Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе - орфография мен пунктуация
Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, қалыбына (формасына) да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді. [3]
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:
себеп-салдарлық;
аналитико-синтетикалық; - орындалымдық.
Яғни жазу әрекеті, біріншіден, белгілі бір ақпаратты екінші адамға жеткізудің нәтижесі ретінде санада пайда болып, алдымен оның себебі анықталады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезеңде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді, санада сөйлеу әрекетінің болжамдық жоспары жасалады.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін (текст) пайда болып, жазу орындалады. Сондықтан тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көп салалы болды:
1)қажеттіліктен пайда болатын себеп;
2)себептің ойда, санада бейнеленуі;
3)ойдың сөз арқылы тізбектелуі;
4)сөздің графикалық әріптермен таңбалануы;
5)жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды жаткізудің орындалуы.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
Графика;
Орфография;
Жазбаша сөйлеу әрекеті. [3]
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе - жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Қазақ тілі графикасының ерекшелігі әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір таңба бір әріпті білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді.
Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе - орфография мен пунктуация. Ол - белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Сондай-ақ сауатты жазудың негізі - пунктуация. Мәселен, жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
Жеке лексикалық бірліктерді сөздерді дұрыс жаза білу ережесін;
Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті,сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазып, тыныс белгілерді орынды қоя білу.
Жазбаша сөйлеу - лингвистикалық ерекшеліктерді толық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз-оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, оған диктант жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б. жазу жатады. Мұнда сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады. Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен, мазмұндылығымен басқа адамдарға түсінікті болып түзіледі.
Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі - жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру. Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесін тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс. Мәселен, сөздер мен тіркестерді дұрыс байланыстырып жазу, әңгіменің жоспарын құрап жазу, сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең бастысы, берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болуды ойластырады. Сондықтан жазудың әдістемелік ерекшелігі - графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлеуді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жаттықтыру, оқыту. [4]
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, игерілетін дағдыларды қалыптастыратын жазба жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:
Жазбаша жаттығулар;
Мәтіндер құрастыру;
Диктант, мазмұндама, шығарма т.б.
Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырылуы қажеттігіне, нендей материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай игерту әдістерін белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін Ы.Алтынсарин баса көрсетеді: Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынан немесе топастығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған оқу құралдарымен еш уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақылпарасатына, онымен қатар, орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешеліктер болатынына, ана тілінің басқалығына зер салмайды, осылардың бәрін еске ала отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балаларды басы да жоқ, аяғы да жоқ бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеліп соғады, -дей отырып, бұл пікірін педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол - балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек: әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек; мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдардың құлағына да жақпайды [6].
Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен, оқушылардың сауаттылығын арттыру мәселесі қойылады. Ал бұл талап пунктуацияны оқытумен байланысты.
Өйткені тыныс белгілері, пунктуациялар - айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін, баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі, - деп қарастырылған [6].
Тыныс белгілері (пунктуациялар) - айтайын деген ойды нақтылы, дәл, түсінікті етіп жеткізу мен баяндалмақшы пікірді айқын білдіру үшін қойылатын жазуға тән шартты белгі. Бұл - тыныс белгілерінің ең басты қасиеті. Тыныс белгілерін - тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді. Тыныс белгі сөз тіркестері мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілернің көмекші қасиеті. Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгісі мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын, ондай ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан өзгеріске түсуі де мүмкін. Мысалы, Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт аулының жиені Жүсіп баласы Қожаш (С. К. ). Бұл сөйлемге қатысты тыныс белгілері дұрыс қойылған. Егер Жүсіп баласы Қожаш дегеннен соң нүкте қойылмаса, сөйлем аяқталмағандай болып, оның ар жағында сөз жалғасы бардай болып көрінеді. Сондай-ақ есімше тұлғалы келген сөзінен соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес, өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді.
Қазақ пунктуациясы - қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол - тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады.
Қазақ пунктуациясы грамматикаға, мағынаға және интонацияға негізделеді, екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады.
Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі - тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлесімді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып, жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп, оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау. Мәселен, нүкте сөйлеуді сөйлемдерге саралайды да, аяқталған жай немесе күрделі ойды білдіреді. Мәселен, егер бір мәтінді алып, төмендегідей сөйлемдердің ара жігін ажыратпай жазсақ, оқушылар оны оқығанда, қатты қиналып, тіпті оның мағынасына да түсінбей қалуы ықтимал: Күн салбырап еңкейген күзге салымғы жылы күн азырақ салқын тартқан орман ағаштарының сарғайған және қызарған жапырақтары еңкейген қызыл күннің құлпырып шашыраған алтын шұғыласымен шағылысады маңайда Хамиттан басқа адам жоқ. (С. Сейфуллин). Ал осы мәтінде Сәкенше төрт сөйлем етіп, араларына тыныс белгілерін қойып төмендегіше жазсақ, ол мәтінді де, ондағы сөйлемдерді де оқушылар қиналмай, мәнерлеп, дұрыс оқи алады және әр сөйлемнің мағынасына саналы түсінеді, өйткені тыныс белгілерінің сөйлемдерді, олардың мағынасын саналы түсінуге жәрдемі тиеді:
Қазақ тыныс белгілері тек қана грамматикалық құбылысты аңғартып қоймайды, сонымен бірге сөйлемнің мағынасын да білдіреді... Мәселен, Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін, әншейін осылардың ызасынан ба? Өзіме өзім ыза болғанымнан ба? Бір бөтен себептен бе? (Абай) деген сөйлемдерде сұрақ белгілері сол сөйлемдердің ара жігін ашып тұрған жоқ, сонымен бірге олардың сұраулық мағынаны білдіретінін байқатады. Осы сияқты көтеріңкі белгісі де сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін және ол сөйлемнің леп мағынасы барын аңғартады. Ал құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын қос нүкте оның жалғаулықсыз себепті салалас немесе іліктес салалас екенін, көп нүкте сөйлемде айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіреді. Бұл тәрізді деректер қазақ пунктуациясының сөйлемнің мағына-мәніне қарай та қойылатынын айқындайды. [7]
Бастауыштан соң қойылатын сызықша да пунктуацияның интонацияға сүйенетінін аңғарта алатын тәрізді. Мысалы, Ол - елден келді деген сөйлемде ол сөзінен соң сызықша қойып жазсақ, біреудің (бір кісінің) елден келгенін білеміз. Мұндай жағдайда ол сөзі сөйлемде бастауыш қызметін атқарады да "кім" ? сұрауына жауап болады. Сөйлемді оқығанда, ол сөзінен кейін пауза жасалынады, ол сөзі ерекше интонациямен айтылады. Егер сол сөйлемдегі "ол" сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылып жазылмаса, сөйлемді оқығанда "ол" сөзі ерекшеленбейді. Мұндай жағдайда сөйлемдегі ол біреудің сөйлеушіге я жазушыға ғана белгілі бір елден келгендігі жайлы айтылады және ол сөзі бұл сөйлемде қай? сұрауына жауап болып, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл да кейбір жағдайда қазақ пунктуациясының интонацияға негізделетінін және сөйлемдегі сөздерді өз интонациясымен оқуға көрсеткіш бола алатынын байқатады. Сөйтсе де қазақ пунктуациясы тек қана интонация мен паузаға байланысты деп қарауға да, түсінуге де болмайды. Себебі тілімізде ерекше интонациямен айтылатын сөздерден соң ешбір тыныс белгі қойылмай жазылатын сөйлемдер де бар. Бұлардың қатарына үйірлі мүшелі сөйлемдерді және шылаумен байланысқан ыңғайлас салалас сөйлемдерді атауға болады.
Тұжырымдағанда, қазақ пунктуациясы мағынаға, грамматикаға және ішінара интонацияға негізделеді. Бұл жағдайда қазақ тыныс белгілерінің бір мағынаны білдіруіне және белгілі бір қызмет атқаруына тірек бола алады. [8]
Пунктуацияның қолданылу тарихы
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация - латынның пунктум деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы - нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл - екі бөлек категория. [2]
Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын таңбалайды. Сондықтан ол - сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып есептеледі, де лексика мен морфологияға байланысты болады, яғни әрбір жеке сөзде қолданылады. Ал тыныс белгісі олай емес. Ол жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды білдіреді. Мағыналарының күрделілігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу тілінің көнерек заманында қолданылған пиктографиялық немесе идеографиялық белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда,тыныс белгілері, әріп сияқты, сөзде емес, сөйлеуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунктуация сөйлеуге, сөйлемге, яғни синтаксиске, байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы. [10]
Пунктуация жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға мүмкіндік жасайды. Пунктуацияның негізгі қызметі - сөйлемді жазуда ойды беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау, - дейді С.И.Абакумов. Яғни пунктуация тілдің басқа элементтері сияқты жазуда ойды дұрыс беруге қызмет етеді. Пунктуацияны игеру - адамның сауаттылық мәдениетін арттырады. Мектеп оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту оқыту әдістемесі қарастырады.
Пунктуация - адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан жалпы тіл, қала берді жазу тілі сияқты, пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда болсын, оқып тануда болсын жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуға тиіс. Олай болмаған жағдайда, пунктуацияның әрбір белгісінің мәнін, атқаратын қызметтері мен қолданылатын орындарын тануда, білуде жазушылар мен оқушылар арасында бірлік болмаған жағдайда, тыныс белгілері өзінің қатынас құралылық қызметін атқара алмайды. Егер ол жазу практикасында орныққан, көпшілікке танылған заң, ережелерге сай болмай, теріс қолданылса, оқуды, түсінуді жеңілдету былай тұрсын, қайта оны қиындатады, теріс ұғымның, теріс түсініктің тууына себепші болады.
Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр уақытта естен шығармаған жөн. [11]
Сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.
Пунктуация жазу тілінің дамуымен, әсіресе баспа ісінің дамуымен тығыз байланысты. Бірақ ол жазу тілімен бірге туып, әрдайым онымен қатар жасап келе жатқан категория емес. Тыныс белгісінсіз де жазу болған. Жазудың пикторграфиялық және идеографиялық түрлерінде жеке сөйлемге, жеке сөздерге сараланбай жүрген тізбекті жазу дәуірлерінде ешқандай тыныс белгісінің де және оған мұқтаждықтың да болмағандығы мәлім.
Тыныс белгісі - жазу тілінің жазу мәдениетінің, әсіресе баспа ісінің, дами түскен кейінгі дәуірінің жемісі. Баспаның өркендеуі, оның халық арасына тарап, оқушылар санының артуы жазу мәдениетінің көтерілуін, жазудың жалпыға бірдей ортақ заңдарға, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді. Жазылған пікір оқуға оңай, түсінуге жеңіл болуы үшін, түрлі ықшамды ұсақ бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір-бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіктері туады. Сол қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болады. [10]
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметтері де әр алуан. Бірақ солардың бәрі бір мезгілдің ішінде, бірден пайда бола қалған емес. Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң, ережелер де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған. Алғашқыда тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданылған. Сонымен бірге, олар түр-тұрпаты жағынан да, қызметі жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған. Орыс тілі пунктуациясын зерттеген ғалымдар орыс тілінің қолжазба түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің әрбір мағыналы бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін, нүкте немесе бірнеше нүктеден құралған ромбик, қос нүкте тәріздес түрлі белгілердің қойылғандықтарын және олардың өздері де белгілі бір заңға, ережеге негізделмей, еркін қолданылатындықтарын айтады. Дәл осы тәріздес жағдай түркі тілдерінің көне замандардан қалған жазу ескерткіштерінде де кездеседі. [11]
Қазіргі заманда тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы бір қасиет - олардың интернационалдығы.
Тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Қазақ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Октябрь революциясына дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң, ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуациялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді. Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Ал пукнтуацияның тууына, оның дамуына ең бірінші қажеттілік болып табылатын баспасөз Қазақстанда тек совет дәуірінде ғана етек алып дами алды. Респуликамызда баспасөздің дамуы, оның бүкіл халық илігіне айналып, оқушылар санының артуы жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды. [10]
Қазақ тілінің қазіргі графикасында, баспасөз тәжірибесінде ғылыми негізде қалыптасып орныққан, тұрақты жүйеге келтірілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz