Педагогикалық менеджмент қазіргі мектепті басқару құралы ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚAЗAҚCТAН PECПYБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI ИННOВAЦИЯЛЫҚ EYPAЗИЯ YНИВEPCИТEТI

Кypcтық жұмыc

Тaқыpыбы: Педагогикалық менеджмент қазіргі мектепті басқару құралы ретінде

Opындaғaн: ТАБУЛДИНА. Ж. Т

2021 жыл

Мaзмұны

  1. Педагогикалық менеджмент
  2. Педагогикалық менеджмент әдістемесі
  3. Педагогикалық менеджмент ақпараттық қамтамасыз ету
  4. Қорытынды

Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды.

Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесіндегі оқу - тәрбиелік, танымдық және өздігінен білім алу процесін тиімді басқару жолы мен әдістемелік технологиясы болып табылады. Педагогикалық менеджмент оқу - тәрбие үрдісі мен білім берудің тиімді кешені. Педагогикалық менеджментті қазіргі білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енгізу қазіргі таңдағы қазақстандық білім беру жүйесінің реформаландыру жағдайында, білім жүйесін демократияландыру негізінде білім беру мекемелері бірүлгіліктен арылып, халыққа көп нұсқалы білім қызметін ұсынып, инновациялық үдерістерге қатысып жатқанда басқаруды лайықты түрде жүзеге асыру қажеттілігінен туындап отыр. Алайда басқару объектісінің - мектептің, мектепке дейінгі мекеменің мұндай өзгерісі - басқару субъектісінің де өзгеруін қажет етеді.

Білімді басқарудың түбегейлі жаңғыртылуы басшылар әрекетінің де жаңаруын да талап етеді. Мектептің пайда бола бастаған құқықтары мен дербестендірілген, бәсекеге қабілетті саясат жүргізе білу қажеттілігі жасалған таңдау үшін жауапкершіліктің жоғарылауына да тікелей байланысты. Білім беруді басқарудың көпдеңгейлі жүйесінде басты әрекетті ойнай отырып және әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістер мен жаңартулардың қақ ортасында бола отырып, мектеп басшылығы мен педагогтардың еңбегін үйлестіреді, бағыттайды, әрекетке талпындырып, оларды ынталандырып отырады.

Бүгінде мектепті немесе басқа да кез-келген білім мекемесін тек өткен жолға қарап, өткен тәжірибеге немесе жеке тәжірибеге сүйеніп басқару мүмкін емес. Бұл жолда әлеуметтік басқару теориясы саласынан терең білім мен педагогика және психология ғылымдарының озық жетістіктерін ұтымды пайдалана білу керек.

  1. Педагогикалық менеджмент басқару заңдарына негізделеді, сондай-ақ психология және педагогика ғылымдары заңдылықтарына да арқа сүйейді, яғни ғылыми негіздемесі бар.
  2. Білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ұйымдастыру - оның жеке мінездері мен педагогикалық шеберлігімен, басқару қабілеттілігімен де сипатталады.
  3. Ғылыми негізде басқару, психологиялық және жеке адамгершілік касиеттер білім беру менеджеріне оны оқу тәрбие жұмысына қолдануға, көшіруге толық мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық менеджменттің әрі ғылым, әрі өнер екендігін дәлелдейді.

Басқару әдісі-педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне, әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т. б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология - педагогикалық әсерлердің әдістері.

Басқару жағдаяттарының психологиялық модельдерінде ынталандыру, танымдық және қызметтік-әрекеттік компоненттерді белгіленген. Ынталандыру компоненті басшыны тиімді басқару әрекетін жүзеге асыруға түрткі болады. Танымдық компонент басшының басқару жағдаяттары мен ұжымның нақты қызметтік әрекеттері туралы ақпараттануын байытады. Қызметтік-әрекеттік компонент оның басқару әрекетінің құрылымына кіретін іс-әрекеттер мен операцияларды жүзеге асыруына тура келетін жағдайларды тудырады

Басқару әдістерін таңдауда субъективті факторлар едәуір роль атқарады: басшының мектеп басқарудағы арнайы білімді меңгеру деңгейі; тәжірибелілігі мен оны қалыпсыз жағдаяттарда пайдалана алу дәрежесі; басшының тұлғалық құрылымы; мектепті басқарудағы үстем стилі; педагогикалық және оқушылар ұжымдарының ерекшеліктерін есепке алу біліктілігі; педагогикалық шығармашылық пен жаңашылдыққа деген көзқарасы; басқару иерархиясындағы басшының баспалдағы сияқты факторлар жиі есепке алынады.

Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру) ;
- əкімшілік - ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т. б. ) ;

- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;

- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру) ;

- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау) .

Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.

Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп жарғысына ендіріледі.

Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай- педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.

Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпаратты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Мектеп басшысының басқару мәдениеті
Педагогикалық менеджмент ұғымы негізгі анықтамалары
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Педагогикалық менеджмент
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты туралы ақпарат
Педагогикалық менеджмент маңызы
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz