Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым


Біріккен Ұлттар Ұйымы - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. [1]
Бас кеңсесі орналасуы - Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Көзі қарақты көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ. [
Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
- бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
- халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
- осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
БҰҰ -ның қызметі. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 190-нан астам мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып табылады.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады. «Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.
Алайда, 1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.
Бұл мақсат еліміздің аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің дамуын көздейтін ұйымдарға мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы, Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.
БҰҰ-ның құрылымы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz