БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Молдажан Ұ. БОПӘ-41 топ студенті Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қаласы

e-mail: moldajanova_u@mail. ru

Кененбаева М. педагогика ғылымдарының кандидаты

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Аннотация: мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары қарастырылған. Сонымен қатар оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасын арттырудың бірнеше тәсілдері көрсетілген. Мақала бойынша танымдық белсенділікті арттыру жайлы жазылған көптеген ғалымдардың еңбектері пайдаланылды

Аннотация: В статье рассмотрены способы повышения познавательной активности младших школьников. Есть также несколько способов повысить мотивацию студентов к обучению. В статье использованы работы многих ученых, написавших о повышении познавательной активности.

Resume: The article discusses ways to increase the cognitive activity of younger students. There are also several ways to increase student motivation to learn. The article uses the work of many scientists who wrote about increasing cognitive activity.

Кілтті сөздер: « танымдық қызығушылық», «белсенділік», «білім беру», «оқыту», «арттыру».

Ключевые слова: «познавательный интерес», «активность», «обучение», «обучение», «повышение».

Key words: "cognitive interest", "activity", "learning", "learning", "promotion".

Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: « Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.

Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында » - деп атап көрсеткен болатын[1] .

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс - әрекет ретінде қарастырады.

Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта -ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет[2] .

Оқушының белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек жəне моральдік белсенділік дəрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімінің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс - əрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ф. Энгельстің айтуынша, «белсенділік - тіршілік иесінің бəріне тəн өз бетімен жауап қайтару қабілеті». Тіршілік жəне іс - əрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным жəне өзін - өзі тəрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес басқа адамдар мен қарым - қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың əрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.

Адамзаттың қоғамдық тəжірибесін меңгеруге баланың əрекеті мен мінез - қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс оқыту деп аталады. Оқыту белсенділігі жағдайлары дидактиктер - В. Ф. Шмаргун, Л. П. Аристова, Н. А. Плотникова, Р. А. Низамовтың еңбектерінде түрлі - түрлі бағытта түсіндіріледі[2] .

Оқушылардың белсенді танымды іс - әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән:

•Оқу - танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;

•Оқу - танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты;

•Оқу - танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.

Сондай - ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші фактормен анықталады:

•Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

•Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;

•Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;

•Бірте - бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б. [3] .

Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар:

Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсіну керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек. Мұғалім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді пайдалануы керек[4] .

Мысалы біз практика кезінде зеерттеу жұмысымызда мынандай тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыруға тырыстық.

Тіл дамыту сабақтары мен математика пәнін кіріктіріп оқытуда 1 сыныпта мынандай ойындарды ойнату оқушының таным белсенділігін арттыратынын зерттеп, көз жеткіздік. Мысалы: «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы: «Жайлау» тақырыбына байланысты» «Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында уақыт ұғымын қалыптастыруда сұрақ - жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

Суретте қай жыл мезгілін көріп отырсыңдар кім әңгімелеп береді?

Бір жылда неше ай бар?

- Қандай жыл мезгілдерін білесің?

- Жайлау табиғаты қандай? т. б.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты - мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, күз қай жыл мезгілінен кейін келеді? Күзден бұрын қандай жыл мезгілі?

Оқушылар топ бойынша: 1 - топ - күз ерекшеліктерін, 2 - топ - күздегі еңбек, 3 - топ - табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.

Оқушының математика сабағында таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын да ескердік.
Шығармашылық: іс - әрекет, зейін, есте сақтауы, интеллекттісі, ойлауы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Таңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:

- Жылдың бірінші айын ата.

- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Құлақ адамға не үшін керек?

- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?

- Тақта қандай геометриялық фигура?

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады. Сонымен қатар математика сабағында:

- Балаларға ойдан математикалық ертегі құрастыруға тапсырмалар беру.

-Геометриялық фигуралардан суреттер құрастыру.
- Қиялдау арқылы сурет салғызу.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар күрделеніп беріледі. Сабақта қызықты жаттығулар, логикалық есептер мен тапсырмаларды тиімді пайдаланудың пайдасы зор. Мысалы:

  1. Қосарланып жегілген екі ат бір сағатта 12км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді? (12км)
  2. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар.
  3. Тауық пен қой нешеу? (2 қой, 3 тауық) .
  4. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар 5 - еу, біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (біреуі қалады, қалғаны ұшып кетеді)

Оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін - өзі бағалау болып табылады. Сондықтан да оларды осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылады. Сабақта өзін- өзі бақылау мен өзін - өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет[5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері жайлы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызуғышылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz