Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари: Ортағасырлық түркі ренессансы мен мәдени-интеллектуалдық мұра


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әбу Насыр Әл-Фараби тобы

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала) . Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Жоғарыда айтып өткеніміздей адамзат дүниесіне, халыққа, ұлтына және оның дүниелеріне ақыл парасаты мен білімі арқылы қызмет ете білген адам зиялы адам. Шынайы (дәстүрлі) діннің өзі адамзаттан зиялылықты талап етеді. Ұлттық мүдде, халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты, батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды. Кемеңгер бабаларымыз айтып кеткендей, ұрпақтың қашанда өзін, өмірін қор қылатын нәрселерден аулақ болғаны жөн. Адамның шынайы, әрі дұрыс білімі оның танымын сақтап тұрады. Егерде надандық болса, қоғамдағы барлық кемшілік сауатсыздықтан, әділетсіздіктен, әдепсіздіктен шығар болса ұрпақ өзінің, мемлекетінің болашағына қажетті көптеген мүмкіндіктерден қолы үзуі мүмкін. Қашанда адамның дініне, діліне күш беретін білім, көркем мінез.

«Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, - ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын матерядан азат етеді» [2. 170 б] . Адам өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық байланыста болуы тиіс. Интеллектуалдық байланыстың биік көрінісі парасаттылық. Ата бабаларымыз ата мекенменен парасатты негізде байланысу нәтжесінде мәдениетті, ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін тарихты қалыптастырған.

Жүсіп Баласағұн тобы

Орта ғасырлардағы Шығыс Ренессансы аталған алтын дәуірсіз Жүсіп Баласағұн өмірі мен шығармашылығын түсіну мүмкін емес. Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, Ибн-Сина, Беруни секілді ойшыл ғұламалардың сан-салалы еңбектері Орта-Азиялық Қайта Өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмуд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі», Ахмет Игүнекидің «Шындық сыйы», Ахмет Иассауидың «Диуани Хикметі» тарихи ескерткіштердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзат рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақталған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күресуге ұмтылып отырған кезеңді басынан кешіруде. Кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді «бақыт деген не?» деген мәңгілік сұрауларды қабырғасынан қойған болатын. Солардың бірі «Құтадғу білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн еді. Әрине, оның тек өзіне ғана белгілі өз әлемі болды. Ол оны басқаларға үрім-бұтағына, яғни, біздерге сыйлағысы келді. Жүсіптің өз заманындағы ірі тұлғалардың бірі болғаны сөзсіз. Баласағұнның дүниеден өткеніне 900 жыл болса да, оның туындыларының өміршеңдігін, біздің ақыл, ой-санамызда, көңілімізде қанағат сезімін тудыратынын айта аламыз

Махмут Қашқари тобы

Толық аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Деректерде әртүрлі айтылып жүр. М. Томанов 1030-1090 жылдарда өмір сүрген десе, кейбір деректерде 1029-1101 жылдары өмір сүрген делінеді. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М. Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген.

«Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.

Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби, Махмұд Қашқари және Жүсіп Баласағұн: Қазақстанның ортағасырлық мәдени мұрасы мен оның сақталуы
IX-XII ғғ. ортағасырлық түркі ғұламалары: Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн және Қожа Ахмет Йассауи
Әл-Фараби, Махмұд Қашғари және Жүсіп Баласағұн: Ортағасырлық түркі ғылымы мен философиясының мұрасы
Ортағасырлық түркі ғұламалары мен әдеби мұрасы: Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари және Қожа Ахмет Йассауи
Қазақстанда исламның таралуы және ортағасырлық мәдени өрлеу: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари
Түркі ғұламаларының адамгершілік тұжырымдамасы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари және Қожа Ахмет Яссауи
Ортағасырлық түркі ғұламалары: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағүни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр
Ортағасырлық түркі ғалымдары мен жазушылары: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари және Қожа Ахмет Яссауидің ғылыми-әдеби мұрасы
Ортағасырлық түркі-ислам ғұламаларының тәрбиелік-рухани мұрасы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр
X-XII ғ. түркі әдебиеті: Қарахан мемлекеті және әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz