Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі Қылмыстық процесс принциптерiнiң мемлекеттік маңызы мен мәнi мынада:оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудiжарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiбұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануғаәкелiп соқтырады. Қылмыстық процестiң мемлекеттік мiндеттерi қылмыстарды тез және толықашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiлсот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамдыжәне азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары менбостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталғаннемесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс. Сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық iстербойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚІЖК, ҚІЖК-нің 1-бабында көрсетiлген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiңталаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары менбостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдарды және өзге де нормативтiкқұқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға жататын заңнемесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияменбаянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп ұйғарса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және сол актiнi конституциялықемес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Соттың, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iсжүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен , заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюғаәкеп соғады. Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы: Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тексоттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңдакөзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Соттың үкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыс жасағаныүшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды. Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiнжүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен айқындалады және оны өз бетiншеөзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса детөтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа дашешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды. Өзi қарауына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзегеасырушы, өзiнiң өкiлеттiгiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделгенқылмыстық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгедей бұзған соттың үкiмi менбасқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн осы Кодекстекөзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау: Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар. Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңмен көзделген соттылығы өзгертiлеалмайды. Мемлекет заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойыншажәбірленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн және келтiрiлген залалдыңөтелуiн қамтамасыз етедi. Жеке адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу: Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысушыадамдардың абыройын түсiретiн немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер менiс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сонымен бiрдей осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн адам құпия сақтауқажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi жинауға, пайдалануға жәнетаратуға жол берiлмейдi. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiнен адамғакелтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Адамның жеке басына тиiспеушiлiк: ҚІЖК-де белгiленген негiздер ментәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойыншаұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруғаболмайды. ҚІЖК-де көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқашағымдану құқығын бере отырып, тек соттың немесе прокурордың санкциясыменғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiнмедициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жолберiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiнмедициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесепрокурордың санкциясы бойынша жол берiледi. Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiккелтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереухабарланады. Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесеқамауға алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған незаңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталғанадамды дереу босатуға мiндеттi. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардыңешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiнәрекет жасауға болмайды. Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығынақауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамныңжеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оныңзаңды өкiлiнiң еркiне қарсы осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайлар ментәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Өзiне қатысты жолын кесу шарасыретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады дегенсезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қауiптуғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс. Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайдаұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян осы Кодекстекөзделген тәртiппен өтелуге тиiс. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары менбостандықтарын қорғау: қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстықпроцеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңдыталаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары менбостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделгеннегiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс. Жәбiрленушiнi, куәнi немесеқылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасымүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiнжоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестiжүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шаралардықолдануға мiндеттi. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы: азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдармен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграфжәне өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысындабұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiпбойынша ғана жол берiледi. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiнеқарсы кiруге, оны қарауға және тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайлармен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. Меншiкке қол сұқпаушылық: меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi десоттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды. Iс жүргiзуәрекеттерiнiң барысында адамдардың банктегi салымдарына және басқа дамүлiктерiне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы Кодексте көзделген жағдайлармен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Кiнәсiздiк презумпциясы: Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделгентәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiменбелгiленгенге дейiн кiнәсiз деп саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. Айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның . Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiндепайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуi тиiс. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқатдәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс. Қайта соттауға және қылмыстық iзге түсуге жол берiлмеуi: ешкiмдi де нақбiр қылмыс үшiн қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру: Сот әдiлдiгi барша жұрттың заң мен сот алдында теңдiгi негiзiнде жүзегеасырылады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайларбойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды. Қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сотiсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осыКодекспен, заңдармен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралықшарттармен айқындалады. Судьялардың тәуелсiздiгi: судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiзболады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғанабағынады. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсынараласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстербойынша судьялар есеп бермейдi. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгiҚазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзінде, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілікережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы: а) 84-баптың 1-бөлігінде маман - "тергеуге және сот әрекеттеріне маманретінде қатысу үшін" шақырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармашбойьшша маман-қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеуүшін маманның катысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман- тергеу іс -әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтқанда, баптабылай делінген: "Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінің барлыққатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс") ; 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман "тергеу экспериментіне қатыстырылуы" мүмкін, 238-баптьң 3-белігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақгарды тексеру мен айқындауқажет болған жащайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстықпроцеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалғанталдаудан "қатысушы", "қатысу үшін шақырылған адам", "іс-әрекетке қатысушыадам", "қатыстыру", "қатысуымен" және сол секілді ұғымы -бір нәрсенібілдіретінін көреміз; ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағ-дайыныңанықтамасын "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзгедеадамдар" ұғымдарымен салыс-тырьш көрелік: маман - процеске қатысушы; маман - кылмыстык процеске қатысушы өзге адам; Қарапайым салыстыру негізінде "процеске қатысушы" және "қылмыстықпроцеске қатысушы өзге де адам" ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз; б) Қылмыстық процеске тартылатын адамдарды "қатысушылар" мен "қылмыстықпроцеске қатысушы өзге де адамдарға"бөлу шарты, сырттай сипат алып отыржәне заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атапкөрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегістатусына байланысты ондай мүдделер бар (сот сот терелігін жүзеге асыруға, прокурор - заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға қолдаукөрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы - іс бойынша ақиқаттың анықталуынажәне кінәлілердің әшкереленуіне, қорғаушы - қорғауындағы адамның мүдделеріқорғалуына мүдделі секілді) . Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тін бірде-бір нормасы қылмыстық сотісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлітізбесін бермейді. Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдаршеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі: занды бір ізге салу; заңды әмбебаптандыру; заң бұзылуының алдын алу; құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жетумақсаттарында маңызды. Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық ісжүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалыпотыр. Процеске катысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларыменөзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге: сот ісін жүргізуге әрбір катысушының статусын белгілеуге; түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функцияларарасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндікбереді. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтапотырған жолының пайдалы жағы мыналар: а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқықкатынастарында жүзеге асырылады; ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қаты-сушының құқықтармен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады; б) қылмыстық іс жүргізу кызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тәнқұқықтары мен міндеттері болады; в) құқық қатынастарының сипаты адамньщ құқықтық статусын негізге алаотырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және сол секілді) ; г) құқық қатынастарына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі
Қылмыстық процеске қатысушылар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Жасырын тергеу әрекеттері
Дәлелдемелердің қайнар көздері
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz