Үржар өңіріндегі Тарбағатай тауларындағы өсімдіктердің түрлік құрамы, оларды мектеп курсында қолдану


Тақырыбы:
Үржар өңіріндегі Тарбағатай тауларындағы өсімдіктердің түрлік құрамы, оларды мектеп курсында қолдану
Видовой состав растений гор Тарбагатая Урджарского района, использование в школьном курсе биологии
Орындаған: Оразалина Г
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. 1 Тарбағатай тауының зерттелуіне әдеби шолу . . .
І. Негізгі бөлім . . .
1. 1 Тарбағатай тауының орналасуы (климаты, топырағы) . . .
1. 2 Мемлекеттік ұлттық табиғи парк . . .
1. 3 Өсімдіктерінің түрлік құрамы және оларды мектеп бағдарламасында пайдалану . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты:
- Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, тауда өсетін өсімдіктердің түрлік құрамын анықтау
- Анықталған өсімдіктерді мектеп бағдарламасында пайдалану
1. 1 Тарбағатай жотасының зерттелуіне әдеби шолу
Тарбағатайға алғаш барған ботаник И. Сиверс болды. 1793 жылы ол Қалба жотасынан Аягөз (Тарбағатай) өзенінің үстіңгі ағысына өтіп, оңтүстік беткейге, Үржар өзенінің аңғарына түсіп, кейіннен дәл осы жолмен кері қайтқан. И. Сиверстің дәрілік өсімдік ретіндегі рауғаштың жергілікті түрін және оның өсіп-өну жағдайларын зерттеуге арнайы тапсырмасы болған еді. Өз міндетін, тапсырмасын орындаудан өзге, И. Сиверс жол бойы жүрген жерлерінде өсімдіктерді жинап отырды. Оның саяхаттары ботаника тұрғысынан бұрын белгісіз болып келген жер туралы алғашқы мәліметтер бергендігімен бағалы, құнды болып табылады. Ол алғаш болып Тарбағатайда орманның жоқ екендігін көрсеткен.
1849-1851 жылдары Семей облысының шығыс бөлігін А. Влангали зерттеді, бұл ретте ол Тарбағатайға да соға кетті. Негізінен оның зерттеулері геологиялық сипатта болды, әйткенмен де өзінің «1849-1851 жылдары Қырғыз даласының шығыс бөлігіне геогностикалық саяхаттар» атты еңбегінде автор өлкенің өсімдік жамылғысына жиі тоқталып, 1851 жылы И. Татаринов жинаған өсімдіктердің тізімін келтіреді. Бұл тізімде жиналған жерлері көрсетілген өсімдіктердің 122 түрі бар.
Тарбағатайдың батыс бөлігінде 1857 жылы П. П. Семенов аяқ басын тіреді. Жетісуға барар жолында ол Үржардан Зайсанға Қарабұлақ өзені бойынша, Әлет асуы арқылы саяхат жасап, кейініректе К. В. Регель мен А. Гербер өңдеген өсімдіктер коллекциясын жинап алып кетті.
1864 жылы Тарбағатайды К. Струве мен Т. Н. Потанин зерттеді. Олар жотаның оңтүстік және солтүстік беткейлерінде болып қайтты. Олардың саяхаттарының нәтижелері «1864 жылы жазда Шығыс Тарбағатай бойынша жол жүру» жұмысында жарияланды. Бұл еңбектерінде ғалымдар Тарбағатайдың өсімдіктерін суреттеп, оңтүстік және солтүстік беткейлердегі флораның өзгеше екендігін атап көрсетеді, солтүстік беткейдің үлкен құрғақтығын, оңтүстік беткеймен салыстырғандағы қандай да болмасын ағаш өсімдіктерінің жоқтығын және ондағы бұталардың аз мөлшерін атап өтеді. Еңбекке өсімдіктердің 70-ке жуық түрі қазақша, қырғызша атауы тізімге енгізілген.
1876 жылы Шығыс Қазақстанда сапармен М. В. Певцов болды. Ол Зайсаннан Маңырақты арқылы Қытайға бара жатқан жолында Шілікті аңғарында және Шоған-Оба шатқалында болды. Осы сапарының нәтижесінде ғалым «Жоңғарияның жол очерктері» атты еңбегін жазды (1879 жылы басылып шықты), онда Тарбағатайдың өсімдік әлеміне де өте қысқаша тоқтала кетеді.
Дәл сол жылы (1876 жылы) А. Брэмның зоологиялық экспедициясына өсімдіктер жинау мақсатымен Вальдбург-Цейль қатысты. Семейден Жетысу облысына барар сапарында олар Тарбағатайға соға кетті. Олар жинаған гербарийді Н. Курц өңдеді.
1904 жылы Тарбағатайда В. В. Сапожников болды. Шілікті аңғарынан ол Тарбағатайға көтеріліп, Хабар-Асуға дейін жүрді және оңтүстік беткеймен Бахтыға түсті. Осы бағдар жөніндегі мәліметтер В. В. Сапожниковтың «1904 жылы Сәуірге және Жоңғар Алатауына ғылыми іссапар жөніндегі алдын ала есеп беру» деген жұмысында беріледі. Бұл жұмысында бұл автор да жотаның ормансыздығын және оның солтүстік беткейінің үлкен құрғақтығын атап көрсетеді (еңбек 1907 жылы жарық көрген) .
Жетісудан Шекаралық Жоңғарияға бара жатқан жолында Шығыс Тарбағатайда 1908 жылы Б. А. Федченко болып кетті. Чугучак поселкесінен Кузен асуы арқылы ол Шілікті аңғарына өтті. Жол бойы ол өсімдіктер коллекциясын жинап отырды.
1905-1906 жылдары, Зайсан шұңқырын және оны қоршаған тауларды зерттей отырып, Тарбағатайда А. Седельников та болды. Оның «Зайсан көлі» (1909 жылы жарық көрген) жұмысында жотаның флорасы туралы қысқаша мәліметтер бар.
Зайсан уезінде зерттеулер жүргізе отырып, 1914 жылы Тарбағатай жотасын В. В. Сапожников пен Б. К. Шишкин көріп кетті. Олардың бағдарлары жотаның солтүстік беткейі және су айырығы бойынша өтті. Зерттеулердің нәтижелері «Зайсан уезінің өсімдіктері» атты жұмыста (1918 жылы жарық көрген) баяндалған, бұл еңбекте жол бойы кездескен өсімдіктер суреттелген. Жұмыстың соңында Зайсан уезінде жинап алынған өсімдіктердің тізімі келтірілген. Тізімде 1265 түр бар, оның 482-і Тарбағатайда кездескен өсімдіктер түрі болатын.
Семей облысының оңтүстік-шығыс бөлігінің өсімдіктерін зерттей отырып, 1914 жылы Н. В. Шипчинский Тарбағатайдың батыс бөлігін (батыс тау баурайларын) зерттеді. Оның зерттеулерінің нәтижелері «Семей уезінің оңтүстік-шығыс бөлігінің өсімдіктері» деген жұмыста (1916 жылы жарық көрген) баяндалған.
Осы зерттеулермен Тарбағатай жотасын ботаникалық тұрғыдан зерттеудің бірінші кезеңі аяқталды. Ол кезең жотаға ботаниктер мен натуралистердің жол-жөнекей кіре кетуімен, ал олардың негізінен флоралық жинаулармен айналысқанымен және тек осы кезеңнің соңында ғана, флоралық жинаулардан өзге, өсімдіктердің суреттемелерін жүргізгендігімен сиипатталады. Бұл баяндаулар айтарлықтай сызба сипатында ғана болып келген еді.
1914 жылдан бастап 1930 жылға дейін Тарбағатайда ешқандай ботаникалық зерттеулер жүргізілмеді. 1930 жылдан бастап, бірінші кезеңнен айтарлықтай өзгешеленетін, жотаны ботаникалық зерттеу тарихындағы екінші, жаңа кезең басталды. Бұл - көбіне көп Тарбағатайдың мал жайылымдары мен шөп шабындықтарының мал азықтық қасиеттерін зерттеу мақсатында жүргізілген, осы геоботаникалық зерттеулер кезеңі. Осы зерттеулердің барлық дерлік нәтижелері қысқаша ботаникалық есеп берулерге рәсімделген және баспасөзде жарияланбаған. Мысалы, 1930 жылы П. Н. Овчинников Аягөз ауданындағы Мыңбұлақ кеңшарында жайылымдарды зерттеу жүргізді, 1939 жылы Б. А. Быков пен Е. К. Лубенец Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде, Үржар ауданында орналасқан Тасбұлақ кеңшарының жер иеліктерін зерттеді.
1955-1956 жылдары жотаны Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орталық кешенді экспедициясы зерттеді.
1938 жылы Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғам В. С. Корнилованың жетекшілік етуімен экспедиция ұйымдастырды, оның мақсаты дәрілік өсімдіктердің (ащы бадамның, дәрілік түймедақтың, рауғаштың, валериананың және т. б. ) қорларын анықтау және дәрілік өсімдіктерді дайындау мүмкіндіктерін зерттеу болды. Жұмыстар Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде, Үржар ауданында жүргізілді. Жұмыстардың нәтижелері «Қазақ университетінің ғылыми жазбаларында» (1940 жылы) басып шығарылды.
1941 жылы, Балхаш-Алакөл құйылысының өсімдіктерін зерттей отырып, Тарбағатайға Н. А. Плотников келіп кетті. Ол Үржар ауылынан солтүстікке қарай, жотаның оңтүстік беткейінде болып кетті. Өзінің «Балхаш-Алакөл құйылысының жинақтары» атты жұмысында Н. А. Плотников өзі зерттеген учаскінің өсімдік жамылғысына қысқаша сипаттама беріп, Тарбағатайдан кездескен жинақтың жаңа Agrophyrym tarbagataicum түрін сипаттайды.
Аталған жұмыстың авторы жотаны бірнеше жыл бойы сан мәрте зерттеген. Зерттеулер бағдарлық әдіспен, жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінде жүргізілді. Бағдарларды жүргізу кезінде геоботаникалық карта жасалды, фитоценоздардың суреттемесі жасалып, гербарий жиналды. Зерттеулердің нәтижесінде Тарбағатай жотасының геоботаникалық картасы жасалып, фитоценоздардың 1500-ге жуық түріне сипатта жасалды, 4000 мың беттен асатын гербарий жиналды. Осы материалдардың барлығы аталған жұмысты жазуыма арқау болды.
І. Негізгі бөлім
1. 1 Тарбағатай тауының орналасуы (климаты, топырағы)
Тарбағатай жотасы (Тарбаға-тау - яғни, суыр таулары сөзінен шыққан) - таулы, ендік бағытында созылып жатқан, 46-48 0 солтүстік ендігі және 80-84 0 шығыс бойлығы арасында орналасқан сілем. Жотаның өзегі шамамен 47 0 00 / және 47 0 10 / солтүстік ендік бойынша, оның батыс ұшында солтүстікке қарай біршама бұрыла отырып өтеді. Қазақстанның шығыс бөлігінде, Қытай Халық Республикасымен шекарасында орналасқан тау жотасы оңтүстігінде кең ауқымды Балхаш-Алакөл жотасымен Жоңғар Алатауынан бөлінген, ал оңтүстік шығысында - Емел өзенінің аңғарымен Шекаралық Жоңғария жоталарынан (Үрқашар, Барлық және Жайыр) бөлінген. Солтүстік-шығыстан Тарбағатай Сәуір және Маңырақпен бірге оларды Алтайдан бөліп тұрған Зайсан шұңқырымен шектелген, дәл сол уақытта кең Шілікті аңғары мен Қандысу өзенінің аңғары Тарбағатайдың шығыс бөлігінің солтүстік ұшын оның жоталарынан солтүстікке және шығысқа қарай орналасқан Маңырақ және Сәуір жоталарымен шектеп тұр.
Жотаның солтүстік-батыс баурайының анық шекарасы жоқ, ал ұсақ төбелер секілді биік емес таулар жүйесі Қалба жотасымен байланысқан. Тарбағатайдың шығыс ұшы болып Сәуір, Тарбағатай және Семізтай жоталары арасындағы, оларды бөліп тұрған, салыстырмалы түрде кең қырат Баймырза асуы болып табылады. Батысында жота Аягөз өзенінің орта ағыстағы аңғарымен Тарбағатайдың жалғасы іспеттес Шыңғыстау жотасының салаларынан бөлінген.
Хабар-Асу өткелімен Тарбағатай жотасы шартты түрде екі бөлікке - Семей облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Батыс Тарбағатайға және солтүстік баурайы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шеті болып табылатын, ал оңтүстік баурайы Қытай Халық Республикасының шеңберінде орналасқан Шығыс Тарбағатайға бөлінеді.
Жотаның шығыстан батысқа қарай ұзындығы - 360 км, бұл ретте оның кіндік бөлігі 270 км құрайды, 90 км батыс тау баурайларына жатады. Тау баурайларымен және тау асты шлейфтік жазықтықтарымен бірге жотаның ені әр түрлі және оның шығыс бөлігіндегі 6 (10) км-ден орталық бөлігіндегі 150-200 км-ге дейін жетеді, бұл ретте оңтүстік баурайы қысқа, ал солтүстік баурайы ұзақ болып келеді.
Геоморфологиялық жағынан Тарбағатайда негізгі жота (кіндік бөлік), тау баурайы (солтүстік, оңтүстік және батыс) және тау баурайының маңындағы шлейфтік жазықтықтар көзге көрінеді.
Негізгі жота немесе нақ Тарбағатайдың өзі - ені 4 км-ден 24 км-ге дейінгі монолитті, орташа биіктіктегі таулы түзілім. Оның тегістелген үстірт тәріздес су айырығы және асимметриялы беткейлері бар. Тегістелген су айырық бөлігінің ені 100 (200) м-ден 2 (3) км-ге дейін ауытқиды. Жотаның оңтүстік беткейі қысқа, құламалы, үгілмелері бар құзды және терең шатқалдармен қатты тілімделген, ал солтүстік беткейі болса жазық және өзендердің шатқалдарымен әлсіз бөлшектелген, құздар, үгілмелер, тасты беткейлер бұл жерде сирек кездеседі.
Жотаның орташа биіктіктері деп теңіз деңгейінен 2000-2200 м белгілерді есептеуге болады, ең биік жері болып Батыс Тарбағатайдың батыс бөлігінде орналасқан Тастау тауы (теңіз деңгейінен 3100 м) болып табылады, одан барып жота шығысқа және батысқа қарай төмендей береді. Шығыс Тарбағатайдың ең биік нүктесі - теңіз деңгейінен 2800 метрде орналасқан.
Тарбағатайда кейбір жерлерінде орографиялық және гидрологиялық су айырықтарының сәйкес емесі байқалады. Ең үлкен биіктіктер оңтүстікте жатқанда, су айырығы солтүстікке қарай жылжытылған секілді. Мысалы, бұл Батыс Тарбағатайда байқалады, мұнда кейде жотаның негізгі биіктіктері, оңтүстікке қарай ағатын және солтүстікке қарай ағатын өзендердің су айырығынан болған терең де көлденең шатқалдармен бөлінгендіктен, гидрографиялық тұрғыдан оңтүстік беткейге тиесілі болып келеді.
Негізгі су айырығынан және оған қатарлас оңтүстік беткейде екінші оңтүстік жотасы бөлінген. Ол солтүстік жотадан 200-300 метрге төмен, алайда өткір бөлінген, осы жағдай С. В. Обручевке (1932) оны таулы елдің бұрынғы негізгі су айырығы болған деп есептеуге негіз болды.
Солтүстік беткейінде, Хабар-Асу өткелінен шығысқа қарай, негізгі су айырығынан солтүстіктік ең биік нүктесі 2500 м және негізгі су айырығына қатарлас өтетін су айырық сызығы бар Теріс-Айырық жотасы бұтақтанып шығады.
Жотаның негізгі тау баурайымен шекарасы әр түрлі көрініс тапқан. Кей жерлерде негізгі жота мен тау баурайлары арасындағы күрт шекара байқалмайды және жота, олармен тұтасып кеткендей, біртіндеп тау баурайына өтеді. Жотаның оңтүстік беткейінің шығыс бөлігінде және Қарабоға өзенінің шығысына қарайтын солтүстік беткейде осындай болып келеді. . Тарбағатайдың батыс ұшы болса, оңтүстігінен де, солтүстігінен де тау баурайларынан тауаралық аңғарлармен бөлінген. Солтүстік беткейде тауаралық аңғар (абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 1000-1400 м ) Қарабоға өзенінен бастау алып, кейде тарыла, кейде кеңейе отырып, жотаның кіндік бөлігін солтүстікке қарай орналасқан тау баурайларынан бөле отырып, батысқа қарай созылып жатыр.
Жотаның бөктерінде, батыс бөлігінде оңтүстіктен 700-800 метр биіктікте жотаны оңтүстікте орналасқан Қызыл Белдеу биіктігінен бөліп жатқан тауаралық аңғар орналасқан.
Жотаның оңтүстік беткейінің орталық бөлігі оңтүстікке тау баурайларына биіктігі теңіз деңгейінен 500-ден 1500 м-ге дейінгі сатымен түседі, батысында Тарбағатай тау баурайларынан Қаракөл өзенінің тар аңғарымен ғана бөлінеді.
Солтүстік және оңтүстік беткейлердің тау баурайларының негізінен алғанда ұсақ шоқы (кейде тегістелген) түріндегі төбелік рельефі бар, олардың арасынан ұсақ шоқылармен және тауаралық аңғарлармен бөлінген биіктігі төмен таулардың жекелеген массивтері биікке көтеріліп тұр. Солтүстік-батысында Тарбағатайға жоғарғы биіктігі теңіз деңгейінен 1616 м болатын шағын Ақ-Шаулы жотасы жапсарласып жатыр. Ол Тарбағатайдың жалғасы болып табылады және одан тек Қаракөл өзенінің тар аңғарымен ғана бөлініп жатыр. Ақ-Шаулы жотасының солтүстік-батыс жалғасы болып Аягөз өзенінің аңғарымен аяқталатын Берқара таулары (теңіз деңгейінен 920-1000 м) болып табылады.
Жотаның батыс бөлігінде, одан солтүстікке қарай, сонымен бірге Өкпекті (теңіз деңгейінен 2300 м), Байыр (теңіз деңгейінен 1606 м), Желқора (теңіз деңгейінен 1721 м), Жылды Қора (1801 м), Жаман Қызылтас (теңіз деңгейінен 1800 м), Жаманбай-тас (теңіз деңгейінен 1400 м), Ақ Жайлау (теңіз деңгейінен 1400 м) төмен таулы массивтері орналасқан. Солтүстік беткейдің орталық бөлігінде, Базар және Қарабоға өзендерінің өзен аралығында Баспан-Биік төмен таулы массиві көзге түседі (теңіз деңгейінен 1500-1600 м) .
Жиелі-Тау (теңіз деңгейінен 1697 м), Түйе Мойнақ (теңіз деңгейінен 1320 м) және Жағалбайлы (теңіз деңгейінен 1000 м) төмен таулары тау баурайы тегістігіне күрт түсетіндей саты түзе отырып, Тарбағатайдың тау баурайларын солтүстік-шығыстан шектеп жатыр. Бұл төмен таулардың бөлшектенген, бөліктелген рельефі, тік, тасты болып келетін беткейлері бар.
Солтүстік беткейдегі ең ірі тауаралық аңғарлар болып: оңтүстіктен Жағабайлы тауларына жапсарласып жатқан Бұлақ-суық Бұлақ аңғары (теңіз деңгейінен 800-900 м) және Түйе Мойнақ тауларынан оңтүстікке қарай орналасқан аңғар (теңіз деңгейінен 900-1000 м) болып табылады.
Оңтүстік беткейдің тау баурайларының аумақтың көпшілік бөлігінде шоғырлы-төбелі сипаты бар, төбелер мен шоғырлардың кескіндері жұмсақ; батыс (Келді-Мұрат өзенінен батыс бөлігінде) және шығыс (Үш Қатын -Ақ Шоқы өзендерінің өзен аралығында) бөліктерінде олар лесс жамылғысымен жабылған.
Келді-Мұрат өзенінің шығысына қарай оңтүстік беткейдің тау бөктерлерінің айтарлық ұзындықта батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бұрылған үстірт сипаты бар. Солтүстік бөлігінен ол үстірт негізгі жотаның тік құздарымен шектелген, оңтүстігінде тау бөктерінің тегістігіне күрт үзіледі, ал батысында біртіндеп негізгі жотаның беткейлеріне көшеді. Оның бөлшектелуі әлсіз, әрі негізгі ауданын әлсіз шоқыланған су айырық кеңістіктері алып жатыр.
Жотаның оңтүстік беткейінен (1271 м), Арқалық (теңіз деңгейінен 900-1000 м) және Қызыл Белдеу (теңіз деңгейінен 1200 м) салыстырмалы түрде шағын, ұсақ таулы массивтері табылады. Олар қатты бөлшектенген, асимметриялы баурайлары бар - солтүстік баурайлары тегіс, оңтүстік беткейлері тау баурайы тегістігіне үзілетін тік әрі құзды болып келеді.
Оңтүстік беткейдің тау бөктері облысында солтүстікте жатқан орталық тау массивінен және оны қоршаған төмен таулардан күрт сатылармен шектелген екі ірі құйылма көзге түседі. Бұлар Ақ Шоқы мен Талдысу өзендерінің өзен аралығындағы Сазы шатқалы және Қарақытай шұңқыры, бұл ретте соңғысының көпшілік бөлігі Қытай Халық Республикасының шегінде орналасқан. Сазы шатқалы - ұшы оңтүстікке қараған, тең бүйірлі дерлік үшбұрыш пішінді депрессия. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 1000-1200 м. жоғары орналасқан.
Тарбағатай жотасының климаты
Өсімдіктердің тіршілігіне және өсімдік жамылғысының бөлінуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі климат болып табылады. Әрбір таулы елдің климатының жалпы ерекшеліктері оның тұрған орнымен және биіктігімен анықталады; оның алуан түрлі көріністері рельефтің бөлшектенуіне байланысты болып келеді; яғни, ақыр соңында, беткейлердің экспозициясына, абсолюттік биіктігіне және құламалығына, сонымен қатар топырақ және өсімдік жамылғысының ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Басқа да жақын жатқан жоталар - Жоңғар Алатауы мен Алтай секілді - Тарбағатай жотасы мұхит кеңістіктерінен алшақ жатыр және осыған орай құрылықтық климатқа ие. Жотаның салыстырмалы шамалы биіктігі (3100 м) және шөлдердің - солтүстіктен Зайсан, оңтүстіктен Балхаш-Алакөл, ал шығыстан Моңғолия мен Қытай шөл кеңістіктерінің жақындығы Жоңғар Алатауы мен Алтаймен салыстырғанда үлкен құрғақтылығымен ерекшеленетін Тарбағатайдың климатына әсер етпей қоймады. Дәл осыған байланысты Тарбағатайда мұздықтар мен орман жамылғыларының белдігі жоқ.
Тарбағатайдың, әсіресе оның жоғары таулы бөлігінің климатын сипаттау үшін біздің қолымызда жеткілікті мәліметтер жоқ. Қазірде бар метеорологиялық станциялар жүйесі (жотаның оңтүстік беткейінде - Бахты және Үржар станциялары, солтүстік беткейінде - Ақсуат станциясы және жотаның батыс ұшындағы Аягөз станциясы) жотаның кіндік бөлігінен алыста, тау бөктеріндегі жазықтықтарда орналасқан.
Климаттық аудандастыру мәліметтері бойынша (1960), Тарбағатай жотасы бір жыл ішіндегі 5-айлық радиацияның тропиктік типімен және 120 ккал/см 2 жылдық қосынды радиациямен сипатталатын құрғақ дала аймағында орналасқан; мұндағы жылдық радиациялық балансы 26-28 ккал/см 2 тең, ал желтоқсан - 3 ккал/см 2 . Осылайша, қысқы кезеңде радиациялық режим 5 еседен көп мөлшерге азаяды.
Таулы аудандарда радиациялық режим рельеф жағдайларымен тығыз байланысты болғандықтан және әр түрлі экспозициялардағы беткейлерде күрт өзгеретіндіктен, бұл мәліметтер бүкіл теңіз деңгейінен Тарбағатай жотасының радиациялық режимін жеткілікті шамада сипаттай алмайды. Осы айырмашылықтардың сипаты оңтүстік беткейлер әрқашан күн радиациясының ең көп мөлшерін алады деген түсінікпен әрқашан сәйкес келе бермейді. Климаттық аудандастыру мәліметтері бойынша (1960 ж. ), Қазақстанның ендіктерінде жаздың ортасында 15 0 еңістікте барлық бағыттардың беткейлері күн жылуының шамамен бірдей мөлшерін алады. Тек күзде, көктемде және әсіресе қыста оңтүстік беткейлер жағына ұлғая отырып, солтүстік және оңтүстік беткейлер арасындағы алынатын күн радиациясының мөлшеріндегі айырмашылық ең елеулі бола бастайды. Бұрылу 30 0 -тан асқанда, оңтүстікке қарай бұрылған беткейлер бұрылуы азырақ беткейлерге қарағанда жазда тәуліктік күн радиациясының азырақ мөлшерін алады. Қысқы уақытта болса бұрылудың өсуіне қарай оңтүстік беткейлер оларды күннің сәулелендіруінің жақсырақ жағдайында болады және осыған сәйкес солтүстік беткейлерге қарағанда жылудың көбірек мөлшерін алады.
Жазғы уақытта күн жылуының құрғатушылық әсері тік оңтүстік беткейге қарағанда, жазық солтүстік беткейде айтарлықтай болады; ал қыс кезінде болса оңтүстік беткей солтүстік беткейге қарағанда жақсы және жылы етіп қыздырылады; солтүстік беткейде қыстың ортасында тіпті ашық күнде де радиациялық жылу байқалмайды.
Таулы елдер үшін антициклондық жағдайлармен және фендермен тығыз байланысты температуралар инверсиясы тән. Тарбағатай биік емес және температуралық инверсиялардың әсері оның ең биік жерлеріне дейін таралуға тиіс, сондықтан Тарбағатай тауларында салыстырмалы түрде жылы ауа-райы жиі байқалады.
Климатты сипаттау үшін ауаның температурасының, жауын-шашынның, атмосфералық циркуляция және тағы басқалардың айтарлықтай маңызы бар.
Кестенің мәліметтерінен ауаның орташа жылдық температурасының, тіпті жазық жағдайларда да, тек солтүстік және оңтүстік беткейлерде ғана емес, шығыстан батысқа қарай жылжығанда да бірдей емес екендігі көрініп тұр. Мысалға, оңтүстік беткейде ол шығыстағы +6, 0 0 -тан орталық бөліктегі (Үржар станциясы) +4, 9 0 -қа дейін және батыстағы +1, 8 0 -қа дейін өзгереді. Жотаның батыс бөлігінің және солтүстік беткейінің температурасы өзара жақын және оңтүстік беткейге қарағанда 2-3 0 -төмен орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz