Пандемия кезеңіндегі Қазақстандағы қашықтықтан оқыту: онлайн мектеп платформаларының тәжірибесі, тиімділігі және проблемалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Қашықтықтан оқыту- заман талабы».

2020 жылдың наурыз айынан бастап елімізде көп жағдаяттар түбегейлі өзгеріске енді. Бүкіләлемдік пандемия кесірінен адамдар жапа шегіп, қуанышты емес жаңалықтарға құлағымыз бен көзіміз үйреніп қалғаны шынымен.

Мемлекет үшін қара халықтың деңсаулығы өте маңызды. Елімізде тұратын әр азамат пен азаматшалардың қауіпсіздігі үшін олардың қалауынан тыс маңызды шешімдер қабылданды. Көп адамды үрей билеп, әр ата-ана өз баласы үшін, саулығы мен қауіпсіздігі үшін әлі де талмай күрес жүргізіп келеді.

Келер ұрпақ білім алуын тоқтатпауы үшін, Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі дәстүрлі оқыту жүйесін шұғыл Онлайн мектеп платформасына көшіруді қолға алды.

Енгізілген бұл онлайн мектеп платформасы әр оқушының өз ата-ана жанында, өз үйінде қауіпсіз білім алу мүмкіндігін әлі күнге дейін қамтамасыз етіп отыр.

Онлайн мектеп платформасы-орта білім беруді онлайн режимінде оқыту үшін құралған оқыту жүйесі болып табылады. Платформаны әзірлеуші «БілімЛенд Медиа Групп" және 1-11 сынып оқушылары мен олардың мұғалімдері пайдаланылуына арналған. Карантиндік шаралар кезеңінде осы ресурстың арқасында Республикамыздағы орта мектеп оқушыларының басым көпшілігі білім ала алады.

2 апта бұрын берілген ақпарат бойынша 2, 6 миллион оқушы қашықтан және 800 мың оқушы дәстүрлі жүйе бойынша қатынап оқуда екен. Қазақстанда қолданысқа түскен онлайн білім платформа саны 8 ге жетсе, қосымша WhatsApp, Zoom, Telegram және видеоконференциялар пайдаланып келеді екен.

Күнделікті сабақ та жаңа тақырыптар осы платформа арқылы түсіндіріліп, тақырыпқа сай тапсырмалар беріліп отырады.

Бірақ платформаға қатысты өзекті мәселелер туындағаны рас. Айта кетсек, негізгі екі себебі бар:

1 интернет сапасының төмендігі

2 тәлім алушының платформаны қолдана алмауы

Платформа әзірлеушілер берген ақпаратты қарастырсақ,

жүйеде 42 пәннен 5700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма жүктелген. Күн сайын 1, 5 миллион бірегей қолданушылар кіріп, сайт 30 миллион рет қаралады. Платформаны пайдалануға 3500 мектеппен келісімшарт жасалған. Бұл платформаны қолдану барысының тағы бір айта кететін тиімділігі мұғалім мен оқушылар әркез кері байланыста болады. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дайындалған тапсырмалар жиынтығы да бар. Оқушы сабақ барысында қатты шаршап немесе жалықпас үшін де түрлі сергіту сәт туралы видеолар мен қызықты видеосабақтарды қолдануға болады. Оқушының тапсырма орындауы кезінде қиындықтар тумас үшін платформада электронды кітаптар мен барлық керекті ақпараттар жүктеліп тұрады.

Бұл оқушылардың үйде отырып білім алуына өте қолайлы және қазіргі ауыр кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл түрі болып табылады. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін дұрыс немесе бұрыстығын платформаның тексеру батырмасы арқылы өз көрсеткіштерін бірден көріп біле алады.

Сонымен қатар мұғалімдердің ата-аналармен жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Әр ата-ана өз баласының білім деңгейін күнделік. кз сайты арқылы көре алады және мұғаліммен кері байланыс орнату үшін WhatsApp мессенджері арқылы қолданады.

Сөз соңында қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту әлемнің көптеген елдерінде білім беру келбетін өзгерте отырып, білім беру және ақпараттық мәдениеттің жаһандық құбылысына айналды. Қашықтықтан оқыту оқушыларға оң әсер етеді, өйткені ол өзін-өзі ұйымдастыру, компьютерлік техникамен өзара әрекеттесу және тапсырмаларды өз бетінше орындау арқылы оқушының шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттырады, ал компьютермен жұмыс жасау және қашықтықтан оқу дағдылары одан әрі әлеуметтенуге көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
COVID-19 кезеңіндегі Қазақстандағы онлайн және офлайн оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Қашықтықтан оқыту: технологиялары, ұйымдастыруы және Қазақстандағы тәжірибесі
Қашықтықтан оқыту жағдайындағы цифрлық технологияларды қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиетін қашықтықтан оқыту әдістемесі және тиімділігі
Қашықтықтан және онлайн оқытудың технологиялары мен ұйымдастыру формалары
COVID-19 кезеңіндегі білім беру процесін қашықтан оқытуға көшіру: Қазақстандағы салдары, мүмкіндіктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің цифрландыруы: пандемия кезеңіндегі трансформация, тәуекелдер және бағалау
Пандемия кезеңіндегі Қазақстан туризмінің өзгерістері мен экономикалық әсері
Қашықтықтан оқыту жүйесі: Қазақстан мен шетел тәжірибесі, терминологиясы және технологиялары
Қашықтықтан оқыту: тарихы, әдістері және электронды оқыту технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz