Психология - өмірімде және кәсібімде


ЭССЕ
Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде
Орындаған: Чапай. Н
Қабылдаған: Утегенов. Б
Тобы: ФӨТҚБ-04-20
Психология - адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Менің түсінігімде психология - адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға, адамдарға, өмірге деген қарым-қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын және ғылым аясында анықталатын, эмпирикалық әдіспен зерттелмейтін ғылым. Психология салаларының ішінде гуманистік психологияның тұжырымдарымен келісемін. Бір жағынан бұл біздің ата-бабмыздың күллі адамзатқа қарсы көзқарасымен үндеседі. Және гуманистік психологияда жақсылық жасау, мейірім, рия, ар, ұждан, жауапкершілік сынды қасиеттерді адам болмысында бар нәрсе екенін мойындайды. Психологияның нақты не екенін көбіміз жетік білмесекте кейбір әрекеттерімізбен өзге адамның психикасына, танымына жақсы әсер қалдырып жатамыз. Бұл біздің отбасымыздан алған жақсы тәрбиенің жемісі деп есептеймін. Алайда қазір ақпараттарға толы заман болғандықтан, шамадан тыс ақпарат - адамды қажытады. Әсіресе психологиялық соққы береді. Сан алуан ақпараттың ортасында болудың ең үлкен және басты кемшілігі осы.
Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Адам кейде өзінің ойлауы арқылы психологиялық анализ жасайтынын байқай бермейді. Мысалыға: жаңа бір адаммен таныстық орнатқан кезде, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды, не ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру, не жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпкерлер өзіне ментор іздейді. Ментор дегеніміз қарапайым тілде айтқанда, ақыл кеңесін беруші ұстаз. Көбіне кәсіпкер ментормен өте жақын байланыс орнатқанда дәл аға мен іні арасындағыдай берік байланыс орната алса, шәкіртке көбірек пайдасын тигізеді. Шәкірт болған кәсіпкер өзіне алға бастаушы жол, психологиялық жағынан да, кәсіптік жағынан да сенімді тірек табады.
Қорыта келе қоғамдағы барлық адамдармен қарым-қатынасымызды психология ғылымы зеріттейді. Әр адаммның психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу, ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz