ҚР-ның ұлттық банк мекемесіндегі корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысу



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ БАНК, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНК МЕКЕМЕСІНДЕГІ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТТАРЫ АРҚЫЛЫ БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Банкаралық ақша аудару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Банктегі есеп пәні бойынша

Тақырыбы: ҚР-ның Ұлттық банк мекемесіндегі корреспонденттік шот
арқылы банкаралық есеп айырысу

Орындаған: күндізгі оқу
бөлімінің оқушысы
Бакин Н.Б
Тобы БД-
31қ
.
Тексерген:оқытушы
Балаубекова Э.А.

Қарағанды-2009
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ БАНК, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ,
МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН
ПАЙДАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару
органдары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНК МЕКЕМЕСІНДЕГІ
КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТТАРЫ АРҚЫЛЫ БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Банкаралық ақша аудару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .23

Кіріспе

Менің курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты - пайда табу емес, ақша-несие саясатын
жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады және де
мемлекеттің Ұлттық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк
жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі. Ұлттық банк мемлекет берген
эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру
саясатын, тауар-ақшы тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Орталық банктер бүкіл
елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара
отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы
болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен
өкілеттіліктермен анықталады. Ұлттық банк елдің эмиссиялық, резервтік және
кассалық орталығы сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие
банктердің банкі, соңғы сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-
несиелік және валюталық саясатты анықтайды. Ұлттық банк тарапынан ақша-
несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың
әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында
ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-
епозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша
айналымының құрылымын басқару арқылы реттейді. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне қосымша міндеттер жүктеледі:
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру; ақша – несие және банк жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу; банктік және басқа несиелік
мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына
бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін
қорғау. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық
банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі
Қазақстан Республиканың Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке
өзгертілді және банктердің банкі болды. Тәжірибе жүзінде кассалық
резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық
айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің
кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет
жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және
қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде
шоғырланады. Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы
төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық
несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына
келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие
құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын
көздемейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті –
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиялық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссилауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге
болып табылады.

I БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ БАНК, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ
БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ.

1. Ұлттық банктің құрлымы мен басқару органдары

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Заңның 9-бабына
сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд, теңге көлеміне мына қаражаттар
есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен
алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының калыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен
болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам ;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады. Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады.
Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым
қаражаты – банкіге тиеселі басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық
көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға
байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды
жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға
жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай
шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен
монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғалық, резервтік
және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке
аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен
төлемдерден босатылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі
міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін
ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк
несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау. Ұлттық банкі жұмысының
негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстардың және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық
нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастырды;
- банк ісін лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің
формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б;
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктермен тартылған және келісім шарт негізінде Ұлттық банкіге
орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма, директорат, бас
аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдылық бөлімшелері бар.Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 1 –
сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк
төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан
тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент
пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі
Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
- мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды.
- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді.
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді.
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді.
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді.
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады.
- Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және
Ұлттық банк депортаменттернінің директорларын тағайындайды.
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық банкінің басқару құрылымы. Басқарма мәжілісі қажет кездерде
немесе айына бір рет өткізіледі. Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк
төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі. Ұлттық
банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен алты жылға
сайланады. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз
мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа
ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк
қызметі бойынша шұғыл және атқарушы – бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық
банк атынан келісім – шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға
берілген өкілеттер кірмейді. Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар
кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін
жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және диреторлар кеңесі мүшелеріне жеке
өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның
қызметін орынбасарларының бірі атқарады. Ұлттық банк төрағасы Президентке
екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол
Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы
Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай
алады. Ұлттық банктің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі
(директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады. Директорат,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес Ұлттық
банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барық
мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Директорат құрамына – төраға, оның
орынбасарлары және депортамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық
аппаратарында келесідей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша
несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық –
кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және
бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу
жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң депортаменттері және
дербес басқармалар бар. Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті
жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге
асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан
қызмет етеді.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен
операциялары

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады.
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады.
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді.
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия
береді.
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін
өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді.
- Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші
болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді.
- Қазақстан Республикасында ресмимөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің дейгейін реттеуді жүргізеді.
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша – несие
реттеуі әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін
өзгертуге құқықтар береді.
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың
мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс
істеуін ұйымдастыруы тиіс.
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы.
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды.
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және
мерзімін бекітеді.
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілермен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және
басқа да щоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу
мақсатында бекіте алады.
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы.
- Қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу
және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен
монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады.
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және
тұрақты түрде жариялайды.
- Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады.
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру
құқыны ие.
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады. Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландыратын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.

II БӨЛІМ. БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕЛЕРІ

2.1 Жалпы шолу

Қазақстанда банкаралық төлемдер мынадай жүйелер арқылы жүргізіледі:
• Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ);
• Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ);
• Бұл жүйелер Қазақстан Республикасында ақша аударымдары мен
төлемдерін жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады.
Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығының (ҚБЕО) Банкаралық
ақша аудару жүйесі 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын ол Ірі
төлемдер жүйесі деп аталған жəне оның жұмыс істеу тəртібі
бастапқыда ҚБЕО-ның ірі төлемдер жүйесінде есеп айырысуды жүргізу
ережесінде белгіленген болатын. Содан соң, ІТЖ БААЖ болып қайта
құрылғаннан кейін жүйенің жұмыс істеу тəртібі Банкаралық ақша
аудару жүйесіндегі ақша аударымдары ережесінде белгіленді. БААЖ-
дың мақсаты Қазақстан Ұлттық Банкінде БААЖ-ды пайдаланушылардың
шоттарындағы сомалар шегінде пайдалана отырып, бір операциялық күн
ішінде есеп айырысу кепілдігімен ұлттық валютадағы тұрақты жəне
шартсыз төлемдерді орындаудан тұрады.
2002 жылыдың аяғында БААЖ-ды пайдаланушылар саны 72 болды, оның ішінде
38 екінші деңгейдегі банктер, 17 облыстық Қазынашылық басқармалары,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан-Банк (ҚҰБ -нің МОД),
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, басқа да банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар.
БААЖ арқылы кредиттік сияқты дебеттік аударымдар да жүзеге асырылады.
Жүйеде хабарламалар беру жəне қабылдау Ұлттық Банк белгілеген форматтарға
сəйкес электрондық тəсілдермен жүзеге асырылады.
БТЖ – ұсақ төлемдерге арналған көпжақты клирингтік жүйе. БТЖ-нің
ерекшелігі сол, төлемдер жеке өңделмейді. Төлем тапсырмалары бір
операциялық күн ішінде ҚБЕО-ға жіберіледі.
Операциялық күннің аяғында келіп түскен жəне жіберілген төлемдерге
сəйкес көпжақты өзара есеп айырысу қорытындылары бойынша таза позицияларды
есептеу жүргізіледі. Таза позицияларды есептеу БААЖ арқылы жүзеге
асырылады. Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның жанындағы клиринг палатасы
қатысушылардың өтімділікті басқаруына жəне төлемдердің үстеме ағындарын
барынша пайдалануға мүмкіндік беретін американдық автоматтандырылған
клиринг палатасының үлгісінде жұмыс істейді.
1999 жылғы тамызға дейін БТЖ-ға ҚҰБ жанындағы клиринг палаталарының
жəне аз ғана сомаға банкаралық төлемдерді жүзеге асыратын ҚБЕО-ның
жанындағы Алматы клиринг палатасының желісін қосты. Клиринг палаталарында
тəуекелдерді басқарудың түрлі əдістері пайдаланылды, атап айтқанда,
дебеттік жəне кредиттік шектеулер, кезектер жүйесі пайдаланылды. ҚҰБ-нің
облыстық филиалдарындағы клиринг палаталарының жабылуына байланысты 1999
жылғы 1 тамыздан бастап жүйенің мұндай функциялары Алматы клиринг
палатасына жəне жеке клиринг палаталарына (Солтүстік Қазақстан облысындағы
Тимей ҚӨК ЖШС) берілді. 2002 жылдың аяғында ҚБЕО-ның клиринг палатасының
пайдаланушылары 50, оның ішінде 27 екінші деңгейдегі банктер, 17
Қазынашылықтың облыстық басқармалары, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан банк (ҚҰБ-нің МОД), Мемлекеттік
зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Қазпочта ААҚ жəне басқа банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бар. Сонымен
бірге Тимей ҚӨК ЖШС-нің қатысушылары екінші деңгейдегі банктердің үш
филиалы, бір облыстық қазынашылық басқарма жəне Тимей ҚӨК ЖШС-нің өзі
болып табылады.
Қазақстанда чектермен операциялар клирингі бойынша қандай да бір жүйе
жоқ. Банктер чектер бойынша есеп айырысуды өзара корреспонденттік шоттар
арқылы жүзеге асырады.

2.2 Банкаралық ақша аудару жүйесі

Республика төлем жүйесінің даму кезеңдерінің бірі 2002 жылғы
желтоқсанда ҚБЕО негізінде нақты уақыт режимінде (RTGS - нақты уақыт
режимінде жалпы есеп айырысу жүйесі) жалпы есеп айырысуды жүзеге асыратын
банкаралық ақша аудару жүйесінің (БААЖ) құрылуы болды.
БААЖ-дың мақсаты БААЖ-ды пайдаланушылардың Ұлттық Банктегі шоттарындағы
ақшаны пайдалана отырып, сол сома шегінде бір операциялық күн ішінде есеп
айырысу кепілдігімен ұлттық валютадағы тұрақты жəне шартсыз төлемдерді
орындау болып табылады.
1996 жылдың аяғынан бастап жүйе ІТЖ ретінде (ірі төлемдер жүйесі) жұмыс
істей бастады. ІТЖ-де ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жүйе
қатысушыларының корреспонденттік шоттары пайдаланылды. 2000 жылғы
желтоқсаннан бастап жүйе БААЖ (банкаралық ақша аударымдар жүйесі) болып
қайта құрылды. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмасы
негізінде оның корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сома шегінде
жүйесінің арнайы шотына ақша аударуды жүзеге асырады. есеп айырысу əрбір
пайдаланушы шотының жүйесіндегі өтімділік пайдаланыла отырып бір күн ішінде
түпкілікті жүргізіледі. ҚРҰБ операциялық күннің аяғында пайдаланушының жүйе
шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына позиция сальдосы сомасында
ақша аударады. Осы тұрғыдан алғанда БААЖ-ды алдын ала төлем жасайтын жүйе
ретінде сипаттауға болады. Корреспонденттік шоттан айырмашылығы - БААЖ
шотындағы қаражатты ҚРҰБ оқшаулай алмайды.
2.2.1 Жұмыс істеу ережесі
Жүйені ұйымдастырудың жəне жұмыс істеуінің құқықтық негізін
пайдаланушылар мен Ұлттық Банк, Ұлттық Банк пен Орталық, пайдаланушылар мен
Орталық арасында жасалатын шарттар, сондай-ақ Банкаралық ақша аударымдар
жүйесіндегі ақша аударымдар ережесі қамтамасыз етеді.
2.2.2 Жүйенің қатысушылары
2002 жылдың аяғында жүйеге 72 пайдаланушы енгізілген жəне жұмыс
істейді. Жүйенің пайдаланушылары: Ұлттық Банк, Қаржы министрлігінің
Қазынашылығы жəне оның филиалдары, Қазақстан қор биржасы, Қазпочта ААҚ,
Бағалы қағаздар депозитарийі, бағалы қағаздар рыногына қатысушылар, МЗТО
(Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық), екінші деңгейдегі банктер,
облыстық клиринг палаталары.
Мамандандырылған терминалдарды пайдалана отырып, қатысушылар төлем
тапсырмаларын тікелей жүйеге жібереді. Төлем тапсырмалары БААЖ-ға
электрондық түрде жіберілуге тиіс.
SWIFT пайдаланыла отырып ҚБЕО белгілеген МТ100 жəне МТ102 сияқты
форматтарда жіберіледі. ҚБЕО төлем жүйелерін пайдаланушыларға байланыс
арналарының барлық түрлерін: коммутацияланатын, бөлек, Интернет, Х.25,
DialNet желілерін ұсынады жəне арналарды пайдаланушылардың өздері таңдайды.
Мұнда ҚРҰБ, ҚБЕО жəне басқа жүйені пайдаланушылар арасында
жауапкершілікті бөлуге тура келеді. Мұндайда ҚРҰБ операциялық күннің
соңында БААЖ-дағы пайдаланушылардың нетто есеп айырысуының ҚРҰБ
бухгалтерлік кітабында көрсетілуіне жауап береді. ҚБЕО жүйені
пайдаланушылардан қабылданған төлемдердің өңделуіне жəне бір пайдаанушыдан
екіншісіне ақша аударуға жауап береді. Пайдаланушылар электрондық төлем
құжаттарының дұрыс толтырылуына жəне шынайлығына жауап береді.
БААЖ құрылымы
2.2.3 Трансакциялардың түрлері
БААЖ арқылы кредиттік жəне дебеттік аударымдар жүзеге асырылады.
Дебеттік аударымдар пайдаланушы-төлемшінің алдын ала келісімімен ғана жəне
жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімнің көшірмесі
пайдаланушының ҚБЕО-мен жасаған шартына қоса берілуге тиіс.
Бас банк пен оның филиалы арасындағы аударымдарға қатысты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген негіздерде
дебеттік аударымдар төлемшінің келісімінсіз орындалады. БААЖ-да төлем
сомасына қандай да бір лимиттер болмайды. БААЖ негізінен банкаралық ақша
рыногына, шетел валютасымен жəне бағалы қағаздармен операцияларға
байланысты ірі төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
БААЖ бағалы қағаздармен операциялар бойынша DVP принципін жүзеге
асыруға арналған Бағалы Қағаздардың Орталық Депозитарийінің есеп айырысу
агенті ретінде жұмыс істейді (4.3- тарауды қараңыз).
2.2.4 Жүйенің жұмыс істеуі
Операциялық күн басталар алдында кестеде белгіленген мерзімде жүйедегі
тəуекелдерді басқару үшін Ұлттық Банк пайдаланушының төлем тапсырмасы
негізінде оның Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотынан ондағы қалдық
сома шегінде Ұлттық Банктің арнайы шотына (жүйе шотына) ақша аударуды
жүзеге асырады. Жүйенің шоты жүйедегі ақша аударымдарын орындау кезеңінде
пайдаланушылардың ақшасын есепке алу үшін, сондай-ақ пайдаланушылардың
корреспонденттік шоттарына жүйенің операциялық күнінде олардың арасындағы
позициялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы туралы
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Банкаралық есеп айырысу есебі
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Пәндер