Аутизмі бар балалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

аутизм. Қазіргі уақытта балалар аутизмінің өзіне тән ерекшелігі жоқ, шығу тегі де әркелкі синдромдар тобына жатқызады, оған жалпылама аутистік спектр ауытқуы (АСА) деген анықтама берілген. Аутизм адамның сыртқы дүниеден оқшаулап, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсуін күрделендіретін психологиялық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл көбіне психологиялық дамудың бұзылуы. Баланың миына келіп түскен ақпаратты оның миы қабылдамайды. Сыртқы құбылыстарға жауап қайтармайды, олар тек өзімен-өзі, өзіндік әлемінде өмір сүреді,

Өкінішке орай елімізде дәл осы аутизмге шалдыққан баланың санын жыл санап артып келеді. Тіпті мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бұл ауруға шалдыққан баланың көбі адам көзіне тіке қарамайды, денесіне қол тигізбейді, адаммен араласпай оңашалана береді, сөйлеу қабілеті жай дамиды. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері әлі анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі екен. Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар, тағы басқалар жағымсыз әсер ету мүмкін деп болжаған. Аутист бала туған кезден-ақ ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді. Өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайды, жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады. Яғни мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды.

Кейде бала сөйлей бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен сөйлеу қабілеті қайта жоғалады. Үнемі бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың бір бөлігімен (тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету өте қиын. Аутист бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға жуап қайтармайды, айтқаныңа көндіру қиын. Қарым-қатынасқа бірден түспейді, атын атап шқырғанда назар аудармайды.

Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швицар психиатрі Э. Блейлер ұсынған. Аутизммен ауыратын балалардың көбі 1, 5 жасқа дейінгі кезеңде байқалады. Тағы бір деректерде ересектер мен балаларды бірге есептегенде, аутистік спектр көріністері көбіне қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 4 есе көп кездеседі екен. Ал бастапқы синдромдар 3 жасқа дейінгі кезде байқалады екен. Дейтұрғанмен әлемнің білікті ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеулерінің қорытындысы бұл баладағы ауытқушылық гендік негізден деп тұжырым жасап отыр. Әрине алыс-жақын шетелдермен салыстырғанда біздің елде аутизм туралы ақпарат та, жұмыс тәжірибе де енді-енді алға басып келеді. Тіпі аутизм туралы мүлдем естімеген, білмейтіндерде кездеседі. Л. Каннер аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты айтады». Ол аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан:

  1. жалғыздықты жақсы көру.
  2. ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу.
  3. мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының болмауы.
  4. эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау.
  5. біркелкі қимылдарды қайталай беру.

Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннердің жазуынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

- аутистикалық күйзелістер;

- стериотипі үйреншікті;

- бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың болашағы ұстаз қолында. Ұлы ойшыл К. Д. Ушинскийдің пікірінше «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек» деген пікірі педогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста болу керектігін дәлелдеген. Аутист балаларды кешенді түзете-оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материлын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Қоғамның және білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-әрекеттердің интенсификалық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді. Ерте балалық аутизмі бар балалармен жүргізілетін заманауи дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңашыл бағыттағы жұмыстардың түрлері өте көп.

Солардың бірі де бірегейі қазірде ең нәтижелі жемісін беріп жүрген бағдарламаның бірі ол «АВА» әдісі. Егер тақырыпқа кеңірек талдар болсақ. «АВА» әдісін аутизм синдромы бар балаларға тұңғыш рет АҚШ-та 1963 жылы дәрігер Ивар Ловаас қалданған. Бұл әдіс сөйлеу және қарым-қатынастық дағдыларды жақсартуға, зейінін тұрақтандыруға, әлеуметтік дағдыларды жақсарту үшін қолданылатын көптеген түрлі әдістерді қамтиды. Мақсаты мінез-құлықты марапаттап не көтермелеген жағдайда, мұндай мінез-құлықтың келешекте қайталана беру ықтималдығы жоғары болады. «АВА» қағдидасына негізделген емдеудің барынша кең тараған әдістеріне жеке блок түрінде үйрету, кездейсоқ түрде үйрету (не болмаса табиғи ортада үйрету), ауызша (вербальді) мінез-құлқы тренингісі, негізгі дағдыларды үйрету жатады. «АВА» терапиясында ең алдымен оқуда не жаңа дағдыларды игеруде қиналатын балаларға елеулі қолдау көрсету болып табылатын, жағымды қолдау стратегиясына көбірек назар аударылған.

Аутизімі бар балаларға бұл әдісті төмендегідей бағыттар бойынша қолдануға кеңес береді:

* Қиындық тудыратын мінз-құлқын алмастыратын дағдыларды үйрету. Осылайша бала нені «жасауға болмайды» дегеннің орнына «не істеу керектігін» үйрене алады.

* Жағымды мінез-құлқын арттырып, жағымсыз мінездерін азайтады.

* Оңтайлы мінез-құлқын қолдайды.

*Баланың айналасындағы адамдардың, оның мінез-құлқына деген жауаптық реакцияларына қиындық тудыратын мінез-құлқының нығаюына кездейсоқ түрде ықпал етіп отыруы ықтимал.

* Баланың академиялық, әлеуметтік дағдыларын және өз-өзіне көмек көрсету дағдыларын арттырады.

* Міндеттерді орындауға барынша көңіл бөлу қабілетін арттырып және үйренуге деген ынтсын арттырады.

* Когнитвтік дағдыларын жақсартады. Баланың үйренуге деген қабілетін дамытуға себін тигізеді

Аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек беру жолдары мен әдістері

Аутизмді түзетудің бірқатар әдістері бар. Олар: TEECCH, ABA, Son - rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция) .

TEАCCH (Treatment and Education of Autistic and related Communication handicapped Children) әдістемесі - аутизммен шардап шегетін және қарым - қатынасында бұзылысы бар балаларды емдеу мен оқыту. 70 - жылдары Солтүстік Каролина штатының университетінде Э. Шеплор, Р. Райхлер және Г. Месибовтармен бастамасы құрылған. Қазір осы және басқа да көптеген штаттарда мемлекеттік болып табылады. Сондай - ақ, Еуропа, Азия мен Африканың көптеген елдерінде кең таралған. TEACCH - бағдарламаны оперантты оқытумен(оперантным обучением) салыстырғанда, бұл бағдарламаның тұжырымдамалық өзіндік ерекшеліктері бар. Аутизмі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін мұқият зерттей келе көптеген шетелдік авторларды: аутизмде ойлау, қабылау және психика нормамен салыстырғанда тұтастай мүлде басқаша ұйымдастырылған деген қорытындыға алып келді. Психиканың мұндай ерекшеліктері қиынға соқтырады, ал ауыр жағдайларда баланың әлемге бейімделуіне кедергі жасайды. TEACCH - бағдарламасы қолдаушыларының пікірі бойынша баланы әлемге бейімдеуді күшейтуге емес, ондағы бар ерекшеліктерді жаратылыс шарттарына қарай бағыттап құруды көздейді. Бұл бағдарлама шынайы өмірге бейімдеудің жоғарғарғы дәрежесін ешқашан жеткілікті түрде қамтамасыз етпейді, бірақ ол аутизмнің аса ауыр жағдайларында да жұмыс жасауда тез қалыпты тұрақты өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мақсаты: «тәуелсіз және дербес» өмір сүру мүмкіндіктеріне ие болу, бірақ тек ереше, шектелген және жасанды құрылған жағдайларда ғана. Қосалқы мақсаты: баланың дербестігі мен тәуелсіздігінің және өзіне деген сенімділік деңгейін көтеру. Аутист бала үшін «жаратылыстың шынайы ортасы» - отбасы болғандықтан, үй жағдайындағы даму мен өмір тиімді саналады. Барлық күш қарым - қатынастың вербальды емес формасын дамытуға және қарапайым тұрмыстық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Сөйлеу тіліне үйрету IQ > 50% болған жағдайда ғана орынды болып саналады, бірақ оқу және кәсіптік дағдыларды тәрбиелеу сияқты бұл да міндетті болып бағаланбайды. Әдістеменің нақты негізі - кеңістіктік пен уақытты айқын бағдарлау.

Кеңістіктік ұйымның міндеттері:

  • Сәйкес дағдыны үйренуге арналған қажетті заттардың нақты іріктеу: біз ең әуелі таңдалған дағдыны үйгенуде нақты қандай заттарды қолданатынымызды ойластырамыз. Мысалы, егер біз баланы ыдыс жууға үйрететін болсақ, онда бізге жуу заттары, губка, таза ыдыстарға арналға контейнер, сүлгі, сабын және қол сүртетін орамал қажет болады;
  • Іс - әрекет түрлеріне қарай ғимаратты түгелдей секторларға бөлу, яғни кеңістікті аймақтың болуы: сабақ бөлмесі, дем алуға, ұйықтауға арналған бөлме, ас бөлме. Әрбір дағды үшін сол дағдыға қажетті құралдар таңдалған арнайы аймақ таңдалады.
  • Дағдыны өндірудегі қажетті заттардың қолжетімді орналасуы. Бұл баланың дербестігін жоғарылату мақсатында маңызды. Мысалы, қолды жуу дағдысын орындауда, орамалды бала қолы жететін жерге ілу керек;
  • Сәйкес аймақта заттардың орналасуы. Осы дағдыны үйренуде балаға қатысы жоқ заттардың аз мөлшерде болуы. Кеңістіктің айнала көп мөлшердегі заттармен толып тұрмауы маңызды. Мысалы, балаға жуу үшін қажеті жоқ әкесінің қырыну заттары, анасының кремдері сияқты заттарды жоғары сөрелерге қою керек.
  • Талап етілген дағдыны үйренуге қажетті заттардың басқа заттаран айырмашылығының көзге көрініп тұруы. Мысалы, балаға ірімшік қосылған бутерброд жасауды үйретпек болсаңыз, онда тоңазытқыштағы ірімшік салынған қаптама басқа заттардың қаптамаларынан айқын ажыратылуы керек; сондай - ақ, тіс тазалауды үйретсек, щетка формасы, түсі жағынан отбасының басқа мүшелерінікінен ажыратылады.
  • Сабақ оқитын орынның дұрыс ұйымдастырылуы (баланың жұмыс орны) .

Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі - ABA (Applied behavior analysis), мінез - құлық терапиясы немесе мінез - құлықты қолданбалы талдау (анализ) әдісін атауға болады.

АВА - терапия бұл - мінез - құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. АВА ғылыми тұрғыда адамның мінез - құлқын өзгерту үшін, мінез - құлыққа қоршаған орта факторларының әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді.

Аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде АВА әдісін алғаш болып 1963 жылы Лос - Анджелестегі Калифорния университетінің докторы Ивар Ловаас пен оның әріптестері қолданған болатын. Кез - келген мінез - құлық өзімен кейбір салдарларды алады, егер балаға мінез - құлық ұнаса, ол бұл мінез - құлықты қайталайды, ұнамаса қайталамайды, осы әрекеттер негізге алынды.

Осыған орай, сөйлеу, шығармашылық ойын, көзге тура қарай алу сияқты барлық күрделі дағдылар - іс - әрекет деген ұсақ блоктарға бөлінеді. Әрбір іс - әрекет әуелі баламен жеке - жеке оқытылады, сосын әрекеттер қабаттаса байланыстырылып, күрделі әрекеттер тізбегін құрады. Ересек баланы ынталандырмай, керісінше жеткілікті түде оның қызметін қатаң басқарады. Дұрыс орындалған іс - әрекеттер автоматты дағдыға енгенше бекітіледі, ал дұрыс еместері қатаң түрде жойылады. Көздеген мінез - құлыққа жету үшін оң да, сондай - ақ теріс те көмектер мен ынталандырулар қолданылады. Бала тапсырманы қай ортада және кімнің нұсқау бергеніне қарамастан 80 пайызға қатесіз орындай алса, онда оны дағдыға бекітілді деп санауға болады.

АВА әдісі бойынша оқыту бағдарламасының шеңберінде бала әркез бақылауда, оның еркіндігі мен өзіндік бастамалары оқытатын ересек қалауына қарай шектелген. Әр бала үшін кезеңдік дамудың жеке жоспары құрылады. Бала бір уақытта бір - бірмен байланыссыз 2 - 3 дағдыны меңгеруі мүмкін. Сондықтан педагогқа барлық жаңа дағдыларды күрделендіру мен кезеңдік меңгеруінің айқын жүйесін құру көзделеді.

АВА - ның соңғы мақсаты - балаға қоршаған әлемді өз бетінше танып - білуге жағдай жасау.

АВА арсеналында жүздеген бағдарламалар, оның ішінде: вербальды және вербальды емес еліктеулер, жалпы және ұсақ моторика, тілді түсіну, заттарды атау, іс - әрекеттерді атау, заттарды жіктеу, «сен қалай . . . , көрсетіп бер», есімдіктер, «Не?», «Кім?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?» сұрақтарына жауап, «иә» және «жоқ» сөздерін қолдану, және басқалары. Бұл бағдарламалар ішіндегі жоғары дәрежедегілері: «Егер . . . не болады? Айтып бер» (іс - әрекеттің алдын ала нәтижесін біледі), «Тарихын баянда», «(құрбысының есімі) сияқты істе», «(құрбысының есімін атап) бірге ойнауға шақыр» әдістері.

АВА - терапияда ерте балалық шаққа (1, 5 - 3, 5 жас), мектепке дейінгі және мектеп жасындағыларға, жеткіншектер мен ересектерге арналған бірнеше терапиялық моделдер бар.

Теріс мінез - құлықпен ол әлі санада бекітілмей тұрған кезде, ерте балалық шақта түзету жүргізу тиімді.

Бала негізгі мінез - құлық дағдыларын меңгеруі және дамудағы артта қалушылықты жеңу үшін ерте араласу бағдарламасы қарқынды түрде аптасына 30 - дан 40 сағатқа дейін болуы керек.

АВА бағдарламасын жүргізуші маман ең әуелі баладағы мінез - құлық мәселесін анықтайды, сосын нәтижесінде бағасы шығарылып, оқыту стратегиясы жасалатын «өлшеулер» жүргізеді (мінез - құлықты бақылайды, танып біледі) .

АВА жүйесі бойынша оқыту кезінде бір күнде баламен әртүрлі бағыттағы бірнеше маман (мінез - құлық дағдылары бойынша дефектолог, музыкатерапевт, арттерапевт) жұмыс жасайды. Ал бақылауды әдістеме бойынша маман жүзеге асырады. Мамандар баламен реттілікпен 2 - 3 сағаттан (осы уақыт арасында 5 - 6 бағдарламадан) айналысады. Бір күн ішінде баламен 2 - 3 маман реттілік бойынша жұмыс жасауы мүмкін. Жұмыс күніне баламен 5 - 6 сағат жүргізіледі. Бағдарлама бойынша, мамандардың іс - әрекетімен үйлестіріле отырып, баламен жүргізілген барлық іс - әрекетттер ортақ журналға жазылады.

АВА әдісін оқыту мекемелерінде, балалар үйірмелерінде, үйге жүргізуге болады. Сабақтар жеке немесе топтық: кіші топтарда (2 - 3 бала) және үлкен топтарда (5 - 6 бала) болуы мүмкін.

Әдістемені негіздеуші Ивар Ловаастың нәтижелері бойынша АВА - ны оқып, бітірген балалардың жартысына дерлігі жалпы мектептерде оқуға мүмкіндік алады. Және барлық баланың 90 пайызға жуығы өз жағдайын жақсартады .

Son - Rise бағдарламасы. Бұл 35 жыл бұрын ұлдары Раунның (Raun) аутизм диагнозына жауап ретінде ата - аналары Барри Нейла Кауфман мен Samahria Lyte Кауфманның шығарған бағдарламасы болатын. Son - Rise бағдарламасының авторы Барри Нейла Кауфман болып табылады. Аутизмнен толық сауыққан Раун Кауфман қазір Американың аутизмді емдеу орталығында ғаламдық білім беру директоры. Son - Rise бағдарламасы әлемнің 78 елінде шамамен 25000 балалар мен ересектерді емдеуге көмектескен. Бұл бағдарлама баланың өзіндік сарынына сүйенеді. Ересек баланың аутистік әлемін бұзбай оның қайталаушы және дәстүрлі әрекеттеріне жаңа түсініктер мен саналылық бере отырып, оның әлеміне қосылады.

Сенсорлық интеграция мен стимуляция әдісі(СИС, заттық терапия) . Денедегі барлық жүйке жүйелерінен миға түсетін сигналдар байланысы мәселесімен айналысады.

Сонымен қатар, аутизмді түзетуде - құм терапиясы, кинезотерапия сияқты, жай - күйімен, массажбен, активті - пассивті гимнастикамен емдеу әдістері қолданылады.

Аутизмді түзетуде анималотерапия (латын тілінен аударғанда «animal» жануар), яғни психотерапиялық көмек көрсету үшін жануарлар мен олардың бейнелерін қолданатын терапия түрі. Оның ішінде: дельфинотерапия, иппотерапия (жылқымен қарым - қатынаста болу), канистотерапия (итті қолдану арқылы жүргізілетін терапия) сияқты түрлері бар.

Аутизмді емдеп - жазуға арналған дәрі - дәрмекпен емдейтін әдіс жоқ. Дәрі - дәрмекпен емдеу ілесе жүретін мәселелер: агрессия, жалықтырушылық, тартылу, мазасыздық, көңіл - күйдің өзгермелілігі, гипербелсенділік және т. б. шешуде тиімді болар еді.

«Холдинг - терапия». Соңғы уақыттарда аутист балаларды түзету жұмыстарында Батыста «холдинг - терапия» (ағылшын тілінен «hold» - ұстау) деген атпен танылған әдісті қолданамыз. Әдіс эмоционалды бұзылыстарды түзетуде қолданылады. Бірақ алғаш ерте жастағы балалар аутизмінен зардап шегетін балаларға жасалып, қолданылды. Бұл әдістің авторы дәрігер Марта Велш.

Холдинг емінде ана баланы өзіне жақын тартады, оны құшақтайды және бетпе бет қатты ұстап тұрады.

Аутист бала бірден қарсылық танытады. Ол жұлқынады, төбелесуі тістеп, түкіруі мүмкін. Анасы берілмей, оны жібермей көзімен байланыс орнатуға тырысуы керек. Қызығы, баланың қарсылық күші анасының күшін асыртпайды. Егер бала анасының құшағынан шығып кетсе, ол қашып кетпей «айқастың» жалғасын күтіп тұрады. Шешелері балаларын тынышталып, анасына қарай тығылып, көзіне қарағанша жібермей ұстаулары керек. Бұл әдетте холдингтің 1 сағат шамасында болады. Бала бұл кезде тек анасымен ғана емес, жанындағы басқа үлкендерменде қатынаса бастайды, сөйлеу тілін белсенді қолданады. Сабасына келіп, бала ұйықтап кетуі де мүмкін, бұл да холдингтің жағдайдан жол таба білудегі жағымды жағы. Дәрігер Велш холдингті күніне бір рет өткізуді ұсынады (бала көңіл - күйіне қарамастан барлық жағдайда) .

Мүмкін болса отбасы мүшелерінің барлығын қатыстыру керек. Мұнда шешесі баласын ұстап тұрады, ал әкесі (немесе әжесі, т. б. ) анасын демеп тұрады. Анасы қолына аутизммен ауыратын баласын ұстап тұрғанда, әкесі қалған балаларын (бауырлары, қарындастары) ұстауына болады.

Дәрігер Велштің тәжірибесі кез - келген жағдайда, ерте жастағы балалар аутизмі кезіндеде холдинг - терапия қалыпты нәтижелер бергенін тұжырымдады.

Холдинг - терапия кемістікті жоюға жағдай жасады, ал уақыт өте келе аутизмді толықтай жеңуге, мазасыздықты төмендетуге, қорқыныштарды, агрессияны жеңуге жағдай жасады. Холдинг - терапия баланың эмоционалды жағдайын жақсарта отырып, әрі қарай дамуына серпіліс берді. Көп жағдайларда 4 - 5 жастағы күрделі аутизмді, психикалық дамуында күрделі артта қалушылығы бар балалар 3 - 4 жылдан кейін жалпы мектептерге бара бастады. Сонымен қатар, құрдастарының сөйлеу тілі және зияткерлік дамуларымен қатарласып қана қойған жоқ, біртіндеп қажетті әлеуметтік дағдыларды да игерді.

Отбасы адамзат қоғамының кіші функционалдық бірлігі болып табылады. Отбасының пайда болуы рулық құрылыстың құлауы және объективті әлеуметтік - психологиялық себептерден туады.

Дімкәс баланың өмірге келуі бірінші кезекте отбасын психологиялық өзгерістерге алып келеді. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжыр-ғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, қатынас аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқындағы, тәртібіндегі әртүрлі өзгерістер ата-анаға қайғы мен мазасыздық күйін туғызады. Сол себепті отбасындағы өзара қарым - қатынастар бұзылады, әрі қиындыққа тіреледі. Сондықтан мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға педагогтардың, арнайы мамандардың көмегі қажет екені даусыз. Баланың өз - өзіне қызмет көрсетуі, дұрыс шешім қабылдай алудағы батылдығы, тәртіп пен мәдениет жайындағы білімдерінің негізі алғашқы болып отбасында қаланады. Ата - аналардың тәрбие берудегі тәжірибесі, төзім мен шыдамдылығының алатын орны ерекше.

Мүгедек балалардың жанұяда тәрбиелеудің бір -біріне қарама - қарсы екі түрі кездеседі. Олардың бір түрі «шектетілгендер», яғни ата -анасы баланың жан -жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді, бірақ оның ішкі әлеміне үңіліп рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі, ата - аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына лайық емеспіз деп ойлайды. Олардың көңіл - күйі түсіп, өз-өзіне сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, танымдық қызметінің қалыптасуында, тәрбиесінде әр түрлі кемшіліктер пайда болып, зияты төмендеп, білім деңгейі тежеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Ерте бала аутизмі бар балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану
Аутизм ұғымы
Қазіргі кезеңдегі аутизмі бар балалардың мінез - құлқындағы мәселеге теориялық көзқарастар
Аутизм жағдайындағы балаларды әлеуметтендіру
Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz