ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ УРАН КЕНОРЫНДАРЫ


ӘОЖ 661. 634
1 Таубаева А. С., 2 Қадірбаева А. А.
1 PhD, аға оқытушы, 2 т. ғ. к, доцент, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ УРАН КЕНОРЫНДАРЫ
Түйін: Мақала Қазақстанның оңтүстігінде өндірілетін уран кенорындары туралы мәлімет келтірілген. Уран табиғатта кең тарлаған элемент. Сонымен қатар уран арзан және жеңіл тасымалданатын шикізат көзі. Оның негізгі минералдары настуран, түйемойын, отенит, карнотит. Уран өндіру Қазақстан Республикасының басым бағыты. Қазақстанда уранды барлау 1940 жылдың ортасында басталып 1951 жылы аяқталған. Уран бәсекеге қабілетті негізгі шикізаттардың бірі. Қазақстанда уранның әлемдік қорының 25% шоғырланған. Қазақстанда барланған уран қоры 1 600 000 құрайды. Осыған орай еліміз уран өндіруден әлемде 2 орынға ие. Қазіргі таңдағы ең ірі уран кенорындары Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Қазақстаннның оңтүстігіндегі уран кенорны екі бөлінеді. Ол Шу-Сарысу провинциясы және Сырдария провиницясы. Уранның Шу-Сарысу провинциясы бойынша үлесі 57, 8%, ал Сырдария кенорнының үлесі 18, 8% құрайды. Қазақстандағы ірі уран кенішінің аймағы Шу-Сарысу провинциясында. Онда 20 кенорын орналасқан.
байланысты Кілт сөздер: Уран, Шу-Сарысу және Сырдария провиницялары, настуран, Уран минералдары.
Кіріспе. Уран бәсекеге қабілетті атом энергиясын өндірудің негізгі шикізаты болып табылады. Сонымен қатар ол аналитикалық химияда, фотографияда, шыны өнеркәсібінде кеңінен қолданысқа ие. Ол шоғырлы энергия көзі- бұл оның басқа отын көздерінен негізгі айырмашылығы болып табылады. Мәселен, 1 кг уран 1 кг көмірге қарағанда 20мың есеге жоғары электр қуатын бөледі. Экономикалық тұрңыдан қарастырғанда оның өзіндік құны тиімді. Мысалы, 1 кВт сағат өндіруге кететін газ 1, 3-2, 3 евроцент тұрса, көмір бойынша ол 4 евроцент шамасында. Ал уран бойынша бұл 0, 4евроцентпен бағаланады[1] .
Уранның жер қыртысындағы орташа мөлшері 2, 5•10 -4 % шамасында. Уранның шоғырлану коэффиценті, оның орташа мөлшері өндірілген кенде 0, 1% болғанда, 400 шамасында. Негізінен құрамында уран бар 100- ге жуық минерал бар[2] . Олардың ішінде өнеркәсіптік мәнге ие және оның аморфты түрлесі - уран кіреукесі . Уран минералдарының барлығы радиобелсенді, сондықтан оның бұл қасиеті геологиялық жұмыстар жүргізгенде, кенді өндіру мен өңдеуде пайдаланылады. Уран минералдары қышқылдығы аз қышқылдарда және сілтілерде оңай ериді. Кенді жер астынан шаймалап өндіру мен гидрометаллургиялық өңдеу уранның осы қасиетіне негізделеді.
Зерттеу алдында бөлімі. Негізгі өнеркәсіптік мәнге ие уранның тотықты кендері, оның ішінде - уран ванадаттары, фосфаттары мен арсенаттары алынады.
Уран ванадаттарына - карнотит, тюямунит, фосфаттарына торбернит, отенит және арсенаттарына цейнерит жатады[3] . Төмендегі бірінші суретте уран минералдары көрсетілген.
K 2 (UO 2 ) 2 (VO 4 ) 2 ·3H 2 O
карнотит минералы
Ca[UO
2
]
2
[VO
4
]
2
x (4 - 10) H
2
O-
тюямунит минералы
Cu[UO 2 ] 2 (PO 4 ) 2 · 10(12-18) H 2 O
торбернит минералы
Ca(UO 2 ) 2 (PO 4 ) 2 ·10-12H 2 O
отенит минералы
1-сурет. Уран минералдары
Шағын кенорындардағы уранның (U
3
O
8
) ең аз мөлшері 0, 1%, ал қоры бойынша ірі кенорындарда - 0, 05% -ға дейін болады. Оңтүстік Қазақстанда уран кеніштерінің орналасқан картасы 2-ші суретте бейнеленген.
2-сурет. Оңтүстік Қазақстандағы уран кеніштерінің кенорындарының орналасу картасы
Қазақстандағы уранның минералдық-шикізат базасы әлемдік қордың 25% шамасын құрайды. Уранның Қазақстандағы жалпы ресурсы 1, 5 млн. тонна деп бағаланған. Олардың ішінде барланған қор мөлшері 470 мың тонна, бұл әлем бойынша алғашқы орындардың бірінде екенін көруге болады[1, 3] .
Қазіргі таңда уран кенорындарының негізгі көздері Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария уранды провинциялар болып табылады. Оның ішіндегі ең ірісі Шу-Сарысу провинциясы. Бұл маңда 20-аса уран кенорындары шоғырланған, олардың ішінде ең ірілері - Инкай, Буденнов, Мыңқұдық, Уанас, Төртқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Ақдала, Жалпақ. Соның ішінде Инкай, Буденнов, Мыңқұдық кенорындары бірегей кен қатарына жатады. Ал Сырдария провинциясындағы кенорындардың аса ірісі - Харасан, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Иіркөл, Заречное болып табылады. Сонымен қатар органогендік-фосфат уранды ірі кенорындар Меловое, Томаң, Тайбағар, Тасмұрын. Эндогендік уран кенорындарына Солтүстік Қазақстандағы уран кенді провинциясын жатқызуға болады: аса ірі Қосаша, ірі Грачев, Заозерное, Маныбай, т. б. ; Шу-Іле-Бетпақдала провинциясында - Бота Бұрым, Қызылсай, Жиделі, т. б.
Инкай кенорны- Түркістан облысы, Созақ ауданы батыс Шу провинциясында орналасқан. Кенорын 1976 жылы ашылған. Кенорныды толық баолау жұмысы 1979-1983 жылдар аралығында жүргізілген. Кеніштің жалпы аумағы 1100км меридияндық созылым бағытында 55км, ал қалыңдығы 7-17км. Бұл жерде 8 кенорын табылылған. Бұл кенорны неоген дәуірінде пайда болған, 350-400м жинақталған жазық пен шөлейт дала аймағында жатыр. Кен орын Қаратаудың оңтүстік батыс бөлігімен шектескен. Инкай кенорыны қышқылданған қабатты аймаққа байланысты гидрогенді кенорнына жатады[1, 3] .
Ақдала кенорны - Түркістан облысы, Созақ ауданы Шу-Сарысу артезиандық ойысы аумағындағы құрылымдық-гидрогеологиялық сұлбасы бойынша Шу-Сарысу бірінші ретті артезиандық шұңқырына кіретін, екінші ретті Сарысу артезиандық әуітінің үшінші ретті тасты артезиандық алабы маңында орналасқан. Ақдала кенорнының аумағы 1:2 картаның ортаңғы бөлігінде орналасқан және ол гидрогенді типті нысандардың топтарына жатады. Бұл кенорын Шмыкент қаласынан 470км жерде. Кенорнынның оңтүстік батысында 45км жерде Қыземшек елді мекені және солтүстік-батысында 15км жерде ПВ-19 уран кеніші бар. Ақдала кенорнын ашылуы Мыңқұдық кенорының тарихымен тыңыз байланысты[1, 3] .
Қанжуған кенорны -Түркістан облысы, Созақ ауданы Шу -Сарысу өңірінің оңтүстік бөлігінде ораласқан. Кенорнының тереңдігі 300м.
Уанас кенорны - Түкістан облысы, Созақ ауданының жазық даласында орналасқан. Уранас кенорнына барлау жұмысы 1962 жылы жүргізілген. 1964 жылы геологиялық зерттеу жұмысы басталып уран кен белдемдері бар екені анықталады. Кенорынды тау кен жұмыстары сияқты жүргізу мүмкін болмаған, қазіргі таңдағыдай ьехнология толық жетілмеген еді. Сондықтан кенорныды игеру 5 жылға шегеріледі. 60-70 жылдардың тоғысқан шағында қайта геологиялық экспидиция жұмыс жасайды. Нәтижесінде үзақ еңбектің арқасында уранды жерасты сілтімен шаймалау арқылы алудың сынақ нәтижесін сәтті ақтайды. Содан соң кенорнын толық зерттеу басталады. Бұл жерде 6т уран бар екені аныталды. 2009 жылдан бастап Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көшбасшы болып келеді. Әлемде уран үлесінің 44% Қазақстанға тиесілі. 2018 жылдан бері уран өндіру бойынша әлемде көшбасшылық позиясын сақтап өнім өндіру бойынша 23% ие[1, 3, 6] .
Уанас кенорнының өндірісі 1977 жылы 16 қарашада ашылған. Бұл күн уран үшін тарихи күн болып саналады.
3-сурет-Уанас кенорны
Қарамұрын кенорны- кен орын ұсақ геологиялық құрылымды иеленеді. Бұл кенорын 1983 жылы ашылған. Кенге араласқан жыныстар жоғары бор шөгінділері болып келеді, оның құрамында екі көкжиек бөлініп шығады, оның бірі ірі кесектелген материалдармен басталып және алевролитті және сазды құмдақты бумалармен аяқталатын шөгінді қорланудың аяқталған ырғағымен көрінеді.
Кен орнындағы кен шөгінділерінің ұзындығы 750 бастап 5 500 м дейін, ені 25-50м ден 300-450м дейін алып жатыр. Олар ауыспалы енді ұзын илекті жолақтар түрінде көрсетілген. Кен денелері табанының жату тереңдігі 300 ден 700 м дейін, ол кен ауданының солтүстігінен оңтүстігіне қарай көтеріледі. Кен денелеріндегі уран құрамы кең аралықта өзгеріп отырады, әдетте жоғары қуаттылық кезінде 0, 08-0, 07% құрайды. Уранды минералдану настурин және коффинит түрінде көрсетілген[4] .
Кен орнындағы кендер құрамы бойынша кешенді болып келеді, себебі уранмен бірге өнеркәсіптік мәнге селен кездеседі. Негізгі қорлар өткізгіш құмдақ және гравийлі-құмды шөгінділермен шоғырланған. Селен - Қарамұрын кен ауданы кен орындарындағы негізгі ілеспелі құрамдас бөлік болып табылад. Олар кеннен көмірқышқыл натрий хлорланған ертінділерімен, хлорланған күкірт-қышқылды ертінділермен және ең тиімдісі натрий сульфиді ертінділерімен бөлініп алынады. Жалпы айтқанда, Қарамұрын кен ауданындағы барлық кен орындары кенденген, өнеркәсіптік игеруге дейін жатқан тереңдігі 600-700 м жерасты күкірт-қышқылды сілтілеу арқылы уранды шығаруға тиімді[5] .
Харасан кенорны- Қарамұрын кен аймағынан оңтүстікке қарай 40-45 км орналасқан. Ол да гидрогенді кен орындар қатарына жатады. Кен орындағы кен араласқан жыныстар жоғары бор сұр түсті құмдары болып табылады. 10 кен шөгінділері анықталған. Олардың жоспардағы ені 100 ден 500м дейін, ұзындығы 3 ден 10 км дейін. Кеннің қуаттылығы 0, 6-12, 0 м. Кен орындарындағы минералдардың жату тереңдігі 600-750 м. Уран спутниктер элементтерінен нақты бір қызығушылық тудыратын кендер құрамы: селен - 0, 053-0, 075%, рений - 0, 09-0, 15 г/т, скандий - 2, 5-3 г/т, сирек жерлер сумасы - 56-76 г/т, иттрий 13-15 г/т, ванадий бес тотығы 150-174 г/т[5, 6] .
Қарамұрын кен орнына қарағанда Харасан кен орны үшін кен денелерінің тереңде жатуы және кеннің күрделі кешенді құрамы сипатты болып келеді.
Ашылған кен орындарынан басқа, облыста Сырдария провинциясында жоғары перспективті алаңдар анықталған. Оларға барлау-бағалау жұмыстарын жүргізу қажет. Мұндай кенорныдарға ұзақтығы 90 км болатын Солтүстік Қарамұрын кен орындарының оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына қарай орналасқан аймақ жатады. Екінші перспективті алаңға, палеозойлық негіздер шығысында параллель орналасқан Аққұм кенорын жатқызуға болады. Бұл алаңда, масштабы бойынша, палеогенді және мүмкін борлы шөгінділерден тұратын орташа және ірі қор болуы мүмкін.
Ілеспе элемент ретінде, уран Баласаусқандық және Құрұмсақ кен орындарында ванадийлі тақтатаста кездеседі. Бірақ оның құрамы 0, 01-0, 02% мөлшерден аспайды. Қорлар мемлекеттік балансқа қабылданбаған. Баласаусқандық кен орнындағы уран қоры 350т құрайды. Жалпы Оңтүстік Қазақстанла кездесетін уран қорлары төмендегі 1-ші кестеде келтірілген[1, 5] .
1-кесте- Оңтүстік Қазақстанла кездесетін уран қорлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz