Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
№1 СОӨЖ
Тақырыбы: Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері
Орындағандар : 6В020301-Филология
203-топ студенттері
Аманбай Фариза
Андреева Медина
Әлімова Ләззат
Шалтаева Еңлік
Тексерген: Бақыттыжамал Заманханқызы
Алматы - 2020 жыл
Билік - көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері - тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі - Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз. Өзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциаңиясының ішінде басқа мазмұнға ие болады. Болмыстың фундаменталдық сипаттамасы бола отырып және особьтардың тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып өзара тәуелділік ассоңиаңиялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай отырып, олардың гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады. Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің колониясы және басқалар көрнекті мысал бола алады. Мұнда иерархия особьтардың табиғи негізінде, олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері шешуші рөл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі иерархияның қалыптасуы барынша ашық және мейлінше аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, үйір, жанұя адамдардың ең алғашқы ассоциативті топтары болып табылады, олардың ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің бастауы жатыр. Приматтар үйірінде, адамзаттың арғы тектерінің ассоциативті тобында биліктің қалыптасуы және қызмет етуі карапайым психофизиологиялық негіздегі особьтардың шынайы мінез-құлықтарынан келіп шықты, себебі әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың арғы тегінің қауымдастығы гомогенді (гр. сөзі - біртекті) болды, бірақ қауымдастықтың дамуымен гомогендік сипатты социумның гетерогенділігі (гр. сөзі - біртекті емес, әртүрлі бөліктерден құралатын) алмастыра бастады. Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдастығының әлеуметтік жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттаңдыруда, тұрмыс салтында әр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, эр түрлі кәсіптер, сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоңиациясы этномәдени, өлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, үстемдік ету мен бағынудын әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция - элитарлық әрекетке айналады. Бұдан келіп қоғамның саяси мәдениеті пайда болып, дамиды, оны игеру мен қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі орын алады. Жалпы алғанда биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету- бағыну қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда субъект-субъектілік катынастар жүйесінде - үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың ғылым ретіндегі өзгешелігін, оның пәнді мазмұнын көрсетеді. Өкениет тарихында биліктік қатынастар әр түрлі әлеуметтік негіздерге, әр түрлі тарихи тамырларға ие. Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты:
1) Адамдар қауымдастығының табиғи тарихи дамуының, оның құрылымдануының, басқару функцияларының күрделенуінің нәтижесінде жолға қойылды. Афины мемлекеті мұндай дамудың классикалық мысалы бола алады. Афины демократиясының идеологы Аристотель - отбасын, адамдар қонысын, мемлекетті ең жоғарғы сатысыңда мемлекеттік билік пайда болатын әлеуметтіліктің даму сатылары деп кездейсоқ есептемеген.
2) Соғыстың, зорлық-зомбылықтың, басып алудың нәтижесінде қалыптасқан билік бағындырудың, тікелей мәжбүрлеудің құралы болды. Бұған спартандықтар мен илоттар арасындағы биліктік қатынастар мысал бола алады. Илот қоныстарына әрдайым үрей, шабуыл қатерін төндіре отырып, оларды қырып-жою партандықтардың билік құруы ның құралы еді.
3) Қоғамның әлеуметтік жауласушы күштерге бөлінуі және сословиелік таптық диктатураның орнауы нәтижесінде қалыптасты. Билік құрудың осы ерекшелігін мемлекетті үстем тап қолындағы сойыл ретінде қарастыратын марксизм идеологиясынан көруге болады. Саяси революңиялар таптық диктатураның уысуымен байланыстырылады. Марксисттердің көзқарасы бойынша, соңғы саяси революция адамдарды қанау және таптық үстемдіктің құралы ретіндегі мемлекет болмайтын тапсыз қоғамға жол ашатын пролетариат диктатурасының орнауына алып келеді.
Әлеуметтік өмірде билік өзін көпаспектілі және көпөлшемді құбылыс ретінде көрсетеді. Билік құрушы субъект өз акцияларында, әрекеттерінде өз "мендігінің" шегінен шығып кетеді. Оған объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда өзінің субъектілігін, яғни өзінің өлеуметтік ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол - қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған карабайырлығына карамастан мұнда билік кэжеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген. Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, кандай тәсілдермен, кұралдармен, акциялармен, өрекеттермен іске асыруға бола- ды, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, соңдай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің әр түрлі аспектілеріне жөне тұлғаның өзіне әсері қан- дай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әртүрлі тәсілдері бар: 1) Телеологиялық (гр. сөзі teleos - мақсат + logos -түсінік, ілім) . Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты . сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыңан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтандатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие "Мақсатқа жетуде кез келген өрекетті қолдануға болады" деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады. 2) Инструменталдық . Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Ол биліктік ықпалдың шынайы актілерін, биліктің ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестігін, олардың өкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін олар қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді. Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің -гуманистік аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса тиімді әлеуметтік құрал екені сөзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның әлеуметтік маңызын бар мазмұнымен аша алмайды деп айтуға болады. 3) Функционалдық . Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды өлеуметтік функция болып табылатындығы сөзсіз. Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды. Билік функциялары, ең алдымен саяси тұрғыда болады. Яғни, билік формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды жөне әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси идеология жасақталынады. 4) Құрылымдық -функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық төсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz