ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ЕСЕПТІЛІККЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ӘСЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ: 657. 1:657. 2(574)

ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ЕСЕПТІЛІККЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ӘСЕРІ

Мұрат Анар Ғаниқызы -магистрант

Ғылыми жетекшісі Наурызбаев А. Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан

Бүгінгі күні бүкіл әлем елдерін түгелге жуық жайлай бастаған қауіпті індетті адамзат баласына жіберіліп отырған зілді ескерту, зардабы ауыр сынақ деп түсінуге де болады. Соның себебінен тек қана Қазақстан емес бүкіл дүние жүзі елдерінің экономикасының барлық саласына зардабын тигізіп отыр.

Осы COVID-19 індетінің себебінен экономиканың әр түрлі секторларындағы көптеген компаниялардың жұмысына айтарлықтай әсер етіп отыр, өйткені алдыңғы болашақта тоқтатылуы немесе жабылуы мүмкін. Сондықтан, мемлекет өз жағынан ұлттық экономикасының кейбір қиындық көріп отырған салаларына көмек көрсетіп және мемлекеттік реттеуге үлкен мән беруде. Өйткені қазір әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Сарапшылардың айтуынша, жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде» деп атап өтті. Дей тұрғанмен, болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс [1] .

Оның үстіне, мұнай бағасының аяқ асты төмендеуі ел экономикасын 3%-ке қысқартты. Локдауннан көбіне қонақ үй бизнесі, бөлшек сауда, саяхаттау және демалу саласы қызметі үлкен зардап шекті. Сонымен қатар Қазақстандағы тасымалдау жүйесінің бұзылуы мен валютаның құнсыздануынан инфляция денгейі өсуде. Ал бұл, өз кезегінде, кедейлік деңгейін арттырады, халықтың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде.

Пандемияға дейінгі кезеңде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4, 8% болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 5%-дан асып отыр. Бірақ бұған кәсіпорындардың штаттарында жартылай істейтін және өзін жұмыспен қамтыған азаматтарды қоссақ, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болар еді. Күніне 5, 5 доллардан (қазіргі курспен 2355. 87 теңге) аз ақшаға өмір сүретіндердің саны, яғни кедейлік көрсеткіші 2020 жылы ең тәуір дегенде 8, 5% болуы мүмкін. Ал жағдай күрт нашарлап кетсе, бұл көрсеткіш 12, 7%-ке жетуге келеді деп ұлттық ғалымдар мен эксперттер болжам жасауда. Сонымен қатар мемлекеттік қарыз елдің ЖІӨ-ің 30%-іне дейін өсіп, сол көрсеткіште тұрақтанады деген болжам бар [2] .

Пандемиядан кейінгі кезеңде экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ол үшін мемлекет өз жағынан жасап жатқан бір сыпыра қаржылай көмектерімен бірге бухгалтерлік есебі мен есептілікке үлкен мән беру керек. Өйткені кәсіпорындардың шығындары өсіп, шығаратын өнімдерінің көлемі азайып сату бағаларына әсер тигізіп отыр. Сонымен қатар, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі нысаны бухгалтерлік есеп пен халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жүйесіне сай келуінде. ХҚЕС-ке (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары) өту бұл - халықаралық қаржыгерлердің бағыттаған директивті нормасы емес, ал экономиканың қарыштап дамуындағы қаржылық есептілікті түсінудің бірегей заманауи жүйесі. Бүгінгі күні Қазақстанда отандық есеп жүйесі халықаралық стандарттарына қаржылық есептіліктерді ұсынады. Бірақ экономиканың әр түрлі салаларында бухгалтерлік есепті жүргізу барысында әлі кемшіліктер орын алуда. Соның себебінен әр түрлі есептілікті бұрмалау мен ұрлықтар болуда. Әсіресе осындай жағдайлар мемлекеттік қызмет пен мемлекет бөлген ақша-қаражаттарына байланысты өте көп болуда.

Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, кемшіліктер де жоқ емес. Олардың пікірі бойынша біріншіден, ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы санаттарға қолданылуының қиындығы. Екіншіден, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер қатысуының жеткіліксіздігі. Үшіншіден, ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың (оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығы. Төртіншіден, бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігі. Бесіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және талаптарына немқұрайлы қараудан көрінетін кейбір проблемаларының орындалмау мен есеп жүйесіне мемлекет жағынан үлкен мән бермеу [3] .

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 «№ 2 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес енгізілген ҰҚЕС келесі ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтады: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде; Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес оның аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың коммерциялық емес ұйымдарында, филиалдары мен өкілдіктерінде; жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) . Алайда бұл стандарттар Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес біріктіріліп, республикада бір ұлттық бухгалтерлік есеп стандарты қабылданды. Ол қаржылық есептіліктің қағидалары мен сапалы сипаттамаларын, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен, сонымен қатар әрекеті тек шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалармен бухгалтерлік есепті жүргізуі мен қаржылық есептілікті жасауын анықтайды [4] .

Бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің бүгінгі күні өте маңыздылығы ақпараттық жүйені автоматтандырудың нәтижесін дұрыс пайдалану. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналып отыр. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-ті пайдаланып отырған барлық ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізуді әлдеқайда жеңілдетті. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақытылы, әрі тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз дұрыс бағытта жүзеге асырылмай отыр. Соның арқасында, көп кәсіпорындарды басқарушылық есепті пайдалануға дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіншілік болмауда. Әсіресе бүгінгі күні кәсіпорындарда калькуляциялау кезінде көп кателіктер болуда. Оның себебі шығындарды дұрыс бөлмеуде болып отыр. Оның бәрі кәсіпорынның баға жүргізу саясатына әсер келтіреді.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

  • бухгалтерлік есепке алу кезінде қажетті әдістерін дұрыс анықтау, қаржылық есептіліктің ішкі аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарға жоғары талаптар жасау, олардың даярлау және қайта даярлауға үлкен мән беру;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есептің есеп саясатын қажетті әдістерімен және тәсілдерімен толық қамтамасыз ету, ұйымдарда қаржылық, басқарушылық және салық есептіліктеріне жоғары тәртіп орнату;
  • кәсіпорынның ішкі құжатын даярлау мен құжат айналымын жақсарту;
  • бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу және де мемлекеттік денгейінде осы есепті дұрыс жүргізбеу кезінде қатаң сұраныс жасау.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайда жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақытылы әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алу жан-жақты автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен өзара тығыз байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

- бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта даярлау;

- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;

- халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;

- бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит жайлы
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп және оны талдаудың теориялық негіздері
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының теорияда және тәжірибеде алғашқы қолданылуы
Ішкі аудит
Нарық экономикасы жағдайындағы аудит
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Аудиттегі сұрыптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz