Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СОӨЖ
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау.
Жоспары;
1. Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру.
2. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау.
Кіріспе. Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының негізгі бағыттары қазіргі заман балабақша жұмысы мақсаты мен міндетімен анықталған.
Әдіскер жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі балабақшаның педагогикалық ұжымымен дұрыс ұйымдастырылған және ойластырылған ынтымақтастық болып табылады. Ол балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластырады.
Ынтымақтастық жемісті болу үшін әдіскер педагогикалық ұжыммен жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретін басқару қызметтерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана білуі қажет. Әдістемелік құралда әдіскердің қызметінің негізгі бағыттары, ұйымдастырушылық функциялары, мектепке дейінгі ұйым педагогының біліктілігін арттыру жағдайында әдістемелік қызмет жұмысының мазмұны анықталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерінің нақты іс-шаралары мен жұмыс мазмұны көрсетілген.
Әдіскер қызметіндегі кадрлармен жұмысты жүргізу үшін материалдар ұсынылған және педагог кадрлар жөнінде нақты мәлімет тізімі берілген. Әдіскер жұмысының барысында педагогтардың бағдарламаны тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау мен орындауды талдау және бақылау, жоспарланған оқу-тәрбие жоспары іс-шараларын орындау бойынша педагогтардың жұмыс нәтижелілігі, тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмысын бақылау түрлері көрсетілген.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмыс бағытының бірі - балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Әдістемелік нұсқауда отбасымен жұмыс әдістері мен түрлері ұсынылады.
Мектепке дейінгі білімді басқару және ұйымдастыру пәннің мақсаты, міндеті және маңызы. Меңгеруші, әдіскердің бала-бақшада алатын орны. Педагогикалық ұжымдағы меңгерушінің, әдіскердің орны қызметі. Білім туралы Заңындағы мектепке дейінгі білім мәселелері. Мектепке дейінгі ұйым жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау.
Мектепке дейінгі ұйымның жұмысын ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымның типтері. Мектепке дейінгі ұйымды қаржыландыру. Бала-бақша іс-құжаттары. Педагогикалық ұжым және оның құрамы. Меңгерушінің міндеттері мен қойылатын талаптар Бала-бақшадағы тәрбиешінің біліктілігін шыңдау формасы - консультация. Консультация түрлері: жеке және топтық. Әдіскерге қойылатын талаптар. Мектепке жасына дейінгі тәрбиені ұйымдастыру мәселесін шешудегі және оны жетілдірудегі шығармашылық топтың орны. Шығармашылық топ жұмысы және оған әдіскердің басшылығы.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына қойылатын талаптар. Әдіскер және тәрбиешінің педагогикалық әрекетіне сипаттама. Әдіскер және тәрбиешінің педагогикалық әрекетінің компоненттері - мотив, мақсат, жүзеге асыру жолдары мен нәтижесі. Әдіскер және тәрбиешінің педагогикалық техникасы. Педагогикалық шеберлік. Әдіскер және тәрбиешінің қызметіне қойылатын қоғамдық, әлеуметтік, дидактикалық талаптар. Болашақ маманның белсенділігінің түрлері: қарым-қатынас, таным және өздігімен білім алуы, зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Әдіскердің тұлғалық сапалары: педагогикалық такт, көрегендік, оптимизм, кәсіптік қарым-қатынас мәдениеті, педагогикалық рефлексия. Педагогикалық біліктілігі: гностикалық, құрастыру, ұйымдастырушылық және арнаулы біліктілік. Әдістемелік кабинет - оқу-тәрбие процесіндегі дәстүрлері жинақтау орталығы, мұрағат. Кабинеттегі кітапхана, хабарландыру бұрышы, дидактикалық материалдар мен құралдар. жұмыс жоспарлар мен іс-құжаттар. Әдіскердің қызметі мен міндеттері. Әдіскердің жеке тұлғасы, қызмет ерекшелігі, педагогикалық жұмыстың шығармашылық сипаты. Тәрбиеші-педагогтарды аттестациядан өткізу. Нарықтық жағдайындағы мектеп жасытан дейінгі балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Логопедиялық тексеру жұмыстары
МДҰ әдістемелік кабинет
Географияны оқыту құралдарының міндеті
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Пәндер