Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сейтжан Арайлым БО-23

Тапсырма

1. Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе жазу.

Философия - жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады.

Философияның негізгі бөлімдері - онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияға қысқаша сипаттама беру:

1. Онтология (гр. Ontos - болмыс, logos - ілім) - философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.

2. Гносеология - Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру - адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мың жылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.

3. Философиялық антропология- адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.

4. Логика - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

5. Этика (грек. Ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.

6. Эстетика (көне грекше: αἰσθητικός - сезіну, сезімдік) - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

7. Әлеуметтік және саяси философия- дамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т. б. ) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған. Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.

3. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім мәселесі бойынша баяндама.

Рухани жаңғыру - қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу.

«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі- ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі , алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.

Ұлттық сана жеке адамның, халықтың ұлттық болмысының интеллектуалдық негізі, ұлттық болмыстың әлеуметтік мәдени өрісін қалыптастырып сақтап отыратын қасиеттердің біріктіруші негізі ретінде тарихи уақыттың өзінде ерекше құбылысқа ие болып отырған. Бұлай дейтін себебіміз әр ұлттың мәдениеті, тарихы, талант иелерінің тарихы ұлттық сананың күшімен қалыптасып отырады

4. Шәкәрімнің үш анығы бойынша ой-пікірмен бөлісу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Философияның адам және қоғам өміріндегі атқаратын рөлі. Сіз философияны қалай түсінесіз
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Ертедегі грек тарихшылары
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы философияның рөлі (эссе)
Философияның пәні мен әдісі
Педагогикалық эксперимент түрлері
Лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz