ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНДЕГІ ТУҒАН ЖЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ ЖОБАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА ТАЛДАУ


«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНДЕГІ «ТУҒАН ЖЕР», «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ» ЖОБАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА ТАЛДАУ
Молдағалиева Мөлдір Асқарқызы
Moldir_05. 94@mail. ru
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі - Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы
Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Аңдатпа: Мемлекет пен халық үшін аса маңызды дерек пен айтулы оқиғаны БАҚ таратады. Ел мен жер игілігіне бағытталған шаралар БАҚ арқылы дәріптеліп, нәтижесі көрсетіліп, тиімді жақтары ұсынылады. Сол сияқты Қазақстан халқының үшінші жаңғыруына арналған ҚР Тұңғыш Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы материалдар 2017 жылдан бері газет беттерінен түспей келеді. Не айтылды, қандай нәтижелермен қуантты? Дәл қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобалары бойынша «Егемен Қазақстан» газетіндегі бірқатар материалдарға талдау жасап өтейін.
Кілт сөздер: Рухани жаңғыру, туған жер, Қазақстанның киелі жерлер географиясы, мерзімді басылым, мақала, талдау, жоба, Егемен Қазақстан
Осыдан 3 жыл бұрын жарыққа шыққан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» жобасы елде үлкен резонанс туғызды. Аталмыш бағдарлама бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Бұл қазақ елінің дамуы мен жаңғыруы жолында аса маңызды рөлге ие Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған құжат десек қателеспейміз. Елбасы өз мақаласында дамудың бірнеше бағыттарын айқын көрсетті, бұл жолда не істеу керектігін де айтты, нақты тапсырмалар да берілді. Сол сәттен бастап әрбір жауапты сала өз міндеттері бойынша жұмыс атқарып кетті. Ал осы бағытта бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мерзімді басылымдардың ұсынары не? Бұл сұраққа осы зерттеу жұмысымда жауап беріп көрейін.
Елбасы ұсынған бағдарламалық мақалада ел мен жер дамуының бірнеше бағыты көрсетіліп, түрлі жобалардың тұсауы кесілді. Олардың барлығы тіл, мәдениет, тарих, білім, жер секілді кесек-кесек мәселелерге арналған. Осы уақытқа дейін түрлі басылымдарда айтылған тақырыптардың барлығы бойынша материалдар жазылып, көпшілік талқылауына түсіп үлгерді. Мерзімді басылым беттерінде аталған жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар, оның маңызы, нәтижелері мен тиімділігі жан-жақты жазылып жатыр. Соның ішінде республикалық нөмірі бірінші газет «Егемен Қазақстан» басылымы «Рухани жаңғыру» мәселесіне аса үлкен маңыз қойып, әр санында бір емес, бірнеше мақаладан жариялап отырды. Соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» атты жобаларын жүзеге асыру туралы мақалаларының орны ерекше. Олар Елбасымыз айтпақшы: «Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді» [1] .
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында келтірілген «Туған жер» жобасында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» [1] деп өте тамаша айтылған. Ал осыған байланысты материалдар легі «Егемен Қазақстан» газетінде керемет жазылғанына көз жеткіздік. Солардың бірі 2020 жылғы 30 сәуірде жарық көрген «Гүлдей жайна, кіндік кескен Көктерегім» атты материалды атап өтуге болады. Материалда қызметі өрге дөңгелеген кәсіпкер азаматтың өз туған жеріне көрсеткен көмегі туралы жазылған. Кәсіпкер кіндік қаны тамған мекені Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Көктерек ауылының көркеюі үшін қомақты қаражат бөліп, елді мекенді абаттандыру жұмысына үлкен үлес қосқандығы айтылады. Сондай-ақ, ауыл іргесіндегі киелі жерлерді жөндеу жұмыстарына да белсене қатысып, аймақты барынша гүлдендіруге тырысатыны көрінеді. Иә, Елбасы ұсынған «Туған жер» жобасының көздеген мақсаты да осы, белді қызмет иелері мен кәсіпкерлердің туып өскен жерлеріне өз қаражаты есебінен қандай да болсын көмек көрсетуді, сол арқылы ел мен жерді көркейту. Бұл мінддет те орындалып жатыр. Ал басылым беттері бұл туралы барынша шынайы әрі нақышты ақпарат беріп отыр. Осы сияқты биылғы 17 сәуірде басылып шыққан «Ақмоладағы алғашқы діни нысандар қалай және қашан пайда болды?» деген мақаланы ерекше атап өткен жөн. Себебі бұл материал өскелең ұрпақты туған жер тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізіп, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Ал бұл мақсаттар Елбасы ұсынған бағдарламалық мақаланың «Туған жер» жобасын іске асыру бойынша бірінші орында тұр.
ҚР Тұңғыш Президеті - Елбасы Н. Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» [1] деп атап өтті. Бұл айтлаған ойға байланысты «Егемен Қазақстан» газетінде бірнеше салмақты материалдар жарық көрген. Солардың бірі - басылымның 2020 жылғы 19 қазан айында «Тарих» айдарымен басылған «Бақты туралы біраз» сөз мақаласы. Бұл Орталық Қазақстан өңірі бойынша Арқаның бес қазылығына кіретін Кент қазылығы мен Боқты қазылығының ортасында орналасқан
Қазіргі Бақты ауылына, онда орын алған ірі-ірі тарихи оқиғалар желісіне құрылған өте тағылымды, терең тарихтан сыр шертетін, тың ақпараттар жазылған, көлемді материал. Бір кішкентай ауылға арналған материалдан қазақ жерінің қаншалықты қасиетті, қаншалықты кең, қаншалықты тарихқа толы екендігін байқайсыз. Бұрынғы ұлт зиялылары қоныс тепкен қасиетті мекендердің қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқандығы ашық жазылған, тың деректерге қанығасыз. Автор тақырыпқа өзек болған жеодің тарихын тереңнен қазбалай отырып, қазақ жерінің қасиеті мен көркемдігін де атап өтеді. Сөйтіп қазыналы мекеннің қазіргі жағдайын айтып күрсінеді. Осындай киелі мекендердің қараусыз қалып, жеткілікті деңгейде дәріптелмей жатқандығы, тіпті, онда тіршілік ететін қазіргі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының мәз емес екендігін де ашық жаза білген. Жалпы осы сипаттағы материалдардың оқырман қаымға береі өте көп. Туған жер тарихына қанықтырып, оны қорғау жолында әрекетке бағыттайды. Сол сияқты тағылымды әрі нақты әрекетке бағыттайтын осы жоба аясында жазылған материалдың бірі биылғы жылдың 24 қыркүйегінде «Руханият» айдарымен жарық көрген «Киелі мекен - Ақмешіт» атты жарияланым. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында Қазақстандағы киелі жерлер географиясының картасын жасақтау айтылған еді. Атырауда аталған картаға енген жеті тарихи нысан бар. Оның бесеуі Жылыой ауданының аумағында орналасқан. Соның бірі - Ақмешіт қорымы» [2] деп басталады мақала. Яғни мақалада Жем өзенінің жағасындағы биік төбенің үстінде, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде орналасқан қорым жайлы жазылған. Мақалаға сүйенсек, бұл ел арасында көп айтыла бермейтін, жалпы жұрт жете білмейтін мекен екен. Тек кезінде Үстіртте болған экспедиция мүшелерінің бірі А. Дюгамель өз естеліктерінде жазған сияқты. Сондай-ақ, кезіннде осы қорымда ұлт ағартушылары мен бетке ұстар тұлғаларының өмір сүргендігін келтіріп, тек қазіргі уақытта ғана киелі мекен қорғауға алынып, онымен танысуға бірлі-жарым халық барып тұрады деп келтіреді. Аталмыш мақалада автор Иманқара тауының құпиясы деген шағын тақырыпшамен Жылыой ауданындағы құпиясы көп мекеннің екіншісі - Иманқара-Қойқара кешені туралы да тың деректер жазып өтеді. Жалпы кешеннің археологиялық ерекшеліктері мен жаңалықтары материалдың құндылығын арттыра түседі. Мұнда сол мекеннің қасиеті мен киесіне арқау болған оқиғалар жайлы да сөз болады. Осылай жаза келе автор бұл мекендердің әлі де ашыла қоймаған құпиялары баршылық екенін атап өтеді де, оны ашу болашақ еншісінде және осындай Елбасы ұсынан жобалардың арқасында мұндай киелі жерлер өз дәрежесінде дәріптеледі деген сенім келтіреді. Сол секілді биылғы 9 қыркүейкте «Аймақтар» деген айдармен жарыққа шыққан «Қазыналы Көкшетау, Қасиетті Қараөткел» мақаласы да тың тарихтан сыр шертеді.
Аталмыш мақалада «Абылайхан алаңы», «Кенесары үңгірі», «Баубек батыр кесенесі», «Беспақыр кесенесі», «Ботағай кесенесі» деген тақырыпшалармен аталмыш орындар туралы аса құнды деректер берілген. Материалда жазылған деректерден Көкшетау мен Қараөткелдің арасын жайлаған қалың елдің қазынасы қылаң береді. Тарихи деректерден еліміздің мәйекті мәдениетін, әдемі де ажарлы, мазмұнды да мағыналы әдет-ғұрпын көруге болады. Автордың айтуынша, ескінің есті естелігі арқылы бүгінгі толқынның рухани жаңғырып, кемелденуіне мүмкіндік мол [3] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz