Экономикалық өсудің негізгі модельдері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 6
1.3.Экономикалық өсудің типтері 9
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 11
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 13
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 16
2.1. Динамикалық тепе.теңдіктің кейнсиандық моделі 16
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 18
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 19
2.4. Салааралық баланс (шығын.шығару) моделіндегі экономикалық өсу 20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 22
3.1 ҚР.дағы қазіргі экономиканың жағдайы 22
3.2.ҚР.дағы экономикалық өсудің болашағы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 6
1.3.Экономикалық өсудің типтері 9
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 11
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 13
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 16
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 16
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 18
2.3 Нөлдік экономикалық өсудің концепциясы 19
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
БОЛАШАҒЫ 22
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 22
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам
дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу
жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және
туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық
реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда,
экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір
сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы
орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар
дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың
өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады.
Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының
алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде
жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық
өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам
дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер
кезде қаралуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және
практикалық аспект жетістіктерін оқу.
Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:
• экономикалық өсу түсінігін қарастыру;
• экономикалық өсуге әсер ететін факторларды көрсету;
• экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;
• экономикалық өсудің типтерін қарастыру;
• экономика дамуын жоғарлатудағы мемлекеттің ролін анықтау;
• ҚР-ның қазіргі экономикалық даму жағдайын сараптау;
• Болашақта дамуын анықтау;
Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген
батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық
ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму

Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті
(мүмкін) ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті
толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен
қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын
білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық
өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті
және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты
шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер
экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі
болады.

1-сурет. Экономикалық өсу және өндіріс мүмкіншілігінің қисығы
Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы түрде өндіру
мүмкіншілігі қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың
товар өндіру және қызмет көрсету қабілетінің өсуін сипаттайды. Егер
экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын
болса, онда экономика өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды,
яғни графикалық түрде экономика ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді. АВ
және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық сұраныс тез өсуі және өсіп келе
жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен пайдалану керек.
Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе,
яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс
қисығында жұмыс істемейді.
Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс қисығында әрекет етуі керек, ол
үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек.
Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін
қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін
қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық өсу – бұл белгілі уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің
сандық және сапалық жетілдіру.
2-суретте тиімді экономикалық өсудің мақсаттары көрсетілген.

Тиімді экономикалық өсудің
мақсаттары

өмір сүру мерзімін ұзарту;

аурудың және жарақаттанудың төмендеуі;

қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру;

білім беру және мәдениет деңгейін көтеру;

әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру;

кедейлік пен өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын жою;

толық жұмыспен қамтылу;

2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары

1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері

Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында
негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).
Өндіріс факторлары

еңбек жер капитал

3-сурет. Өндірістің үш факторы теориясы

Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек
көрініс тапты.
Оларға жатады:
• еңбек;
• жер;
• капитал;
• кәсіпкерлік ынта;
• ҒТР.
Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін
топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.
Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге
болады:
• сыртқы;
• ішкі факторлар.
Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін
факторлар бар:
1. Интенсивті факторлар:
• ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату (жаңа техниканы,
технологияны негізгі фондтарды жаңарту жолымен енгізу, т.б.)
• мамандар біліктілігін көтеру;
• негізгі және айналым фондтарын пайдалануды жақсарту;
• шаруашылық қызмет тиімділігін дұрыс ұйымдастыру арқылы көтеру;
2. Экстенсивті факторлар:
• инвестициялар көлемін технологияның бар деңгейін сақтау арқылы
көтеру;
• жұмысшылар санын көбейту;
• пайдаланылатын шикізат, отын, материал және де басқа айналым
капитал көлемін өсіру.
Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды.
Олармен ұлттық өнім өндіру байланысты.
Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды.
Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де
жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.
Факторлардың ең маңыздысы еңбек шығыны болып келеді. Бұл фактор
негізінен мемлекеттің халық санымен анықталады. Халықтың бір бөлігі жұмыс
қабілеті барлардың санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға
оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі
келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында
жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс таба алмайтындар
бөлініп шығады.
Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын
жағдайды көрсетпейді.
Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының сомалық шығынын
көрсете алатын, жасалған адам-сағат саны болып табылады.
Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға байланысты:
• халықтың өсу қарқынынан;
• жұмыс істеу мүддесінен;
• жұмыссыздық деңгейінен;
• зейнеткерлік қамтамасыз етуге.
Сандық факторлармен қатар еңбек күшінің сапалығы өте маңызды рөл
атқарады.
Экономикалық өсудің тағы да маңызды факторы болып капитал табылады.
Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып
тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің
қызметтерінен пайда көреді.
Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз
кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы
жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі
жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым
капиталдың өсу жылдамдығы төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа
елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні
Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.
Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи
ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры,
құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және
энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес
қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.
Ғылыми-техникалық – прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғауышы.
ҒТП өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және
формаларын, өндірісті ұйымдастыруды қосады.
Экономикалық өсуді өлшеу ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе
ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.
Ұлттық табыстың өсу қарқыны былай көрсетіледі:
Х=(Yt-Yt-1):Yt-1
Мұндағы х – ұлттық табыстың өсу қарқыны, Yt – осы жылғы ұлттық
табыс, Yt-1 – алдыңғы жылдың ұлттық табысы.
Экономикалық өсу физикалық (физикалық өсу) және құндық әдіспен
өлшенеді. Аталған әдістердің әрқайсысы экономикалық өсудің көрсеткіштерін
инфляциялық құрағыштан тазалап отырады. Ұлттық табыстың құндық өсімін
есептеуде оның мөлшері белгіленген уақыт аралығындағы бағаның өсу индексіне
бөлінеді.

1.3.Экономикалық өсудің типтері

Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық ) экономикалық өсудің екі
типін ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).

Экстенсивті
Интенсивті
Экономикалық өсудің
типтері

4-сурет. Экономикалық өсудің типтері

Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады, егер ол қосымша
ресурстардың көмегімен жүзеге асып, ғоғамда орта өндіргіштігін жоғалтпаса.
Бақаша айтсақ, экономикалық өсу жұмсалатын факторлар - өндіріс қаражаттары
және жұмысшы күші арқылы жүзеге асады.
Экстенсивті тип кеңейтілген қайта өндірістің тарихының алғашқы жолы
болып табылады. Оның бірқатар теріс мінездемелері бар және олар үшін осы
тип кемеліне жетпеген болып саналады.
Экстенсивті жол өндіріске жұмысшы күшін көп жұмсайтындықтан,
жұмыссыздықтың қысқаруына ықпал етеді. Егер біз жұмыссыздықты 6-дан 3% -ке
кемітетін болсақ, онда бұл кеміту адамдарға мәнді болып көрінеді. Бірақ
өнімге аударғанда, бұл жұмыспен қамтылу деңгейі 94%-тен 97%-ке
ауысқанымызды көрсетеді. 9794 немесе 394 қатынасын елемеуге болмайды және
де ол 36 немесе 50% қатынасына қарағанда өндірістің өсуі туралы дәлірек
түсінік береді. Одан басқа жұмыссыздықты 6-дан 3%-ке кеміту арқылы біз
өсудің жылдық қарқынын қосымша 3%-ке (немесе 394) өсіре аламыз. Жұмыспен
толық қамтылу жағдайына жететін болсақ, онда ол жыл сайын қайталана
бермейді. Келесі жылы қайта өндіруге қолдануға болатын бос, артық жұмысшы
күші болмағандықтан, өсу бұрынғы қарқынмен жүзеге асады.
Экстенсивті типтегі тағы бір проблеманы қарастырып өтуге тура
келеді. Ол – тоқырау. Тоқырау кезінде өнімнің сандық өсуімен технико-
экономикалық прогресс еріп жүрмейді.
Экстенсивті экономикалық өсуде қанша деңгейде пайдаланылатын негізгі
фондтар, материалдық ресурстар, жұмысшылар саны өссе, сондай деңгейде өнім
шығару да өседі. Сондықтан да негізгі өндіріс фондтарын жаңартуға қаражат
жетпейді және ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізілмейді.
Мысалы, СССР-да 1986-1990 жылдар аралығында өндірістік негізгі
фондтардың тозуы 38 %-тен 41%-ке өсті.
Экстенсивті экономикалық өсу табиғи ресурстарды тез меңгеруге
мүмкіндік береді. Бірақ ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде
кендердің, пайдалы қазбалардың тез таусылуы орын алады.
Интенсивті типте ең маңыздысы - өндіру тиімділігін жоғарлату. Бұл
тип өнім шығаруды ресурстардың бірлігіне шағу арқылы өсіреді, сонымен
қатар, өндірудің сапалық мінезі жақсарады. Мұндай процестер мына
жағдайлардан байқалады:
• ҒТП жетістіктерін қолдану, өндіруді жаңарту;
• мамандардың біліктілігін жоғарлату;
• шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, тауар түрлерін жаңарту.
Интенсивті экономикалық өсудің ең маңызды факторы – еңбек өнімділігін
арттыру:
ПТ=ПТ,
Мұндағы ПТ – еңбек өнімділігі, П – табиғи немесе ақшалай мәнердегі
жасалған өнім, Т – еңбек бірлігінің шығыны (мысалы, адам-сағат).
ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттары бойынша, батыстың
индустриалды елдерінде интенсивті жол тиімдірек болып табылып, қолданыла
бастады.
Экстенсивті тип қазіргі жағдайда тиімсіз және оның ешбір маңызы жоқ
. Анағұрлым тиімді болып өндіріс көлемінің ұлғаюына, товардың сапасының,
өмір сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін алып келетін интенсивті тип
саналады.

1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу

Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет
етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі
экономикалық өсудің ең басты қозғауышы және реттегіші болып келеді.
Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті
алғышарттарды талап етеді:
• Қорлардың жеткілікті мөлшері. Егер нарықтық экономика жұмысшыларға қор
жинай алатындай табысты бере алмайтын болса, онда ол инвестициондық
процесті жүзеге асыра алмайды.
• Дамыған қаржы нарығы. Инвесторлардың қолдарына қорлар ағымын әкеле алуы
қажет. Нарық бұл талапты жеңе алмайтын болса, ақша халықта тұнып,
инвестициялық процеске араласпайды.
• Инвестициялардан түсетін жоғары түсім коммерциялық тәуекелдік салдарынан
туындайтын мүмкін шығындардың орнын баса алады. Мұндай тәуекелділіктер
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бизнес инвестициялар тиімділігіне жоғары
талаптар қояды.
Экономикалық өсу инвестицияларды орналастыру мен оларды игеру
тиімділігін жылдамдатады. Егер қорлар инвесторлардың қолына түсетін болса,
онда кейнсиандық теория бойынша тұжырым жасауға болады: экономикалық өсу
қорлар және инвестициялар тиімділігіне тікелей тәуелді.
Тұрақты экономикалық өсу. Мемлекет шаруашылық тоқырауға тап болып,
тұрақсыз факторлардың әсерін бейтараптандыра алмаса, онда экономикалық өсу
үзіліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғам өзінің мақсаттарын жүзеге асыра
алмайды және өз азаматтарының әл-ауқатының төмендеуіне қарсы ештеңе жасай
алмайды. Сондықтан да экономикалық өсуді тұрақтандыру – экономикалық
саясаттың ең маңызды мақсаты.
Экономикалық өсуді тұрақтандыратын келесі бағыттар:
- сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты туындайтын мәселелерді
шеше алатын өндіріс тиімділігін көтеру;
- әлеметтік жанжалдардың алдын алатын әлеуметтік мүдделерді
үйлестіру;
- нарықтық бағдарды сақтап қалуға болатын нарық субъектілерінің
мүддесін үйлестіру;
- экологиялық апаттардан сақтап қалуға мүмкіндік беретін экономикалық
өсуді биосфераның даму заңдарымен келістіру.
Теңгерімді және тиімді экономикалық өсу. Егер экономика өзінің
тұрақтылығы мен туындайтын үйлесімсіздіктерді дер уақытында жеңіп отырса,
сонымен қатар ұлттық табыстың ұлғаюына ықпал етіп дамыса, онда оған
теңгерімді экономикалық өсу тән. Теңгерімді (тұрақты) экономикалық өсу
экономиканың біртұтас жүйе ретінде дамуына жағдай жасайды.
Экономиканы теңгеру процесі тұрақты және шексіз болып келеді.
Экономика өзгереді, күрделенеді, жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнім
түрлерін және сапасын көтеруді талап етеді. Сондықтан да теңгеріліске
деген талаптар бұрынғы қалыпта қала бермейді. Тұрақтылықтың ескі мұраты
өнегелік жағынан ескірсе, жаңалары тұрақталып үлгермейді. Сондықтан да
халық шаруашылығының қалыпты жағдайы жеткен абсолютті теңгерілімдік емес,
ол – экономикалық тұрақсыздық. Оны жеңе отырып, қоғам тепе-теңдікке,
теңгерілімдікке мұратқа сияқты жылжиды.
Үйлесімсіздіктерден босаған емес, бар әлуеттерді жия алатын, пайда
болған үйлесімсіздіктерден тез шыға алатын экономика тиімді.
Экономиканың теңгерілімді траекторияға шығуы тұрақты дамудың кепілі болып
табылады.

1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары
бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып
табылады.
Экономикалық өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің
бірнеше модельдерін біледі.
Осылай, Дж.М. Кейнс және оны жақтаушылар экономикалық өсуді
ынталандырудағы мемлекеттің ролін сұраныс факторлары жағынан қарастырады.
Олар күрделі салымдарды көбейту үшін проценттік мөлшерлемені азайтуды
ұсынады (арзан ақша саясаты). Қажет болса, қаржы-бюджеттік саясат
үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін, яғни күрделі салымдарының биік
деңгейі инфляцияға соқтырмауы үшін қолданылады. Марксизм-ленинизм сияқты
Кейнстің теориясы нарықтық экономиканың қарама-қарсылықтары мен
қиындықтарына қарсы бағытталған реакция болды. Егер материалист К. Маркс
барлық мәселелерді меншікке, экономиканы басқару үшін оны мемлекет
қарамағына өткізуге тіресе, Кейнс мемлекеттендірусіз, меншіктің үш түрін:
жеке, мемлекеттік және ұжымдық байланыстыра отырып экономиканы реттеуге
болатыны айтқан. Ленин Маркстің айтқанына еріп, толық мемлекеттендіруді
жүргізіп, тоқырауда қалды. Сталин орталық жоспарлауға негізделген
тоталитарлық мемлекетті салды.
Кейнс Жаңа курс негізіне кірген дамудың басқа жолын көрсетті. Бұл
нарықпен үйлескен мемлекеттік реттеу американдық экономиканың қуатты өсуін
қамтамасыз етті. Ал Батыс Европада социал-демократтардың аса үлкен
ықпалынан экономикада асыра сілтеу пайда болды. Қазір Батыста кейнсиандық
әдістің қайта жандануы болып жатыр. Бұған барлық себептер бар. Бірінші
фактор – теңгешілдік (монетаризм) әдістерін қолданған барлық елдердегі
кризистер (тоқыраулар). Екіншісі – Американың алып державаға айналуы. АҚШ
айтарлықтай Халықаралық қаржы (валюталық) фондын, Әлемдік сауда ұйымын,
Халықаралық банкті, ал қазір Иракты да басқарып отыр. Дж. Буш кейнсиандық
әдістерді қалай қолданатыны қызық. Ол шағын бизнеспен айналысатын әрбір
кәсіпкер үшін орта есеппен алғанда шамамен салықты 2 мың долларға
қысқартады. Бірақ бұл қысқартулар тек қана инвестицияларға кетеді деген
шартпен қысқартылады. Буш салықтарды азаматтар үшін де қысқартады, бірақ
қайтадан толығымен емес, кейнсиандық-бағытталған әдіспен. Салық жұбайлар
үшін шамамен 2 мың долларға және қосымша түрде балалары бар жанұялар үшін
де қысқартылады - әрбір нәресте үшін 1000 доллар.
Экономикалық өсуде мемлекет өзінің қатысуын тура немесе жанама
араласу ақылы көрстетеді.
Мемлекеттің тура араласуына нарықтық жүйенің барлық элементтері
арасындағы қатынастарды дамытуға бағытталған заңды акттардың қабылдануы
жатады. Ал жанама араласу оның мақсаттарына – күрделі жұмсалымды
ынталандыруға және қорлар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қайта
орнатуға, халықты толық еңбекпен қамтуға, товардың экспорты мен импортын,
капитал мен жұмысшы күшін көбейтуге, тұрақтандыру мақсаттарында бағаның
ортақ деңгейіне әсер етуге, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге
және де басқа да себептерге байланысты.
Мемлекеттік органдар әрдайым көңіл бөліп отыратын объект болып ақша
айналымын реттеу, экономикаға үлкен қауіп төндіретін инфляциямен күресу
болып табылады. Ақша айналымын реттеу арқылы мемлекет қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Тепе-тең өсу модельдері және экономиканың болжамды даму модельдері
2013-2014-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткішінің сипаттамасы
Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Мальтустың теориясы
Қазақстан Республикасының экономикалық өсу моделі
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер