Қазiргi әлемдегi бiлiмнiң негiзгi даму тенденциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: 372.800.4
Жумабекова А.А., Мынбаева М.М.
Қазiргi әлемдегi бiлiмнiң негiзгi даму тенденциялары
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДБҰ Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы
071410, Семей қаласы, Қабылбаев көшесі,32;

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі - білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді. Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына арналған жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді, деп атап көрсеткен болатын.
Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі.
Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.
Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық процестер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Еуропалық білім кеңістігіне ену- қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт талабы.Жоғары білім беруде біз Болон процесіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі бакалавр-магистр-доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор) білім беру жүйесіне көштік.Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды.
Қоғамдық даму динамикасы екпiндi дамып келеді. Адамдардан меңгеру және жинақталған тәжірибені өз тiршiлiк әрекетiнің шартына қолдану қабілеттілігі ғана талап етілмейді, сонымен қатар қалыпсыз жағдайларда әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар. Қазақстандық 12жылдық мектептің құрлымы
Демография және әлеуметтану
Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы - білім берудегі оқытушылардың кәсіби қызметінің көрсеткіші іспеттес
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Білім беру жүйесі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Пәндер