Қазақ музыка өнері туралы
Горький атындағы орта-мектебі бақшасы
Реферат
Тақырып: Қазақ музыка өнері
Тапсырған: Ахметова Диляра
Тексерген: Абдрахманова Ботагоз Олжабаевна
а.Домбыралы
2021 жыл
Қазақ халқының рухани мəдениетінің етене саласы музыка өнері болды. Жеке əн салу мен аспапты жеке тарту кең тараған. Шығармалардың негізгі түрлері əн мен күй болған.
Жиырмадан аса əр түрлі музыкалық аспаптар болған. Олардың кейбіреулері: домбыра, шертер, жетіген, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ жəне т.б. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз.
Əн мен күй халық өмірінің барлық салаларымен етене аралас болды. Той-думан əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да əн-күймен атап өтіліп отырған. Əйелдер үй тігіп, мал сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған отбасын жұбататын көңіл айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау да өлеңмен айтылған.
Музыкалық туындылар мазмұны мен құрылымы жағынан əр алуан болған.
Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын əндер, сондай-ақ балалар əндері, қысқалылығымен, əсерлілігімен ерекшеленеді. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға, тарихи, эпикалық жəне аңыздық сюжеттерге шығарылған əндер мен күйлердің əуендері ырғақты қайырмалы, формалары күрделі болып келген. Оларды танымал адамдар айтатын болған. Орындайтын шығармаларының тақырыптарына қарай "ақын", "жырау", "əнші", "күйші", "ертекші" деп атаған.
Кəсіби музыкалық өнерпаздардың дарындылығы арнайы айтыстарда көрінген. Осындай музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, көшуге байланысты жəне басқа отбасылық қуаныштарға орай өтіп отырған. Аса көрнекті ақындардың есіміне "сал", "сері" деген құрметті атақтар қосылып айтылған.
XVIII ғасырдың белгілі күйшілерінің бірі - Керейдің Абақ тайпасынан шыққан, теңдесі жоқ өнер иесі Байжігіт күйші. 1723 жылы 18 жасында ол "Ақтабан" атты күй шығарған. Одан кейінгі оның кең тараған шығармасы "Қайың сауған". Ол да ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, жеңіске деген жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы күй. Байжігіттің халық өмірі мен тұрмысы тақырыбына шығарған күйлері көп болған (300-ге жуық), олардың ішінде аңға шыққан кезде болған əр алуан жайлар туралы 10 бөлімді "Аңшының зары" күйінің орны бөлек.
ХVIII ғасыр мен ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл қазақ халқына аты шыққан домбырашылардың арасынан республиканың батыс өңіріндегі күйшілердің ішінен Қара ұлы Боғданы атауға болады. Ол домбырашы болумен бірге ел тағдырын, халық қамын өз күйлеріне өзек етіп, əлеумттік маңызы, көркемдік қасиеті күшті күйлерді көп шығарған. Солардың ішінде "Ақ желең", "Боз төбе", "Қара жаяу" деп аталатын күйлерінің жөні бөлек. Сол заманның белгілі күйшілер: Құрманғазы, Дəулеткерей, Абыл, Сарымалай, Ықылас, Қазанғап, Диналардың арасында Махамбет батыр да болды. Махамбеттің "Ақжелең", "Жайық асу", "Жорық", "Қайран Нарын", "Тарлан", "Нарын" сияқты оннан астам күйлері сақталған. Бұл шығармалары оның қатардағы көп күйшінің бірі емес, аса дарынды тұлға екендігін дəлелдейді.
Қазақ күйшілерінің арасында - Құрманғазы Сағырбай ұлы (1818-1889) бар. Ол Батыс Қазақстан облысының, Жаңақала ауданында туған. Құрманғазының анасы дарынды əнші, өнерпаз адам болған. Жасынан өнер дарыған Құрманғазы күйшілікпен ерте айналысқан. Ол халық арасына кең тараған елуден аса күй шығарған. Құрманғазы күйлерінің бірі өмір жайындағы философиялық толғау, бірі нəзік махаббат лирикасы болса, енді бірінде халық мерекелерінің шат-шадыман көріністері бейнеленеді. Солардың ішінен "Алатау", "Балбырауын", "Жігер", "Кішкентай" "Көбік шашқан", Кісен ашқан" деген күйлерін ерекше атауға болады.
Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, күйлердің дəстүрін жалғастырған - Тəттімбет Қазанқап ұлы (1815-1860) заманының белгілі, лауазымды адамы болды. Оның шертпе күйлер шығарып, орындаушы ретінде даңқы жайылды. Күйлерінің көпшілігіне əсерлі, асқақ лирикалық сарын тəн. Ол елуден аса күйлерді жазды. Олардың арасында "Бес төре", "Балқан тау", "Былқылдақ", "Қос басар", "Боз торғай" және т.б.
ХIХ ғасырда өмір сүріп, төре күйі деген ұғымды орнықтырушы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz