Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары
Шет тілі:Екі шет тілі мамандығының
108 топ, 1 курс студенті Еркінқызы Жансая
1. Қазақ жеріне қоныстандырудың күшеюі және қоныс аударушыларға қолдау шаралары.
Ресейде 1861 жылы басыбайлылықты жойғанымен жер мәселесі шешілмеді. Басыбайлылыққа қарсы шаруалардың қозғалысы жалғаса берді. Сондықтан шаруалардың назарын басқа жаққа аудару қажет болды. Екінші жағынан шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отаршылдық саясатты жүзеге асыратын әлеуметтік күшті қазақ жеріне орналастыру қажет болды. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыруды заңдастыру үшін патша үкіметі 1867-68 жылдары қабылдаған әкімшілік реформасы бойынша қазақ жерін патша үкіметінің меншігі деп жариялады.
Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды ынталандыру мақсатымен патша үкіметі көптеген шара қолданып, жеңілдіктер жасады. Ресейден келетін шаруаларды қоныстандыру жұмысын ұйымдастыру міндетін орындайтын қоныстандыру басқармаларын жер-жерге орнатты. Қоныстандыру басқармаларының қарамағына қоныстандыру фондын орнатты. Патша үкіметі қазақтарды ата бабасынан келе жатқан қонысынан шөл, шөлейт жерге қуып тастап, құнарлы жерлерді қоныстандыру фондына берді. Сөйтіп Ресейден келген шаруаларды құнарлы жер күтіп тұратын болды.
Көшіп келетін орыс шаруаларына патша үкіметі көп жеңілдік жасады. Шаруалардың көші-қон қаражатын үкімет өз мойнына алды. Келген шаруалардың шаруашылығын ұйымдастыруына үкімет қарыз берді. Көшіп келген шаруаларды кейбір жерлерде 5, кейбір жерлерде 10 жыл салықтан босатты. Осындай жеңілдіктер қазақ жеріне келушілерді көбейтті.
1905-7 жылғы революциядан соң патша министрі Столыпин аграрлық реформа қабылдап шаруаларға өзінің азғантай жерін сатып Шығыстағы ұлан байтақ құнарлы жерге көшуге рұқсат берді. Бұл Қазақстанға орыс шаруалырының ағылуына әкеп соқты. ХІХ ғасырдың ақырында қазақ жеріне Қытайдан ұйғырлар мен дунгандар келіп қоныстанды. Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп келуі қазақтардың өз жеріне азшылық болып қалуының басталуына әкеп соқты.
Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.
Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.
Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.
Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.
2. Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы.
XX ғасырдың бас кезінде қазақтар арасында петициялық қозғалыс елеулі түрде етек алды. Қазақ халқы өзінің өмірлік маңызы бар шұғыл проблемаларын петициялар жолдау арқылы шешуге тырысып көрді. Ол петицияларда жер, дін және халыққа білім беру саласындағы алуан турлі талаптар қойылды. Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генералгубернаторлардың, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.
Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтіліп жатты.
Қарқаралы петициясы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторының Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды.
Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері Сын Отечества және Русские ведомости сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.
1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды
3.Қазақ депутаттарының Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан -- Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан -- Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан -- Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан -- Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді.
Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан -- Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz