Тәуелсіздік жолындағы күрес



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Асқар тауларды ғасырлар бойы жаулаушылардың, Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың, азаттығын аңсап, арпалысқан асыл арманы жиырмасыншы ғасырдың соңы он жылдығында ғана жүзеге асты.
Халықтың атойлығын ашу ықыласының, қайнаған легінің бұлқыныс бұршағындай болған желтоқсанның ызғары да оңай болған жоқ. Ішкі істер министрінің деректері бойынша 2336-адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2212 адам. Прокуратурасының деректері бойынша 2401 адам ұсталған, уақытша қамау изоляторларының арнаулы қабылдау орындарына тергеу бөлімдеріне жеткізілген және қала сыртына апарып тасталған адамдарды қосқанда ұсталғандардан ұзын санының 8500 мыңға жуық болғаны. 1700 адамның дене жарақатын алғаны анықталды. Олардың ішінде 99 адам, әр түрлі мерзімге сотталды. Қ.Рысқұлбеков ең ауыр үкімнен, өлім жазасына кесілді.
Оқиғаларға қатысушылардың істері көбіне бір нақты жүргізілді. Олар көбіне көп қалайда айыптауға бейім тұрды. Нақты тәртіп бұзуды дәлелденбеген жағдайда тек алаңға шығып өз көзқарасын айтқаны үшін сотталған адмдар да аз емес. Желтоқсанға қатысқандар сол бір сұрапыл сәтті еске алып қаза болғандарға бағыштап құран оқу үшін осы алаңда бас қосады. Тәуелсіздік манументінде.
Тәуелсіздік. Тағзым етіп тар заманда рухты төмендетпегеніне тәубе етіседі.
Арғы тарихқа тереңдемей ақ өткен ғасырдағы 1916 жылы аты шулы июнь жарлығынан басталып кеткен ұлт азаттық көтерілісі арасындағы 70 жылда қазан халқы тотилатарлық қоғамның тегеурінді қыспағына қарамай талай рет қолына қару алып қарлыңқы, қорлыққа қарсы көтерілген. Қазан төңкерілісінен кейінгі 20-30 жылы аштық пенен қуғын сүргінге шыдамай шорт кеткен Созақ, Шұбартау көтерілісі сынды ереуіл атқа ер салдырған бой көрсетулерге қарап шыдамай көтеріліске шығып Теміртаудағы 1959 жылы Целиноградтағы 1979 жылғы оқиғалар қазан жұртының бойындағы намыс сезімі аш қалғанын дәлелдеп келді. Солардың арасындағы нақты негізінен осы оқиға арқасында қол жеткізген 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Социалистік жүйенің тұғыры уытылып тоталитарлық қоғамның тынысы тарылған тұста қазақ қоғамының азатшыл рухын, асқақ рухын бүкіл әлем көре алды. Жастар шеруі бейбіт сипатта саяси тұрғыда салмақты басталды. Олар пленум шешімін бүкіл халықтың сүйегіне салынған таңба екенін формалды түрде болса да адам табылмайды деп санаудың өзі барша қазақты қорлау екенін айтты. Алаңға жиналған адамдардың наразылық білдірген талаптары, тіпті де ұлтшылдық сипатта болмағанын айту керек. Онда мемлекеттік өзгертуге шақырған ұранда да республика тұрып шайқас басқа халықтарға тілге тигізетін сөздерде де болғаннан
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Желтоқсан айының 17-сін жыл сайын Қазақстан тарихындағы ерекше күн ретінде атап өту дәстүрге айналды. Өйткені бұл күн-халқымыздың өз ұлттық намысын қорғауға шыққан күн, қой аузынан шөп алмас, илегенге көнбіс, момын атанған, әншейін де басы біріге қоймайтын халқымыздың жүрегіне батыр бабаларымыздың рухы дарып, бір жеңнен қол шығарып, көк темір құрсанған мыңдаған әскерлерге құр қолмен-ақ қарсы шығып, өр мінез, намысқойлығын әлемге танытқан күн. Бұл күн-желтоқсан оқиғасы кезінде жендеттердің қаза болған ұл қыздарымызды еске алып құран оқып, ас берер қаралы да күніміз жүздеген ұлттарды қырып-жойып жаулап отар еткен Ресей империясының, оның мұрагері КСРО-ның, қабырғасы қақырап, сөгілуі басталған күн.
Желтоқсан оқиғасы жайында қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматов
Мен Желтоқсан оқиғасын ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі деп білемін. Өйткені Желтоқсан оқиғасы мен бүкіл тоталитарлық комунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы бағынышты, жалынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды деген .
Желтоқсан оқиғасының орын алуымен де көптеген мақалалар соның ішінде тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарда жарық көрген газет журналдар БАҚ-дарында жарияланғандары көбінше желтоқсан оқиғасының тек жағымсыз, тұрпайы етіп көрсетіп отырған. Онда қазақ жастарын жас ұлтшылдар, маскүнемдер, нашақорлар деп айыптап жазған болатын. Осындай апталаған қиын қыстау кезеңде ең алғаш болып жалғыз М.Шоханов ағамыз ғана 1989 жылы Мәскеуде КСРО халық депутаттарының І съезінде бүкіл әлем алдында желтоқсан көтерілісі туралы жар салып, бар болғаны үш минуттың ішінде әлемді тағы да дүр сілкіндірді.
Ал тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жазылған баспасөздерде желтоқсанның тарихта алатын орны ерекше екендігі ия желтоқсан құрбандарын ақтау жайында жазылған. Осы ретте Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастардың тоталитарлық жүйеге Қазақстан тарихына алтын әріптерімен жазылған қарсы шығуы, біздің халқымыздың ұлттық сана сезімінің қалыптасуындағы оның қазіргі әлемдегі өз ролі мен орнын қайта пайымдаудағы шын мәніндегі тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікке қол жеткізуіндегі маңызды кезең болды деп атап көрсеткені белгілі.
Желтоқсан көтерілісінің нәтижесінде еліміз тәуелсіздік алып бұрынғы Брежнев алаңы желтоқсан атына ие болуы желтоқсанның тарихтағы орнының тұрақты екендігін көрсетіп береді. Желтоқсан көтерілісі жайында соңғы кездері қаншама дау - дамай өршіп келеді. Өз тарихына селқос қарайтын азаматтарының өкінішке орай баршылық болады да. Олардың пікірінше желтоқсан көтерілісі әдеттегі болмашы оқиға іспетті желтоқсан құрбандарының өліміне де немқұрайлы қарайтындығы сонша Л.Асанованың Гүлсара Мақанқызы Ізтілеуова Ләззатты да көзімнен қалт жібермей ұстап отырдым, оның алаңға баратындай бір минут та уақыты болған жоқ деп салуы. Ләззатты екі өлтіріп отыр.
Мұндай тоқсан пікірге мен қосылмаймын. Себебі желтоқсан көтерілісі жайында ақиқат әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл бағытта әлі қаншама еңбектену қажет. Алдымыздағы ұрпақтарымызға тарихымыздың ақтаңдақ беттерін емес ақиқатын қалдыруымыз керек деп санаймын. Кеңес үкіметі тұсында тарихымыз бұрмалай жазылып, сананы коммунистік идеологияға сай уландырды. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Тарих - толқынында деген еңбегінде былай деп жазды.
Тоталитаризм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен адастырып тастады.
Желтоқсан көтерілісі жайындағы ақиқат әлі де толық ғылыми зерттелуге тиіс. Бұл ретте Орта Азия бойынша бақылаушы Берлин университетінің Беоте Ешмент былай жазады. До сегодняшнего дня причины, оценка не убедительна. Казахстанское рукаводства назначило в 1989 году комиссия. Шоханове. Однако нашлись силы, заинтересованные в том, чтобы помешать расследованию, и их действия имели успех
Желтоқсан көтерілісі тек КСРО-ның ғана емес басқа да елдердің ғалымдарының, жазушыларының еріксіз қалай тартуына себеп болды деп айтуға болады. Оған дәлел көрнекті шығармашылық және халықаралық зерттеулердің федаралын институтының қызметкері Уве Халь қайта құру не ұлттық мәселе көзідеген еңбегінде 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісін алып көрсетеді .
Ал мұсылман елдерінің осы мәселеге жанашырлықпен қарап өз пікірімен өтініштерін жібергенін білеміз. Онда: Қысқашаходитерде айтылғандай Бір мұсылманның қасіреті басқа мұсылмандардың да қасіреті болып табылады мұсылман-мұсылманның бауыры қазақтар да діни бір бауырымыз. Қазақстандағы орыстандыру әрекеттері мен соңғы оқиғаларға байланысты күшейе түскен орыстардың зорлық зомбылығының жоғары мәртебелі ислам басшылығын жиынында қаралуын қамтамасыз етулеріңізді мұсылманның адамгершілік не адам құқықтары атынан өткіземіз делінген.
Ғылыми зерттеу барысында желтоқсан көтерілісі жайында шыққан М.Шахановтың Алматыдағы 1986 жылғы оқиға атты 1-2 кітаптарын пайдаландым. Сонымен қатар желтоқсан көтерілісі болған көп бергі Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды пайдаландым. Роза Спанованың Біз білетін желтоқсан деген еңбегінде осы көтерілістен жапа шеккендер, сотталғандардың тізімі берілгендігін айту керек.
Осы кезеңде түсірілген мәңгілік мулат атты беліне таспаны айта кеткен жөн. Онда қыз жігіттердің қандай күйде болғандығы сонымен бірге Н.Назарбаевтың желтоқсаншылар мен өткізген кеңесі көрсетілген.
Желтоқсан оқиғасын әлдекімдер ұйымдастырды деген әңгіме бар. Бұл-қате. Бұл өз халқының жанын, болмысын танымайтын, түсінбейтін әлдекімнің сөзі. өзін-өзі сыйлайтын, намысты ұлдың басқаның боданында жүрмейтіні ақиқат. Қазақ рухани жағынан кемелденген, білім парасаты жағынан ешкімнен кем түспейтін ұлт. Демек, ол күндердің күнінде теңдік сұрар еді.

Желтоқсан оқиғасын біреулер - ұйымдастырды деу ақылға сыймайды. Қонаевты қорғау дегендер де болды. Дұрыс Қонаевты қорғаған шығар бірақ, бұл жерде ұйым оянуы тұр. Халық өзінің шын мәнінде құл екенін сезінді сөйтіп бас көтерді .
Қазақстанда 1986 жылғы оқиға КСРО ны сілкіндіріп жіберді. Бұл 1962 жылы Новочеркасскіде орын алған ереуілден (бұл ереуіл азық түліктің қымбаттауына қарсы экономикалық сипаттағы бас көтеру болған) кейінгі бірінші көтеріліс ол кезде кеңес жүйесі аса қуатты болатын да оқиға жария ала алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған. Сол себепті де ондағы қасірет пен өлім жетім жөнінде, хабар мүлдем аз болды. Ал 1986 ж. Алматы оқиға сынық қуатын да көлемді әрі саяси сипатта болғаны сонша ол жөнінде үкімет енді аузын буып отыра алмады. Алматыдағы көтерілістің тууына орыс Колбиннің партияның бірінші хатшысы болып тағайындалуы тікелей себеп болды. Демек енді саяси бюро мәжілістерінде қазақ емес, орыс қатысады ғой Жаппай көтеріліске қатысушылардың Қазақстан-қазаққа ғана тиесілі ұраны Республиканы орыстың басқаруына жол жоқ дегенге келеді. Ұлттың санасы қорланған хылықтың ашу ызасын алдын ала қалайша көріп білмеуге болатын еді? Бұл қатені жөндеуге Мәскеуге әлі екі жыл керек болды. Қазақстанда 1986 жылы болып өткен желтоқсан көтерілісі дүниежүзілік тарихтан өзіне лайықты орын алатыны сөзсіз ол соңғы жарты ғасыр ішінде кеңестік қызыл империяға қарсы жаппай батыл бас көтерген алғашқы ұлт-азаттық көтеріліс ретінде тарихта қалады. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі саяси тәртіпке.
Қуатты соққы беріп қана қойған жоқ сонымен қатар империялық отаршылдық идеологияның сонымен соғып кеңестік ғылымының ұлтаралық қатынастар да шешілмеген проблема жоқ. КОКП жүргізіп отырған лениндік ұлт саясаты тамаша салтанат құрды, оны халық бұқара халық белсенді түрде қолдайды деуден танбай, құлаққа құйып санаға сіңірумен болған жалған қағидасының да күлін көкке ұшырды.
Соңынан мәңгі ұмытылмас мұң қалдырған 1986 жылы желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің жүрегіне жара салмады. Өз ұлтының жақсысына сүйініп қасіретіне күйіне білетін әрбір саналы азаматтың қайғылы қуанышқа айналып егеменді ел, тәуелсіз қыран кеңес империясының темір құрсауын тас талқан етіп қазақ халқының ғана емес, түбі бір түркі халықтарының азаттық тәуелсіздік жолындағы күресіне жарқын жол ашқан, жарты әлемді темір шеңгелге ұстаған коммунистік жүйесінің қозғау салған желтоқсан көтерілісі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт азаттық жастар қозғалысының ұлы белесі. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жамбыл Тайжұмаев, Қайыргелді Күзембаев секілді қазақ жастары өз өмірлерін құрбан етуге даяр еді. Қазақ жастарының бас көтеруіне Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д.Қонаевтың қызметінен босатылып оның орнына қазақ қоғамынан, дозаң табиғатынан мүлдем хабарсыз Г.Колбиннің тағайындалуы себеп болды. 1956 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясының жағдайын, Мұстафа Кемал Ататүріктің түрік тарихында сондай-ақ халықаралық сахнадағы орнын танып білу
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы
Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция
Кенесары хан
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы
Алашорда және қазақ әдебиеті
Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Пәндер