурон қышқылы, хондроитин сульфаттарының тізбектері, кератан сульфаттар құрайды. 2-хондроциттер-шеміршек тініңдегі алмасуды реттейтін жасушалар. Осы екі құрылымын патологияға ұшыраса, шеміршек тінінің беріктік қасиеті бұзылады, құрылымы өзгерген коллаген, және шеміршек матриксінің биохимиялық қасиеті жойылады, гиалинді шеміршектің молекулалық құрылымы бұзылады. Шеміршектің басты негізі болатын протеогликандардың сандық және сапалық бұзылыстары коллагеннің бұзылысына алып келеді, дәнекер тіннің матриксіне жататын, суға тұрақты ерімейтін протеогликандар суды өзіне жинауы артып кетіп, нәтижесінде ол ісініп, шеміршектің төзімділігі азаяды, әрі қарай шеміршек тіндерінің коллаген талшықтарының үзілуі, шеміршнектің дезорганизациясы, дегенерациясы болады, дегенерация өнімдерінің фагоцитозы, фагоциттердің өлуі, қабынулық реакция, және екіншілік синовит дамиды. 2ншіден шеміршек тінінде зат алмасудың бұзылысынан протеолиздік ферменттер-коллагенеза, стромелизиннің артуынан коллаген және протеогликан бұзылысқа ұшырайды.
3) Геберденнің түйіндері әрдайым симметриялы және қатты, олардың мөлшері күріш дәнінен бұршаққа дейін өзгереді. Түйіндердің сыртқы прогрессиясы әрдайым остеоартрит белгілерінің жоғарылауымен байланысты емес. Кейде олар буындағы қозғалысқа кедергі келтірсе де, түйіндердің өздері ауыртпалықсыз. Қалыптастыру процесінде Геберден мен Бушардың түйіндері ыңғайсыздық тудыруы мүмкін-қышу, қолдардағы жану, ұйқышылдық сезімі. Уақыт өте келе бұл белгілер өздігінен кетеді (түйіндердің өсуі тоқтаған кезде)
Проксимальды және дистальды фалангааралық буындар: Хеберден түйіндерінің пайда болуымен және Бушард сүйек өсіндісің болуымен:1-ші карпаль-метакарпаль, 1-ші метатарсофалангиальды, жамбас және тізе буындары, омыртқааралық дискілер және омыртқаның буындары, әсіресе мойны және бел аймақтары. Дистальды зақымдану қолдың фаланга аралық буындары (Хеберденнің түйіндері) - үшінші тән локализация артроз. Тығыз, мөлшері бұршақ, кейде ауырғанда пальпация, әдетте бірнеше рет түйіндер әйелдерде жиі кездеседі қолдың саусақтарындағы менопауза кезеңінде. Таралуына байланысты процесс бастапқы екі формадан тұрады :
Жергілікті формасы сипатталады бір немесе екі буынның зақымдануы қол, аяқ, тізе буындары, жамбас буындары, омыртқаның
Жалпыланған форма сипатталады 3 немесе одан да көп буындардың немесе топтың зақымдануы буында болады.
Буыныныңның дисталдық бүйір беткейіндегі остеофиттер, саусақ буынның проксималдық артқы бүйір беткейіндегі остеофиттер -Бушар түйіндері. Паннус- қарқынды өседі, синовиялық тіннен шеміршекке өтіп, цитокиндері әсерінен түзілген ферменттері шеміршекті бұзады. Шеміршектің негізгі элементтернің бұзылысынан өсуі токтап, аяк кыскарады. Осы себепті науқастың оң аяғы қысқарған.
2 есеп
1) Науқастағы тері ауруы бұл псориаз. Псориазды біреуден жұқтырып ала алмайсыз және айналаңызға жұқтыра алмайсыз. Псориаз тұқымқуалау арқылы беріледі. Иммундық жүйе қателесіп, ағзаның сау тіндерін бұзып қабынуын шақырады. Терінің қалыпты жасушалары терінің терең қабатында өсіп бір ай ішінде оның беткейіне көтеріледі. Псориаз ауруы терінің қабынуымен, кератинизацияның бұзылуымен, эпидермис жасушаларының дифференциациясының бұзылуымен және көрінетін, созылмалы бейинфекциялық дерматозбен сипатталатын, генетикалық және сыртқы орта факторлардың әсерінен дамитын организмнің жүйелік ауруы болып табылады. Псориаз - созылмалы дерматоз, оның пайда болу механизмі организмдегі аутоиммунды процестерге байланысты. Бұл пациенттердің қанында иммундық кешендердің болуымен расталады, әсіресе бөртпелердің дамуы кезінде. Патогенезінде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың тері жасушаларына қарсы агрессиясы және олардың терінің ішіне инвазиясы маңызды. Осы ауру дамуының патологиялық көріністерін клиникалық көріністеріне қарап анықтаймыз:Науқастың клиникалық көріністерінде:терісінің қышуы және қабыршықтанып, қызыл бөртпелердің пайда болуы, сонымен қатар бөртпелердің түсінің қызыл-ақ күміс қабыршақтарымен қапталғаны бұның барлығы науқаста псариоз дамығаның дәлелдейді. Анасындағы осыған ұқсас тұқымқуалайтын тері ауруының болуы күмән тудырады, ол осы науқастағы псариоздың дамуының негізгі факторы болуы мүмкін; Себебі:балаға тұқымқуалаушылықпен берілген, сондықтан да науқаста бөртпелер 6 жасында пайда болған, оның асқынуна науқастың 17 жасында темекі шеккендіктен салдарынан псориаздың созылмалы түріне алып келген. Науқастағы псариоз адамдардың 65 пайызға жуығы ауыратын I дәрежедегі псориаз болып табылады. Біріншілік дәрежедегі псориоз тұқым қуалау арқылы жұқтырылады. Науқастың анасынан тұқымқуалайтын тері ауруының болуы бұны растайды, ал бұл категориялы науқастардың жас мөлшері 18-25 жас аралығында болады, науқас 27 жаста. . Терінің бұл зақымдануы тері ауруларының ішіндегі дерматоздар тобына кіреді. Дерматоздар (грек. derma - тері) - этиологиясы мен патогенезі әртүрлі тері ауруларының жалпы атауы. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған; қабынулық, дистрофиялық, аллергиялық және т. б., түрлері болуы мүмкін.
Псориаздың негізгі 5 түрі бар:
-Эпидермалық- көп аймақты алып жатқан терінің өте интенсивті қызаруы
-Тамшытәріздес- теріде қызыл-күлгін дақтардың болуы
-Төңерілген -терінің қызаруы және тітіркенуі қолтық асты шұңқырында орналасады. Тері қатпарларында және шап аймағында
-Қабыршақтанған- қалыңдаған, қызыл аймақ, ақшыл-жылтыр қабыршақтармен. Бұл псориаздың ең көп таралған түрі.
- Пустулезді-ақ күлбіреулер, терінің қызарған және тітіркенген аймақтарымен қоршалған
2) Псориаз иммунитеті төмен адамдарда өршуі мүмкін. Бұл келесі факторлармен байланысты болады: АИТВ Аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит секілді) Онкологиялық аурулар болуына байланысты химиотерапия. АЛ факторларды айтатын болсақ: Сыртқы факторлар және ішкі факторлар. Сыртқы факторлар:химиялық, механикплық, биологиялық, әртүрлі тері зақымдаушы әсерден. Ішкі факторлар: тұқым қуалаушылық, гиповитаминозы, аутоиммундық аурулар, метоболизмдік бұзылыстар және тағы басқа.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz