Логопсихологияның зерттеу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тапсырма 1
Логопсихологияның зерттеу әдістері
1. Логопсихологияның зерттеу әдістерін ашып көрсетіңіз
2. Логопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы

Салахитдинова Айгерім.Логопедия-2
Жауабы:
1. Логопсихологияның зерттеу әдістерін ашып көрсетіңіз
Логопсихология да басқа ғылым салалары сияқты көптеген әдістер мен әдістемелерден тұрады.
Эксперимент-арнайы жағдайда жүргізілетін зерттеу жұмысы. Ол табиғи және эксперименталды болып бөлінеді.
Бақылау әдісі - ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау - белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.
Әңгімелесу -- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу -- оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі -- оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. 2. Психологиядағы әңгімелесу-белгілі жоспар бойынша, бақылауға алынған адамның ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелінушіге күдік тудырмау үшін әңгімелесукөбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады. Әңгімелесу әдісі әлеуметтік медицтна , бала психологиясы тағы басқа салаларда жиі қолданылады. Мұны "тәжірибеге кіріспе", не "психотерапиялық әдіс" деп те атайды.
Әңгімелесу (выступление) - 1960 жылдың басында теледидардан жиі көрінетін жанрлардың ең карапайым түрлерінің бірі. Алғашқы жылдары Қазақ теледидары эфирге тікелей шығатын. Хабар кейіпкерлері ақпаратты көбінесе қағаз бетіне қарап оқитын.Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты "әңгімелесу" хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен

Тесттер - (ағылшын тілінен аударғанда тексеру, дайындау деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
Формасы бойынша тестер:
- индивидуалды және топтық;
- ауызша және жазбаша;
- бланктық және заттық;
- аппаратуралы және компьютерлік;
- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.

Сұрау әдістері: анкеттеу мен интервью.
Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.
Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар.

Анкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. . Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.
Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).
Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.

Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Әдістеме деңгейлерін анықтасақ
Әлеуметтік - педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Педагогика әдіснамасының бір аспектісі ретіндегі - ғылыми-зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері
Пәндер