Нарықтағы лидер бейнесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Описание: F:\Магистрант Алибек Т.Жүргенов\Т.Жүргенов эмблема.png

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

«Басқару психалогиясы» пәні бойынша

ЭССЕ

Тақырып : «Нарықтағы лидер бейнесі»

Орындаған : Айдын Мақсат

Тексеркен : психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева С. Қ

Алматы, 2020

Нарықтағы лидер бейнесі

Ғалам жаралғалы бағыну мен бағындырудың, айдап салу мен алға сүйреудің арасында, басшылыққа деген талас пен өркениетке қарай өрге сүйреудің арасындағы тартыс, үздіксіз күрестің арасында өмір сүрудеміз.

Біз білетін өзін басқару, қоғамды басқару психологиясы әркімде әр түрлі. Басшылық біреулерге қан арқылы берілетін өмірдің бір сыйлығы болса, енді біреулер үшін, қажеттіліктен айналасының қолдауымен, өмірдің өз жолымен, тағдырдың жазуымен тарихта қалып жатады.

Иә басшылыққа берілетін, тектік жол мен тәжірибелік жол туралы айттық. Енді олардың болмысында, бойындағы қасиеттерінің айырмашылығына, тарихтағы орнына тоқталайық.

Басшы - (BOSS) үкімет тарапынан, өз халқы немесе әріптестері сайламаған, қолдамаған жоғары жақтың қолдауымен тағайындалатын, қызметкерлері жақын тартпайтын, жұмыс бабымен ғана құрмет көрсететін лауазым иесі. Басшының бойында лауазымға деген сенімділік, мыс, дөрекілік болуы мүмкін.

Көшбасшы - (Lider) халық арасынан, әріптестерінің ортасынан, бойындағы талантымен, нәтижеге жұмыс жасайтын, әр әріптесімен дос-сырластай жақын тартып сөйлесе алатын, жаңалықтар, реформалар жасайтын тұлға. Көшбасшы бойынан табылатын қасиеттер, ұйымдастыру қабілеті, жауапкершілік, білім мен білік, харизма, әріптес қызметкерлерге құрмет, нәтижеге жетелейтін күші, энергиясы болады.

Қысқартып айтар болсақ, басшы топты алдына салып бұйырушы болса, Көшбасшы сол топты жігерлендіріп жетелеуші.

Оқушы кезімізде «Жумонг ханзада» деген сериал көретін едік. Жумонг қолбасшы ретінде, өз мемлекетін құру жолында жау әскерімен соғыс жүргізіп жатады. Түн кезінде жау тапсырмасымен Жумонгтың жанын алуға келген шпион, ханзаданың адалдығына, қараңғы суық түнде әскерлерімен бірге қар жамылып мұз жастанған кейпіне қарап, қиыншылықтың барлығын бірге көріп, әр сарбазына құрметпен қарайтын қарапайымдылығына, бірге ас ішіп, әзіл қалжыңы жарасқан бірлігін көріп, өзіне тапсырма беріп сарайда жатқан өз басшысымен салыстырады да оны өлтіру ойынан бас тартып. Негізгі тапсырмасын айтып, Жумонгтың қатарына қосылады. Мінеки маған бала кезімдегі, осы бір фильмнің эпизоды нағыз көшбасшының бейнесін ашып көрсеткен еді. Сол сарбазы қасық қаны қалғанша шайқасып, бақытты кейіпте мерт болған еді. Яғни көшбасшыға деген өмірден үлкен құрмет көрсетуін байқауға болады.

Біздің қазақ әдебиетінде де, Қаз дауысты Қазыбек би туралы, жас Қазыбектің тапқырлығына байланысты,

«Қой асығы демеңдер, қолыңа жақса сақа тұт,

Жасы кіші демеңдер, ақылы болса аға тұт. » -деп жасына қарамастан көшбасшы аға болатын азаматтың ақылы мен парасаты, сөзі мен ісінен-ақ аңғарып ел алдына шығарған еді. Сол Қазыбек Абылайханның өзін, қалың жоңғардың қол астынан, халқы мен малын қатар қайтарып, жерімізді сақтап қалған тұлғаның бірі еді.

Қазіргі таңда экономикалық, саяси көшбасшылар жиі айтылып жатады. Алайда әлем басшыларының өзі, үлгі алған нағыз ЛИДЕР-лер бар. Мәселен Ли куан ю. 30 жылдың ішінде ішетін тұщы суы, үй салар құмы болмаған Сингапурды әлем тамсанған әрбір оныншы миллиардер тұратын, экономикалық көшбасшы мемлекетке айналдыру нағыз көшбасшылық ерік жігерінің арқасы. Сейдахмет Құттықадамның «Ұлтқа қызмет ету» атты кітабында осы секілді әлем тарихындағы, өткен ғасырдағы тарихи-саяси шешімдер қабылдап өркениеттің өсуін жылдамдатқан 10 реформатор мемлекет басшысы туралы айтады. Кешегі біздің дәуірімізден бұрын өмір сүрген Калигуладан бастап бүгінгі диктаторларға дейін, Филиппинді күйрете кеткен Фердинанд Маркосты Ли Куан Ю, апартеид мәселесін шешіп, қара нәсілділердің құқығын көтерген Нельсон Манделалармен әрине бірдей көшбасшы ретінде салыстыра алмаймыз.

Платонның айтқанындай мемлекетті құру мен басқарудың 6 түрлі стратегиясы бары анық. Сол дәуірден бері әлі сол 6 түрмен келе жатырмыз. Алайда көшбасшылар жаңғыртуда. Басшылар артқа тартып, өркениет пен заман дамуын ақсатып жатса, лидерлер жаратып жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курно дуополиясының моделі
Брендинг туралы
Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі
Баға және баға жасау жайлы мәлімет
Қазақстандағы баға саясаты
Ұлттық бренд
Брендингтің тарихы
Монополия және монополиялық билік туралы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы
Брендинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz