Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері


Эссе
Тақырып: Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
Орындаған: Құрбанбек Аида
Тобы: В-ФҚБ-02-19 Қабылдаған:
Шымкент 2021
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты
салаларының бірі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда болып, кейінгі ғасырларда қоғамдық санасының тұрақты белгісі ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды бөлігі, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия - даналық» деген мағынаны береді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырған. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шықты: астрономия, математика, механика, физика, медицина және соған ұқсас салалар.
Философия - бұл әлемді және адамдардың тіршілік етуін түсінудің ерекше саласы, ежелгі әлемдегі және қазіргі заманғы адамдардың өмірі туралы ұлы философтардың ойы. Философия әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға көмектеседі. Философия деген не деген сұраққа біржақты жауап беру мүмкін емес. Біреулер оны Құдай туралы, болмыс туралы, адам мен әлем арасындағы байланыс туралы зерттеу туралы ғылым деп түсінсе, басқалары оны басқаша түсінеді. Көптеген адамдар өздерінің жеке өмірлік мәселелерін ой елегінен өткізіп, басқа адамдармен әңгімелері мен тәжірибелерімен бөлісе отырып, кейде өздерін философиялық тұрғыдан шешіп жатырмын деп ойлайды. Философия - біздің бақытымыз, қуанышымыз, қайғы-қасіретіміз, әңгімелесу кезінде біреумен бөлісеміз, бұл нәрсе мен нәрсе арасындағы таңдау. Ежелгі әлемдегі көптеген философтар осындай сұрақтар туралы пікір таласты: неге жер дөңгелек, құдайлық күштер бар ма, олардың теорияларын басқа ғалымдардың теорияларымен байланыстырды. Философия әрқашан пайымдау, шешім қабылдау және таңдау арқылы әлем туралы ғылым және осы әлем туралы білім болды. Философия дүниетанымдық, ғылымдық, теориялық ғылым болып табылады. Философия- жaлпы адамзаттық ғылым. Философия басқа ғылымдардан айырмашылығы топқа бөлініп, жіктелуінде. Себебі, философия дүнеиетанымдық ғылым. Материяны алғашқы танитындар матералисттер, ал сананы алғашқы дейтіндер идеалистерге жатады. Материалистер мен идеалистер бірдей емес.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында болады:
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы - ол
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теориялық дүниетанымы болып табылады.
Философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелік, логикалық пен теориялық зерттеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген көптеп жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Тіл философиясы - бұл тіл мен сөйлеудің таным мен сана мен білім құрылымдарындағы негізгі рөлін ашатын философияның зерттеу бағыты .
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика - айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Тіл философиясы - қазіргі батыс философиясындағы зерттеудің орталық бағыттарының бірі, оның назары ойлау мен білімді түсінудің кілті ретінде тіл идеясына бағытталған. Философиялық және лингвистикалық бағыттың алдыңғылары Аристотель «Санаттар трактаты», И. Кант «ақыл-ой категорияларының дамуы», Дж. Р. Руссо «жазудың шығу тегі туралы идеялар», Дж. Милл «сілтеме теориясына қосқан үлесі», В. Гумбольдт сияқты зиялы қауымдар. Сонымен қатар, «тілдік айналым» деп аталатын философияның, феноменология мен герменевтиканың, структурализм мен постструктурализмнің қазіргі заманғы даму жолдарының кең ауқымына тән. Қазіргі заманғы философия негізінен философиялық мәселелердің лингвистикалық аспектісінен абстрактіліге проблемалық деп санайды. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап философияның барлық негізгі бөлімдері, философиялық және лингвистикалық ой желілерінің стильдік әсерін бастан өткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz