Corel Draw-та қарапайым пішіндер, объектілер жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сабақтың тақырыбы:
Corel Draw-та қарапайым пішіндер, объектілер жасау

CorelDraw объект түсінігі
Векторлы форматтағы кез келген бейне көптеген құрама бөліктерден тұрады, олар бір біріне тәуелсіз редактрленеді. Олардың бейне құрылатын басты элементтері объект деп аталады. Объект болып бейне элементтері: түзу, қисық, эллипс, төртбұрыш, көпбұрыш және т.с.с. аталады. Бірнеше объектілердің комбинациясы көмегімен жаңа объект құруға болады. Сонымен қатар, CorelDraw объектілердің тобын бір бүтін объект ретінде топты ары қарай редактрлеу үшін құруға болады
CorelDRAW-да сызықтардың әр түрлі кластарын көрсету үшін объектілердің бірнеше класы қарастырылған. Объектілер жалпы құрылым белгісі бойынша бір класқа біріктіріледі.
Қисық моделі (Модель кривой)
CorelDRAW-да қабылданған сызық моделі негізінде екі түсінік жатыр: торап (узел) және сегмент. Торап деп бейне жазықтығындағы нүкте аталады. Сегмент деп екі айқас торапты біріктіретін сызық бөлігі аталады. Торап пен сегмент бір-бірімен байланысқан: тұйық сызықта қанша торап болса, сонша сегмент бар, ал тұйық емес сызықта - біреуге көп.тораптың үш типін ерекшелейді: тұйықталмаған қисықтың бастапқы торабы, түзусызықты (Line) және қисықсызықты (Curve).

1-сурет. Сызықтың сегменттері мен тораптары

2-суретте көрсетілген тораптың барлық компоненттері экрнада көрсетіледі, бірақ егер бұл торап Форма (Shape) құралы көмегімен алдын ала ерекшеленген болса.

2-сурет. Сызық торабының құралы
Сыну нүктелері
Торап сыну нүктесі деп аталады, бірақ торапта оған жататын екі сегментпен жүргізілген жанама бір түзуде жатпаған жағдайда аталады, ол бұрыш түзеді, оны бұруға болады. Сыну нүктелерінің мысалы 3-суретте келтірілген.

3-сурет. Сыну нүктелері: түзусызықты сегмент, түзусызықты және қисықсызықты сегмент, екіқисықты сегмент қиылысында
Тегістелген тораптар
Егер торап арқылы оның екі сегментімен жүргізілген жанама бір түзуде жатса, торап тегістелген деп аталады. Тегістелген торап мысалы 4-суретте келтірілген.

4-сурет. Тегістелген торап: түзусызықты және қисықсызықты сегмент қисылысында
Екі түзусызықты сегмент қиылысында жатқан торап тегістелген бола алмайды, егер екі сегмент бір түзуде жатса.
Симметриялы торап
Симметриялы деп тегістелген торап аталады, оның бағыттаушы нүктелері өзінен тең алыстатылған. Сыну нүктелері мен тегістелген торапқа қарағанда симметриялы тораптар жиі қолданылмайды. Симметриялы торап мысалы 5-суретте келтірілген.

5-сурет. Симметриялы торап мысалы
Тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтар
Сызықтың шеткі тораптарының саны мен жағдайын қарастыруға негізделген сызықтардың тағы бір классификациясы бар.
Шеткі торап деп оның бір сегментімен ғана айқасқан сызық торабы аталады. Алдыңғы сегменті жоқ сызық торабы бастапқы деп аталады.
Бастапқы торабы бар сызық тұйықталмаған деп аталады. Шеткі тораптары жоқ сызықтар тұйықталған деп аталады.
Тұйықталған торапта бастапқы және шеткі торап ролін бір торап қана орындайды, сондықтан оның алдыңғы және соңғы сегменті бар. Демек, тұйықталған сызықта бастапқы торап жоқ, бірақ экранда Форма құралымен торапты таңдау кезінде құру кезінде сызықтың тұйықталған торабы бастапқы торап сияқты сондай дөңгелек бұрыштары бар ұлғайтылған квадратпен белгіленген. Қосылған сызықтар бұл бірнеше тармақтардан тұратын объектілер, олардың әрбіреуі тұйықталған және тұйықталмаған сызықты көрсетеді. Қосылған объектілер Соединить (Combine) командасымен объектілерді қосу операциясын орындау кезінде туындайды. Қосылған объекттің ерекше белгілері болып бірнеше тораптардың бір объектте ұлғайтылып белгіленген квадраттарының бар болуы табылады. Сонымен қатар, ерекшеленген объектте бірнеше тармақтардың бар болуы туралы мағлұмат Форма құралымен сызықты ерекшелеу кезінде тораптар санынан кейін күй жолында шығарылады. 6-суретте тұйықталған, тұйықталмаған және қосылған сызықтарға мысал келтірілген.

6-сурет. Тұйықталған (сол жақта), тұйықталмаған (ортасында) және қосылған (оң жақта) сызықтарға мысал
CorelDRAW кез келген графикалық объектісі қисыққа түрленуі мүмкін емес. Және керісінше, көптеген күрделі объектілер бір немесе бірнеше сызықтар негізінде құрылады. Сондықтан сызықтың модельдерін және сызықтармен жұмыс істеу қабілетін түсіну бейне құруда маңызды роль ойнайды.
Әртүрлі типтегі сызықтарды құруға мүмкіндік беретін құралдар CorelDRAWда Свободная форма (Кривая) құралының ашылмалы панелінде келтірілген.
Бос форма
Безье
Көркем безендіру
Сынық сызық
Үш нүкте бойынша қисық
Қосу сызығы
Өлшеуіш сызық

7-сурет. Бос форма құралының ашылмалы панелінің батырмалары
Сызықтар мен құралдар
Бос форма құралы тышқанның орналасу траекториясын қисыққа түрлендіреді. Сонымен қатар сызықтың тораптары мен сегменттері Бос форма құралының баптау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Corel draw
Түзу салу құралдары
Corel draw графикалық редакторы
Бағдарламамен қамтамасыздандыруды өңдеу технологиясы
Corel Draw графикалық редактор
CorelDraw 11
Corel Draw - векторлы графикалық редактор
Жұмыс бетінің өлшемі
Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
COREL DRAW ҚҰЖАТЫ
Пәндер