Мемлекеттік басқарудағы демократия
Мемлекеттік басқарудағы демократия
Ашық-алаң саяси режимі жөні туралы. Басқару орган және халық.
Саясат ол шет тілінен аударғанда мағынасы мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі уақыттан бастам қоғам бірлесе өмір сүре келе, бейбітшілік, кеңшілік және молшылық заманды армандады. Уақыт өте келе, адамзат баласы өзара келісім, өздерін-өздері билеп, халыққа қызмет ету керектігін байқады. Біз білетін тарихта неше түрлі қоғамдық жүйелерінің түрлерінің іздері қалды. Әрбір адамзат баласының көңілінен шығатын мемлекеттік жүйені ойлап табу қиын іс болатын.
Уақыт өте келе халықта, басқарып отырған жүйеде саяси сөз бостандығының қоғамда тиімді жоспар болғанын дәлелделді.
Саяси сөз бостандығы - қазіргі басқарып отырған жүйенің дәлме дәл мағынасы болып келеді. Саяси сөз бостандығы, тарихқа үңілсек Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим мемлекетінде пайда болған екенін көреміз. Ежелгі мемлекетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне ие болған жиналысқа қатысу құқығы бар адамдар. Әйелдер, құлдар жәнеде мемлекет азаматы болып келмейтин адамдар саяси құқықтары болмайтын. Мемлекет тұрғындары әр түрлі атқарушы және сот лауазымдарында жұмыс істеуге құқылы болды. Оның кейбіреулері сайланбалы, ал қалғандары жеребе бойынша тағайындалды. Өкінішке орай Рим мемлекеті құлауымен бірге демократия институттары өз қызметін тоқтатты.
Тарихтың түбінен алсақ, мемлекеттің мінсіз басқармасын құруға болады. Бұл жүйені бірнеше тармаққа бөлуге болады:
- Конституцияны құрайтын демократиялық бостандық;
- Сайланбалы өкілді органдар (атқарушы билік басшысын халықтың сайлауы),
- Бірыңғай сот жүйелері;
- Қадағалау жүйелері;
- Адам құқықтары мен бостандықтарын уағыздайтын бұқаралық ақпараттық құралдар.
Саяси демократия -бұл басқарушы топтарды, негізінен, жоғары билік шенеуніктер, мемлекеттік биліктің еркін жүзеге асыру әдісі.
Мемлекетті басқару жүйесінің барлық түрі заң арқылы бағынады. Шексіз билік иелеры: патшалар, диктаторлар, император мен корольдар заң алдында бас иіп бағынған. Егерде олар заңға қайшы келетін әділетсіз істер жасаса, онда сот алқасы алдында жауап берген. Алайда мемлекет жариялаған заңның кейбір түрлері заңды болып келмейді. Мысалға ала кетсек, егерде заң қарапайым халық өкілдерінің алдында талқыланып, мемлекетке жәнеде осы елдің тұрғындарына тиімді жерлері анықталып қабылданса, демократиялық жүйенің кепілдігі болып табылады. Алайда, кейбір жағдайларда, халықтың қатысуынсыз, халық өкілдерінсіз қолдауын алмаған заңдарды мемлекет басшысы ендіріп, соны ұстануға талап қояды. Ондай заңдарды орындамауға, оны өзгертуге ат салысу азаматтардың толық құқығы бар.
Алдында айтып кеткендей үкімет билігінің тағы бір бөлігі - бірыңғай сот жүйелері. Демократиялық қоғамда сот жүйесі нық жұмыс істеп, заңнан басқа ешкімге бағынбайды. Сот алдын да, заң алдында атақ та, даңқ та, қызмет пен лауазым да ешқандай роль атқармайды - азаматтардың бәрі тең.
Қысқасын айта кетсек демократиялық қоғамда үкіметтіңде, президенттің де іс-қимылы халық өкілдері қабылдаған заңмен қатаң шектеледі, мемлекеттен бастап жеке азаматтарға дейін сол заңдардың сақталуын бақылауға алады.
"Демократия" ежелгі грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағынаны білдіретінін бәріміз білеміз. Қазіргі таңда бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.
2.Қоғам мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3.Қоғамдық құрылымның арман-ансары және соған сәйкес көзқарастар
демократияның көпшілік бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр басқа түсінген. Оның үстіне, әр алуан елдерде олардың ұлттық тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көптүрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады.
Ондай белгілерге төмендегілер жатады:
1.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне сөз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың
бастамасымен, референдум арқылы заңдар жетілдіреді және қабылданады.
Сондықтан, АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін" жатқызады.
2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай
теңдік болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда өмір сүрген гректің атақты
тарихшысы Геродат сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген
мемлекетті айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық салада-халық
жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда және т.т.с.-болуға тиіс.
3.Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдені және т.т.с. ерекшеліктеріне
байланысты адамдар әр-түрлі келеді. Солардың бәрін қалай теңдестіруге
болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Бұл екеуі жалпы
және барлығына бірдей қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың негізі һәм қорғаушысы есепті. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, қажетті деген іс- әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған кереғар қимыл-әрекет атаулыға тыйым салады, тәртіп бұзғандарды жазалайды.
Демократияның алуан-түрілік теориясы саясат ісіне барлық азамат
тікелей қатысу ойынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс беруге ғана
қатысады. Өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни
азамат саяси барысының басты тұлғасы болудан қалады. Өйткені бұл қисын
саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде ғана
емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды.
Сонымен осы көзқарасты жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясат
серкесі-жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл ой-түйін
дарашылық және ұжымдық байламдар арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа көп деген
мүдделер туындайтыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар төбе
көрсетеді. Қандай адамда осындай белгілі бір топтың(отбасылық, этникалық,
мамандық, діни аймақтық және т.с.с.) өнімі болып табылады. Ол сол топта
тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны
қорғауға мүмкіндік ашады.
Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық
азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси
шешімдерге өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған - Артур Бентли (1870-
1957) ол үлкен мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси іске әртүрлі
топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке
либерализм сияқты "түнгі күзетші" ретінде емес, топтың мүдделер күресіне
бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде
қарайды.
Демократияның алуан түрілік теориясының тағы бір ерекшелігі-биліктің
араласуы, сіңуді (диффузиялануы) яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы,
бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен
конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип)
саяси жарысқа қатысушы түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбетоп (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген
нысанға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар,
саяси шешімдерді аз ғана санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың
айтуынша, саяси қаракетке таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы
күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүддесін қорғап, саяси
шешім қабылдауды, кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері,
сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман
ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра
демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбетоптар өзара күресе
білсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің
жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.
Жоғарыда аталған тұжырымдардан басқа, демократияның марксистік
байламы бар. Ол Руссоның ұжымдық қисынына ұқсас. Бірақ, Марксистер
демократиялық таптың мәніне баса көңіл береді. Францияның саясатшысы
М.Рокар "ақпараттық демократия" деген тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша қазіргі демократия сайланған адамдар ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат-билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.
Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық
демократия деп атады.
Демократияны: 1.тура
2.плебесцитарлық
3.өкілдік демократия деп бөледі.
1.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік
жүргізуге тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан
шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын
арттырады. Халықтық белсенділігін дамытып тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне,
танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын, бақылаудың
ықпалдылығын қамтамасыз етеді; билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды;
басқарушы төбетоптың халықтан алшақтауына мүмкіндіктердің бюрократтауына
жібермейді.
Тура демократияға референдум ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz