Өндірістің түрлері және оның ерекшеліктері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Тамақтану өнімдерінің технологиясы кафедрасы

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикасы пәні бойынша
3-СОӨЖ Тақырыбы: Өндірістің түрлері және оның ерекшеліктері.

Орындаған: ТОП 17-11 тобының
студенті
Пашар.Р
Қабылдаған: Абуталипова Ж.А.

Алматы 2020

I. Өндірістің түрлеріне, құрылымына толық түсінік беру

II. Өндіріс құрылымның мәні мен мазмұны

III. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

IV. Жеке дара, сериялы және жаппай өндірістердің мәні (нақты кәсіпорын мысал негізінде)

V. Өндірістің негізгі ерекшеліктері,артықшылықтары

I. Өндірістің түрлеріне, құрылымына толық түсінік беру

Өндіріс - қоғамның өмі сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми-техникалық процесстің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым - қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірісіке байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.

Кәсіпорының негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 түрі болады:

негізгі;

көмекші;

қосалқы және т.б.

Негізгі цехтарда- сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға - құрал - жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға - қайта өңдеу цехтары, шығарылғагн өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, таысмалдау, түсіру).

II. Өндіріс құрылымның мәні мен мазмұны

Өндірістің мазмұны еңбек қатынастарымен анықталатын негізгі үш элементтен тұрады:
- ұтымды жұмыс немесе еңбектің орындалуы;
- адамның ұтымды жұмысына қажетті еңбек заттарының болуы;
- еңбек заттарын өзгертуге қажетті еңбек құралдарының қатысуы.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар.

Заттай.

Технологиялық.

Аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәспорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымының көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процесстің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің түрлері және оның ерекшеліктері
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Нарық жағдайында өндірісті ғылыми-техникалық дайындаудың мазмұны мен міндеті
Кәсіпорынның өндірістік құрамы
Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
Өндіріс және өндірістік құрылымы
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Пәндер