Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінен айырылуы. XVIII-XIX ғасырлардағы ұлтазаттық көтерілістердің тарихи маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Таниркулова Дарина Муратовна

МКП-20-1К тобы

Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінен айырылуы. XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызы.

Қазақ жері мен еліне тәуелсіздіктің өте ауыр да қиын жолмен келгені әрбір қазаққа мәлім болар. Деген бұл жолдың қаншалықты қиыншылыққа толы екенін барлығы біле бермейді. Қазіргі Қазақстанныңкешіп жатқан алаңсыз күндерінің барлығы тарихымыздың арқасы деп санаймын. Ол дегеніміз ең алдымен қазақ өркениеті мен көрегендігің жемісі. Ендеше осы бастан кешкен оқиғалардың барлығын еске түсіру үшін XVIII ғасырға көз жүгірте өтейік. Қазіргі заман тарихымызда оны 1820 жылдағы ұлт азаттық төңкеріліс деп атап кеткен.

XVIII- XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға ере жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен сайланған Айшуақтың халық арасыңда беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісін саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы ЖанТөре хані (1805-1809 жж. ) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы ЖанТөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1809 жылдың соңына қарай ЖанТөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған ЖанТөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін әлтіріп кетеді. ЖанТөре әлген соң Ресей үкіметі орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті, Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хаңдық билікті жоюға мүлделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіңдігінше кедергі жасауға тырысты 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы хаңды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіл-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-алшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғаны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Қазақ мемлекетінің тәулсіздігінен айырылуы, 18-20 ғасырлардағы ұлт-азаттық көтеріліс тарихи маңызы
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Қaзaқcтaнның Ресейге қосылу тaрихының тaрихнaмacын зерттеу
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Патша өкіметінің отарлау саясаты
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz