Валюталық операциялардың есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны

1. 1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі . . . 6

2 валюталық операциялардың есебі

2. 1 Валюталық операцияларын құжатпен ресімдеу . . . 12

2. 2 Валюталық операциялардың синтетикалық есебі . . . 15

2. 3 Валюталық операциялардың аналитикалық есебі . . . 17

3 Бағам айырмасы ұғымы және оның есебі . . . 18

4 Валюта шотындағы Валюта қозғалысы бойынша операцияларды жетілдіру . . . . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

Қосымшалар

Кіріспе

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.

Нарық экономикасындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметі ұйымның өз ішінде де, сондай-ақ одан тыс тұрған қызмет пен өнімді пайдаланушылардың қалың тобы үшін де өте маңызды болып табылады.

Демек, бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін заман талабына сай жетілдіру ерекше мәңге ие болып отырғандықтан білікті бухгалтер мен бухгалтер кәсібінің маңызын біздің қоғамымыз уақыт өткен сайын барынша сезіне түсуде.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілер мен көпшілік мүддесіне жұмыс істеуші ұйымдардың барлығы бухгалтерлік есебін ҚЕХС талаптары бойынша жүргізуі тиіс.

Валюталық заңнама тарихи тұрғыдан алғанда қаржылық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла отырып қаржы жəне несие туралы заңнаманың құрамына енгізілген болатын. Шын мəнінде қаржылық жəне валюталық құқық мəндері өте жақын, алтікелей алғанда қаржылық жəне валюталық құқықтың реттеу салалары ортақ. осымақала егеменді қазақстан заңнамасының валюталық реттеу жəне валюталық бақылаусаласындағы даму тарихына арналған. Қазақстанның жас экономикасының қалыптасуы мен дамуы құрамдас бөлігі валюта нарығы болып табылатын дамыған қаржы нарығынсыз мүмкін емес.

Қазақстандағы валюталық құндылықтардың қозғалысын ұйымдастырудың нысаны бола отырып, соңғы жылдары жедел қарқынмен дамыды: жаңа уəкілетті банктер, валюта биржасы, айырбастау пункттерінің ауқымды желісі пайда болды, кəсіпорындардың тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер экспортынан валюталық түсімдердің көлемі өсуде, жылдан жылғаөнеркəсіп өнімдерін өндіруші кəсіпорындардың сыртқы сауда айналымының көлемі өсуде.

Өткенге көз жіберіп, Қазақстанның дербес сыртқы экономикалық қызметі неден басталғанын еске түсіре отырып, бірқатар аса батыл заң актілерін атап өтуге болады.

Валюта нарығындағы жұмыс тəртібін Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкі белгіледі. Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру жəне дамыту, сондай-ақ елдің сыртқысауда айналымының өсуі елдегі валюталық реттеудің құқықтық тетігінің болуын талап етті.

1991 жылғы 13 маусымда қабылданған “Валюталық реттеу туралы” Қазақ КСР Заңының көптеген ережелерінің шын мəнінде қолданылуы тоқтатылғанын ескере отырып, егеменді Қазақстанның осындай заңын жедел қабылдау міндеті өзекті болды. Осыған байланысты 1993 жылғы 14 сəуірде “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заң актісінде валюталық заңнаманың негізгі ұғымдары нақтыландыжəне дамытылды, сондай-ақ валюталық қатынастарды реттеудің жинақталған тəжірибесі ескеріле отырып, оның құрылымы жəне мазмұны біршама өзгертілді.

. 1996 жылғы 24 желтоқсанда “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, онда алғашқы рет заң айналымына “валюталық бақылау агенттері” институты, яғни уəкілетті банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзегеасыратын уəкілетті ұйымдар, сондай-ақ алынған лицензияларға сəйкес операциялар жүргізукезінде валюталық заңнаманы сақтауды бақылау міндеті жүктелген басқа ұйымдар енгізілді, валюталық бақылау органдарының жəне агенттерінің лауазымды тұлғаларының құқықтарымен міндеттері белгіленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2002 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.

Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Сондықтан менiң курстық жұмысымның мақсаты - кәсiпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны

1. 1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі

Нарықтық экономика жолына түсіп, тәуелсіздік алған жылдарда елімізде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің негізі қаланды. Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі стратегиялық бағыты ұлттық валютаның тұрақты жұмыс істеуі және валюта нарығын тұрақты дамыту болып табылады. Осы мақсатта кесіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту маңызды болды.

1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда "Валюталық реттеу" туралы жаңа заң кабылданды. Жалпы алғанда валюталық реттеу бірнеше әкімшілік шараларды қажет етеді, яғни бұл валюталық түсімнің көтерілуі және елден валюталық ағылудың қысқаруы деген сөз.

Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем балансын бір қалыпта ұстау, валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетке валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын тигізеді. Сондықтан да валюталық реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті құқық актілерін бекіту, хабар жинау, валюта „заңдылықтарын қадағалау және қолдану жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстан заңы бойынша, валюталық реттеудің объектісі болып валюталық байлықтар және олардың операциялары есептеледі. Жаңа заң бойынша валюталық байлыққа жататындар:

  • шетел валютасы;
  • бағалы қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел валютасымен бекітілген номиналдар;
  • алтын құймасы.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономикасы жағдайында мемлекет тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге тиісті. Қазақстанның алдында валюта байланыстарның қызметін құрумен бірге халық шаруашылығын кайта құру, оны нарық жолына бұру мәселелерін қатар алып жұру жұмыстары тұр. Жақын уақыттарға дейін ҚР-да "Валюта реттеу" заңы 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған заң бойынша жүрді. Бұл Қазақстан егемендік алған соң қабылданған 1-заң еді. Бірақ та ол кезде Қазақстан сом зонасында еді, сондай-ақ, жеке валюта саясатын жүргізуге практикалық тәжірибесі аздау болды. Бұл кезеңде еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және алтын валюта резервін құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі заңның қағидалары либерализациялау деңгейіне жауап беру мұмкіндігінің артта қалғанын байқатты, ол кей жерлерде қарама-қайшы сипатта болды. Ал қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан ҚР-ның заңының 8-бабын түзетулер енгізілді.

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

  1. Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
  2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
  3. Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.

Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.

Шетелдік кәсіпорын дегеніміз - өзі тұрақты қызмет ететін елдің аумағындағы кәсіпорынның қызметімен тікелей байланыста болып, өзге елдің аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын.

Есеп берудің валютасы деп- қаржы есептілігі көрсеткіштері есепке алынатын валютасын айтамыз.

Шетелдік валюта - қаржы есептілігі көрсеткіштерін есепке алатын валютадан өзге кез келген валюта болып табылады.

Айырбастау бағамы - бір валютаны басқ ваютаға айырбастаудың нарықтық өлшемі болып табылады.

Шетел валютасында жүзеге асырылатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Сонымен, қазіргі кезде еліміздегі кәсіпорындардың шетелдік валютадағы операцияларын есепке алу БЕХС (IAS) 21 «Валюталардың айырбас бағамдарының өзгеруінің ықпалы» стандартына сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт тек қана валюталық баптарды хеджирлеудің есепке алынуын және де валюталық бағамдардың шетелдік кәсіпорынға таза инвестицияны хеджирлеу кезінде пайда болатын айырмашылығын жіктеу үшін қажет.

Кәсіпорын қызметі шетелдік қызмет түрлерімен немесе шетелдік валютамен байланысты болған жағдайда бірқатар терминдер пайдаланылады, атап атйтқанда:

Шетелдік кәсіпорынға салынатын таза инвестициялар - шетелдік кәсіпорынның таза активтеріндегі есеп беруші кәсіпорынның үлесі.

Монетарлық баптар - ақша қаражаты, сондай-ақ белгіленген немесе анықталатын сомаларда алынатын немесе төленетін активтер мен міндеттемелер.
Нақты құн - тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені орындауға болатын сома.

Шетелдік валютамен жүргізілеін операциялар деп - шетелдік валютада көрсетілетін немесе реттеуге жататын операцияларды айтамыз, оларға мыналар жатады:

1. Капитал қозғалысына байланысты шетел валютасын сатып алу немесе сату

2. Шетел валютасында несиелерді алу немесе беру.

3. Ішкі валюталық рынокта шетел валютасын сатып алу немесе сату.

4. Қолма-қол шетел валютасын шетке шығару немесе тарту.

Резидент - заңды тұлғалар үшін ішкі валюталық рынокта шетел валютасын сатып алу негіздемелерінің тізбесі кеңейтілді.

Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер жүргiзген барлық валюта опрациялары тек өкiлеттi банктер мен айырбастау пункттерiне соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады.

Банк мөрiмен және кассирдiң, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктiң валюталық кiрiс ордерi валюталық шығыс касса ордерiн толтыру үшiн негiз болып табылады.

Нақты валюта беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордерi) рәсiмделедi, оның толтырылған үлгiсi төменде келтiрiлiп отыр. Банк куәләндырылған тапсырманың (валюталық шығыс ордерiнiң) көшiрмесi валюталық кiрiс касса ордерiн жазу үшiн негiз болып табылады.

Шетелдердегi бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару ”Аударуға берiлетiн өтiнiштi” жазу арқылы рәсiмделедi.

Валюта шоттары бойынша операциялар есебi 1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.

Банкте аталған және басқа да құжаттардың негiзiнде валюталық шоттың дербес шотына жазу жазылады оның көшiрмесi кәсiпорынға жiберiледi. Осы көшiрмелер валюталық шот бойынша жинақтау тiзiмдемесiн немесе машинограмма жасауға негiз болады.

Валюталық шот оның иесiнiң өтiнiшi бойынша жабылады. Шот иесi өтiнiшiн өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне жiбередi. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектiнiң атауы өзгерсе немесе шоттың нөмiрi өзгерген жағдайда шот иесi валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтiнiшке қоса тiркеуге мiндеттi.

Бағам айырмашылығын есепке алу, валюталық операция жасаушы субъектiледе осы валютаға қатысты теңгенiң крусы өзгерген жағдайда бағам айырмашылығы 6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотында немесе 7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» бойынша шығыс шотында есепке алынып отырады.

6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шоты есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.

Келiсiмге сай өтеу мерзiмдi әлi келмеген валютадағы дебиторлық және кредиторлық қарыздарға қатысты бағам айырмашылығын есептен шығару, осы қарыздардың өтелуiне қарай немесе мiндеттерiн төлеу мерзiмi өткен соң жүзеге асырылады.

Салық салу мақсатында жылдық табыс субъектiнiң валюталық шотына валюталық қаржы келiп түскен күнi (немесе соңғы есеп беру күнi) күшiнде болатын Ұлттық банк белгiленген шетелдiк валютаға қатысты бағамының өзгеруi нәтижесiнде пайда болған оң бағам айырмашылылығының сомасына азайтылады және терiс бағам айырмашылығының сомасына көбейтiледi.

1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты» шоты келесi шотардың кредитiмен корреспонденцияланады:

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты» -валюталық кассадан валюталық шотқа өткiзiлген валютаның сомасы,

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,

2110 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» үшiн төленетiн валюталық қаржы.

6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістер;

1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты» шотының кредитi келесi шоттардың дебетiмен коррспонденцияланады;

1020 ”Кассадағы шетелдiк валюта түрiндегi нақты ақша”-валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына сәйкес;

3310 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады.

1030 - «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады.

7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі.

2 валюталық операциялардың есебі

2. 1 Валюта шотындағы қаржыларды есепке алудағы құжат айналымы

Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер жүргiзген барлық валюта операциялары тек өкiлеттi банктер мен айырбастау орындарына соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргiзу үшiн, өкiлеттi банктердiң бiрiнен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерiнiң қызметтерiнен валюта операцияларын жүргiзген кезде өткiзiлетiн операцияларға қатысты кез-келген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Валюта операцияларын жүргiзген кезде клиенттер банктерге валюта операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген құжаттарды бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн валюта операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн тапсырады.

Резидент емес-заңды тұлғалармен шетел валютасында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерiнiң шоттарында бар валюта қаражаттары шегiнде нақты ақшасыз төлеу тәртiбiнде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегi жария болуға тиiс және мына төмендегi көзделген заңды жолмен алынуы мүмкiн болады: экспорт валюта түсiмi; жарғылық капиталға жарналар; резидент еместердiң қаржы көмегi /гранттар/; өкiлеттi банктерден, шетел банктерiнен, қаржы мекемелерiнен және басқа да шетелдiк заңды тұлғалардан алынатын валюта - несиелерi, сондай-ақ резиденттер емес жеке тұлғалардан алынатын заемдар; өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы iшкi рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы шетел валютасын сатып алу-сатудың екi жақты мәмiлелерi кезiнде сатып алушылар мен сатушылар теңгенi валюталарға айырбастау құнын дербес белгiлеуге құқылы.

Сурет 1- «Компания Стеклоимпекс» ЖШС валюта шотындағы қаржыларды есепке алудағы құжат айналымы

Валюта операцияларын жүргiзген кезде клиенттер банктерге валюта операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген құжаттарды бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн валюта операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн тапсырады.

Резидент емес-заңды тұлғалармен шетел валютасында есеп айырысуларды резидент-заңды тұлғалар өздерiнiң шоттарында бар валюта қаражаттары шегiнде нақты ақшасыз төлеу тәртiбiнде жүзеге асырады. Валюта қаражаттарының шығу тегi жария болуға тиiс және мына төмендегi көзделген заңды жолмен алынуы мүмкiн болады: экспорт валюта түсiмi; жарғылық капиталға жарналар; резидент еместердiң қаржы көмегi /гранттар/; өкiлеттi банктерден, шетел банктерiнен, қаржы мекемелерiнен және басқа да шетелдiк заңды тұлғалардан алынатын валюта - несиелерi, сондай-ақ резиденттер емес жеке тұлғалардан алынатын заемдар; өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы iшкi рынокта теңгеге сатып алынған валюта.

Өкiлеттi банктер мен айырбастау пунктерi арқылы шетел валютасын сатып алу-сатудың екi жақты мәмiлелерi кезiнде сатып алушылар мен сатушылар теңгенi валюталарға айырбастау құнын дербес белгiлеуге құқылы.

Заңды тұлғалар-резиденттер шетел валютасын iшкi валюта рыногында сатып және шетел валютасымен несиелердi алып, резиденттер еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн және шетел валютасында алынған банк несиелерi жөнiндеi мiндеттемелерiн орындау үшiн ала алады. Шетел валютасындағы несиелер нақты ақшасыз төлеу тәртiбiнде берiледi.

lшкi валюта рыногында шетел валютасын сатып алу меншiктi қаражаттар есебiнен де, сондай-ақ заем қаражаттары есебiнен де теңге есебiмен жүргiзiледi.

Заем қаражаттары есебiнен шетел-валютасын сатып алған кезде шетел валютасын мақсатты пайдалану көрсетiледi.

Банк мөрiмен және кассирдiң, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктiң валюталық кiрiс ордерi валюталық шығыс касса ордерiн толтыру үшiн негiз болып табылады.

Нақты валюта беру тапсырмамен /валюталық шығыс ордерi/ рәсiмделедi, оның толтырылған үлгiсi төменде келтiрiлiп отыр. Банк куәләндырылған тапсырманың /валюталық шығыс ордерiнiң/ көшiрмесi валюталық кiрiс касса ордерiн жазу үшiн негiз болып табылады.

Шетелдердегi бенефициарға /алушыға/ валюта қаражаттарын аудару ”Аударуға берiлетiн өтiнiштi” жазу арқылы рәсiмделедi.

2. 2 Валюталық операциялардың синтетикалық есебі

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының1 бірінші бөлімі «Қысқа мерзімді активтер» деп аталады. Бұл бөлімде қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтері есепке алынады.

«Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

1000 - «Ақша қаражаты»;

1100 - «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;

1200 - «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

1300 - «Қорлар»;

1400 - «Ағымдағы салық активтері»;

1500 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»;

1600 - «Өзге қысқа мерзімді активтер».

1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 - «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 - «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 - «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 - «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

ҚР аумағынан тауарларды шығару кезінде төмендегі бухгалтерлік жазбалар орын алады

Кесте 1- ҚР аумағынан тауарларды шығару кезіндегі шаруашылық операциялар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операцияларды классификациялау
Қазақстан Республикасының валютасымен операциялар
Валюта бағамының өзгеруінің бухгалтерлік есебі
Шетелдік валюта - ұйымның қоланыстағы валютасынан өзгеше валюта
Шетелдік валютамен
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Валюталық операциялар есебі жайлы
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті туралы
Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz