ҰЛТТЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ МЕН МӘНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҒТАХР 16.01.33; ҒТАХР 16.01.45
ұлттық Тілдік тұлға қалыптастыру негізі мен мәні
Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы¹
Филология ғылымының кандидаты, профессор
Павлодар педагогикалық университеті
Павлодар қаласы, Қазақстан

Дилфуза Сапарбаева²
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы магистранты
Павлодар педагогикалық университеті
Павлодар қаласы, Қазақстан

Аңдатпа. Мақалада ұлттық тілдік тұлға қалыптастру мәселес, қазақ тілінде ғылыми тіл мәдениетін, нақты ғылым (жаратылыстану) тілімен қазақ тілін оқытуды жетілдіру, қазақша математикалық лексика арқылы тіл қолданысын арттыру мәселесі қарастырылады. Кез келген пән арқылы тілдік тұлға қалыптастыру мәселесі алдыңғы орында болуы тиісті айтылады.Сондықтан білім алушылардың әдеби тілін жетілдіруде тіләдебиет пәні ғана емес, басқа да пәндердің тіл дамытудағы маңызы бары, оларды оқытуда білім алушылардың сөз қолданысы мен тіл мәдениеті қадағағалану тиістігі туралы ой қозғалады. Мақала нәтижесінде, қорытындысында кез келген пән ұлттық тілдің қалыптасуы мен жетілуіне септігін тигізетін бірден бір тілдік құрал екеніне назар аударытылады.
Кілт сөздер: тілдік тұлға қалыптастыру, ғылыми тіл, математикалық тіл қолданысы, сөз есеп.

Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы¹
Кандидат филологических наук, профессор
Павлодарский педагогический университет
г.Павлодар, Казахстан
Дилфуза Сапарбаева²
Магистрант специальности Казахский язык и литература
Павлодарский педагогический университет
г.Павлодар, Казахстан
Аннотация В статье рассматриваются вопросы формирования национальной языковой личности, повышения культуры научного языка на казахском языке, обучения казахскому языку с использованием языка точных наук (естествознания), расширения использования языка через математическую лексику казахского языка. Проблема формирования языковой личности через любой предмет должна быть на первом плане.Поэтому не только предмет языклитература важен для совершенствования литературного языка учащихся, но и другие предметы для развития языка учащихся, употребления слов и развития языковой культуры, которые должны контролироваться в процессе обучения. В конце статьи обращается внимание на то, что любой предмет является единственным языковым средством, способствующим формированию и совершенствованию национального языка.
Ключевые слова: развитие языка, научный язык, математическая лексика казахского языка, текстовые задачи

Shaqaman Yrysgul′ Bektemirqyzy¹
Candidate of philological sciences, professor
Pavlodar Pedagogical University
Pavlodar City, Kazakhstan

Saparbaeva Dilfuza²
Master's student of the specialty "Kazakh language and literature"
Pavlodar Pedagogical University
Pavlodar City, Kazakhstan
Annotation. The article deals with the formation of a national language personality, improving the culture of the scientific language in the Kazakh language, teaching the Kazakh language using the language of Exact Sciences (Natural Science), expanding the use of the language through the mathematical vocabulary of the Kazakh language. The problem of forming a language personality through any subject should be at the forefront.Therefore, not only the subject of languageliterature is important for improving the literary language of students, but also other subjects for the development of the language of students, the use of words and the development of language culture, which should be monitored during teaching. At the end of the article, attention is drawn to the fact that any subject is the only language tool that contributes to the formation and improvement of the national language.
Keywords: language development, mathematical terms, mathematical vocabulary of the Kazakh language, text math.

Кіріспе. Қазақ тіліндегі тіл дамуының заңдылығы, тілдің құрылымдық-жүйелік сипаты, сөзжасам аясы, тіл арқылы қоғам мен әлемді тану, оның ойлаумен, мәдениетпен, адам болмысымен байланысы, тіл арқылы танымды зерттеу мәселесі нақты жолға қойылды, бұл жайында ғылыми теориялық, әдіснамалық зерттеулер қалыптаса бастады. Тіл арқылы адамзатты тану, адам арқылы тіл қызметін шешу тетігі - сол адамзаттың өзі.
Қ.Жұбанов: Адам баласының табиғатында әуелі сөзді біліп алып, өзін кейіннен білу қасиеті бар. Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата айтатыны - өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен... - деп таным арқылы тіл қызметінің астарын түсіндіреді.[1,93 б.].
Тіл ғылымындағы зерттеулік бағыттар мен өзгерістер жалпы ғылым-білімге, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени даму мен өркениеттік жағдайға тәуелділіктен пайда болады. Жалпы ғылымдағы өзгеріс, тіл ғылымындағы өзгеріс ғылыми зерттеу парадигмасын қалыптастырады. Әр ғасырдың, дәуірдің өзіндік тілдік қолданысы болғаны сөзсіз. Сол деңгейге сай ұлт тілінің зерттелу мазмұны, зерттеу әдісі мен сипаты, соған орай теориялық негіздері жинақталады, ғалымдардың ғылыми тұжырымдары кейінгі дәуірдің зерттеу бағыттарына, тілдік танымдары мен көзқарастарына негіздеме болады.
Әдістеме.Тілді адам танымы мен болмысы, жан күйі, жара-тылысы, табиғатпен байланысы жағынан қарастыруға бұрынғыдан да терең ден қойыла бастады. Социализм дәуіріндегідей қазақ тілін орыс тілімен ғана салыстырып қарастыру, кеңестік көзқараспен қалыптасқан тілге жалаң теориялық сипат беру ұлттық тілдің болмысын тануға шектеу жасағаны белгілі. Сондықтан тілді басқа қырынан, өз аясында, ұлттық негізден шығарып тану басты міндетке алынды. Бірақ бұған қарап, осы кезеңге дейін тіл таным тұрғысынан зерттелмеді деген түсінік қалыптаспауы тиіс.Тілдің жалпы қоғамдық, кеңістік пен уақыт ішіндегі қолданыстық қызметі, грамматикалық категорияға жіктелуі, т.б теориялық негіз беруге себеп болатын танымдық белгілері туралы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов өз зерттеулерінде қарапайым түсінікпен-ақ жеткізген.
Мақаланың әдіснамалық мақсаты - ұлттық тілдік тұлға бейнесін кез келген пән бағытында қалыптастыру жолын түсіндіріп, қазақи математикалық түсініктерді, ойлауды алып, қазақ тілінде білім беруде және тіл дамытуда қолданысқа айналдыруды ұсыну; қазақи логикадан алыстатпауды, ұлттық дүниетаным негіздерін математикалық тіл арқылы қалыптастыру негіздерін беру арқылы кез келген саладағы мұғалім, оқытушылардың осы бағытта тіл үйрету құзіреттілігіне ие болуына, оны арттыруына ықпал жасау. Мақала мазмұны саралау, жинақтау, талдау, шолу әдісі негізінде тұжырымдалып жазылды.
Нәтиже. Пән жүйесін тану деген бар. Ол - оқытылатын пәннің ілімдік, әдістемелік, философиялық, т.б. астарлы ғылыми құрылымын теориялық жақтан да, тәжірибелік жақтан да жан-жақты игеру деген сөз. Ал тілдік пәннің мәні - тіл үйрену негіздерінің дұрыс көрсетілуі мен оқытылуда пайдаға асуы; қолданысқа ие болуы. Тілдік пән жүйесін тану мәнін оқытушы кәсіби шеберлігімен көрсете білуі тиіс. Тіпті пәннің кемшілігін де тыңдаушыға аңғарттырмау оқытушыға байланысты. Кез келген тілдік пән оқулығын маңызды әдістемедлік құралға айналджыруға болады. Тілдік пән жүйесінің теориялық мазмұндық құрылымы мен әдіснамалық негізі, оқытылу жүйесінің берілуі, ішкі байланысы, тілдік талдаулар жүйесінің, анықтама-ережелердің берілуі, тапсырма-жаттығулар реті оның ерекшелігін білдіреді. Тілдік пән жүйесі қойылған мақсатқа, алынған міндетке, таңдалып отырған тыңдаушы, оқырманға, үйретілу бағытына қарай құрылым табады. Сондықтан тілдік пәнді оқытуда оқытушының міндеті тыңдаушының тілдік деңгейін білуімен шешіледі.
Дәл осындай пән жүйесін тану басқа да жаратылыстану, гуманитарлық пәндерге қатысы бар.
Қазақ тілін ғылыми жақтан дамытуда тек терминологиямен, терминдерді аударумен шешу - тар түсінік. Негізінде, қазақ тіліндегі математикалық ұғымдардың қалыптасуы, біріздендірілуі, ұлттық түсініктегі атауларға келтірілуі туралы мəселелер үнемі зерттеліп, реттеліп, заңдылыққа айналуы міндетті болуы керек.
Қазақ тілін жетілдіру, оқушыларға тіл мәдениетін сақтап сөйлету, әдеби тіл ережесімен сөйлеу мен жазуды үйрету тек Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті сабағына телу деген қағида санадан ығысуы тиіс. Кез келген пәннің ұлттық тілдің қалыптасуы мен жетілуіне септігін тигізуі керек. Сондай пәндердің бірі математика таза ана тілінде жүргізіліп, түсіндірілсе, оқушылардың ұлттық логикасы, дүниетанымы терең болады. Сабақ үстінде қазақ математикалық тіл қолданысын қадағалау оқушылардың сол пәндік мәтінді оқу, жазу кезінде, оқығанын қайта айтып беруінде сабақты жақсы әрі терең түсуіне кепіл болады (бұл арада терминдерді жаппай аударып сөйлету деген түсінік айтылып тұрған жоқ). Сонымен бірге басқа пәнде де оқушылардың әдеби сөйлеуі тез қалыптасып, тіл мәдениетін сақтау дағдыға айналады, ғылыми тілді тез түсінуге, баламасын білуге, ғылыми теорияларды тез әрі оңай қабылдауға жол ашылады.
Талқылау. Тілдік тұлғa - сөз қолданысымен көрінeтін әлeумeттік, психологиялық, тілдік мәдени, тілдік әдеп, шешендік қасиеттрі жинақталған aдaм. Тілдік тұлғa деп тілді мeңгeргeн, сөйлеп тұрған ұлт тіліндe ойын дұрыс жеткізіп, сөйлeй aлaтын;әдeби тілді шығaрмaшылық дeңгeйдe тұтынaтын жәнe қызмeт eту бaрысындa өзіндік шығaрмaшылығын тaнытa aлaтын aдaмды айтады. Тілдік тұлғатануда тілі толық жетілген, қай салада болсын ойын тіл арқылы нақты жеткізетін тұлға қаралса, тіл білімдік тұлғатану одан жоғары болып табылады. Тілдік тұлғa ұлттық тілді ғaнa емeс, ұлттық мәдeниeтті дe тұтынушы саналады. Тілдік тұлғада лингвистикaлық құзірeт, коммуникaтивтік құзірeт, сондaй-aқ мәдeни-тілдік құзірeт болaды. Тілдік тұлғaның мәдени тілдік құзіреті сөз сaптaуы кезінде aдaмгeршілік, жaуaпкeршілік, мeйрімділік, әділдік, aр-ұят, т.б. ұстaнымдaрын нeгізге aлуында көрінеді.
Қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өміріне қатысты барлық саланың ана тілінде болуы, Қазақстанда тілдік құбылыстың жалпы мазмұны (оны талқыға түсірмесе де болады) қазақша сипатта болу керектігі кімге де болса аян. Қоғамда қазақ тілін дамыту, үйрету дегенде тек қазақ тілі теориясы, әдебиет бойынша оқыту деген түсінік қалыптасып кеткен. Тілді оқыту тек сөз таптары мен әдеби шығармаларды оқытып, жаттатудан тұрмайды. Тіл дамытудың келелі мәселесі - басқа пәндік тілдер арқылы білім алушылардың қазақша ойлау жүйесін арттыру, ұлттық танымын басқа ғылым тілімен кеңейту.
Тұлға мәдениетінің бір көрсеткіші, өлшемі - ұлт тілінде әдеби сөйлеуі. Сол үшін білім алушылар үшін әдеби тілді меңгеру кез келген пән сабағында жүзеге аса алады.
Адамзаттың ұлттық негізден шығатын математикалық ойлауы бар, тек ол түрлі қырынан көрініс табады. Қазақ ұлтының есептік, логикалық ойлауы жалпы адамзатқа тән ерекшелікпен бір деңгейде. Қазақтың математикалық ойлауы өзінің мәдени танымына, табиғатты өз санасына қабылдауына қарай, тұрмыс тіршілігі мен әдет-ғұрпына сай, дерексіз, философиялық мазмұнда қалыптасты. Одан соң қоғамдық даму кезеңімен адамзаттың ой-өрісі де кеңейіп, сауда-саттыққа қатысты есептік ойлау жүйесі енді.
Қазақ ұлтында алғашқы даму кезеңінде көш-қондық сипат басым болғандықтан, аспан денелеріне қарап есептеп болжау, адамның дене мүшелеріне, жүріс қадамдарына, жан-жануарлардың қозғалыстық бейнелеріне қарай есептеу, соған орай есептік атаулар туындады. Қазір бұл атаулар ақсақалдар тілінде ғана қолданылады немесе ұлттық қарым-қатынас барысында ғана, қажаеттілігіне қарай қазақ тілін ұлт тілінде білетіндер арасында айтылып, естіліп жатады. Ол атаулар білім алушылар үшін аса таныс емес. Қазақша өлшем атаулары, қазіргі тілге түсірсек, метематикалық терминдеріміз (қадақ, қарыс, сүйем, елі, табан, қадам, айшылық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полилингвалық тұлға
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілінен сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Аударма аумағындағы концепцияның аудармашының тілдік тұлғасы
Мәдени тілдік құзыреттілік
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Тұтынушылардың рухани санасы
Пәндер