Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы
Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы.
Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын , түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшклігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес.
Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол - тек тіл дыбыстарын ғана тексереді.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығады. Бұл - бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды.
Адам баласы бірімен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлесу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол - тіл дыбыстары. Дыбыс - тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз-сөз немесе тал-сал, бал-қал, зал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл - дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет.
Тіл - ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К. Маркс "Тіл - ақиқат шын сана" деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл - ойды жарыққа шығаратын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі.
Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің тікелей іске (жұмысқа) кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет.
Тіл дыбыстары адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Тіл - қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл - қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі (аспектісі) дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады. Бала тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр саласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау - адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Алфавит, дыбыс пен әріп. Тіліміздегі әріптердің рет-ретімен түзілуін алфавит дейміз. Алфавит деген сөздің грек тілінің алғашқы екі әрпінің (альфа, бета) атынан алынғандығы, ондағы әріптердің жалғыз дыбыс болып та ( а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ы, і) екі дыбыс болып та айтылатын (е- йе, ю- йу, я- уа), қысқа й және үнді у, в ве, гге, дде, жже, ззе, ппе, тте, цце, чче түрінде немесе ғға, кка, ққа, хжа, һһа, шша, щща, түрінде, немесе лэл, мэм, нэн, рэр, сэс, фэф айтылатынын түсіндіру қажет.
Алфавитте дыбысты таңбаламайтын айыру (ъ) белгісі мен жіңішкелік (ь) белгілердің бар екендігін, айыру белгісі мен жіңішкелік белгілерінің тек орыс тілі арқылы енетін сөздерде ғана жазылатынын ерекше атау жөн.
Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.
Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе. Әріптің таңбасы ыңғайсыз болса, оны қолдануға ыңғайлы таңбамен өзгерте аламыз. Мысалы, қазақ тіліндегі дауысты- ұ әрпін 1951 жылдың 15 тамызына дейін у әрпімен таңбалап келдік.
Тілде алфавиттің әр түрлі болуына байланысты әріптер де әр түрлі болады. Қанша дыбыс болса, сонша әріп болуы керек. Әріп пен дыбыстың саны бірдей болуы шарт емес. Әдетте дыбыстан гөрі әріптің саны көбірек болады. Дыбыс кедергіге ұшырамай (а, ә, ы), кедергіге ұшырап та (м, б, т) дыбыстар жасалуы мүмкін екенін білдіру қажет (М.Дүйсебаева).
Дауысты дыбыстарды оқыту. Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болып бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар (а,ә,и,е,э,о,ө,ұ,ү,у,ы,і ). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді.
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып түсіндіріледі. Дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін таблица арқылы берген жөн.
Тілдің қатысына қарай
а, о, ұ, ы
Жуан
ә, ө, ү, і
Жіңішке
Бұл схемаға ал -- әл, ауа -- әуе, от -- өт түрінде жуанды-жіңішкелі тіркесте келетін мысалдарды пайдалану қажет.
Ал қазақ тіліндегі и, у дауысты дыбыстары айтуда қосынды дыбыстар екенін тиісті мысалдар (жазұу, келүу) беру арқылы еске түсіріледі. Дауысты и, у, дыбыстары жуан да, жіңішке де айтыла береді. Ол ерекшелікті мына схема арқылы түсіндіру орынды:
қи, қиын,жиын ширақ (адам)
и ки, киім, жиі ширек (ғасыр)
у алу, қу, ағу,басу қону
білу, үгу, егу, есу көну
Қазақ тілінде и, у дауысты дыбыстарының бірде жуан, бірде жіңішке айтылуына екітүрлі жағдай әсер етеді. Біріншіден, дауысты и, у дыбысының жуан не жіңішке айтылуына сол сөз ішіндегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың (алу, білу, басу, есу) әсері болады. Сондықтан и, у дыбыстары бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Екіншіден, дауысты и, у дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сол сөз ішіндегі дауыссыз қ- ғ, к- г дыбыстарының әсерінен болады. Өйткені қазақ тілінде жуан буынды сөзде (қағаз,ғалым)- қ-ғ, ал жіңішке буынды сөздерде (гүл, кереге) к- г әріптері жазылады. Бұл қазақ тілінің сөздері үшін заңдылық.
Дауысты дыбыстың жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болуын үйреткенде көрнекілікті (схема, таблица т.б.) пайдаланып құлаққа естілу сазына назар аударту керек (а,ә,о,ө,э- ашық дауыс., ы,і,и,у,ү,ұ- қысаң дауыс.).
Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік (о,ө,ү,ұ,у), езулік (а,ә,е,э,ы,і,и) болып бөлінуін түсіндіру қиын емес.
Ашық, қысаң дыбыстардың және дауысты дыбыстың еріндік және езулік ерекшелігін байқату үшін салыстыру әдісін қолдану пайдалы. Яғни бір еріндік, бір езулік дыбысты қосақтап ( о- а, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz