Кедендік тариф сауда саясатының құралы ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚР. Еуразиялық Технологиялық Универсиететі

Эссе

Тақырыбы: Кедендік тариф сауда саясатының құралы ретінде.

Дайындаған: Жолдасова А.Б
Тексерген: Ұлболсын Берік

Алматы 2020
Мазмұны:
1.1. Кеден тарифтерінің мәні мен мақсаты
1.2. Кеден тарифтерінің түрлері
1.3. Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану тәртібі
1.4. Тарифтік шектеулер

1.1. Кеден тарифтерінің мәні мен мақсаты

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Мұндай реттеудің кұқықтық жағдайын Кеден тарифтері жөне баж туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылы 24 желтоқсанда белгіледі.
Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең - Кеден тарифтері және баж туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық, қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.
Кеден тарифтік шаралар дегеніміз - сыртқы экономикалық, қызметті реттеуге бағытталған және мемлекеттік органдармен заңда көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шараларының жиынтығы.
Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы Қаулысы жатады.
Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасына тауар енгізудің тауарлы құрылымын реттеу;
- Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын үстау,
- Қазақстан Республикасында тауарлар өндірісі мен тұтыну құрылымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөл-шерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.
Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, занда көрсетілгеннен өзге өзгермейді.
Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері занды негізде екі есе артады (тарифтік жеңілдіктер берілген жағдайлардан өзге).
Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары Казақстан Республикасының Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып келеді.

1.2. Кеден тарифтерінің түрлері

Кеден баж салығының түрлері. Кеден тарифтері және баж туралы заңның 5- бабына сәйкес Қазақстанда баж салығының келесі түрлері қолданылады:
- адвалорлық салық, тауар кеден құнынан пайызбен есептеледі;
- арнайы салык, тауар данасына салынады;
- аралас салық, алдыңғы екеуін де камтиды;
- кеден баж салығы - Казақстан Республикасының Кеден органдарымен жиналатын Қазақстан Республикасының территориясына тауарды әкелу немесе территориядан шығарылғандағы міндетті үлес;
- тауардың кедендік құны - тауарға баж салығын салу, сыртқы экономикалық және кеден санағы, т.сс. мақсаттар үшін заңға сәйкес анықталатын тауарлар құны.
Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:
1. Тауар қозғалысының бағыты бойынша.
Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық
және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылыды.
2. Баж салығын орнату әдісі бойынша.
Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және
құрама болып бөлнеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп атайды.
Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.
Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады.
Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген екі әдіспен орнатылады.
3. Баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.
Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискриминациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден төмен қойылады. Дискримниациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.
Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.
Заңмен маусымдық және ерекше кедендік баж салықтары көрсетілген. Тауарлардың енгізілуін шығарылуын оперативті реттеу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі 4 айдан артық емес мерзімде маусымдық баж салығын енгізуі мүмкін. Мұнда кеден тарифімен белгіленген баж салықтары қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын қорғау мақсатында шығарылатын және әкелінетін тауарларға ерекше баж салығы қолданылады: арнайы, антидемпингтік, өтемақылы.
Арнайы баж салығы - Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды қорғау мақсатында салынады, яғни отандық өндірушілерге шығын келтіретін немесе тікелей бәсекелесетін тауарларға салынатын салық; заңсыз бәсекелестік кезінде шегеру шарасы ретінде; Қазақстан Республикасының мақсаттарын бұзушы істерге жауапты шара ретінде қолданылады. Арнайы баж салығы әрбір жеке жағдайда бөлек есептеледі.
Антидемпингтік баж салығын теңестіру қызметі ретінде және Қазақстан Республикасының кедендік территориясына шығару елдегі көрсетілген құнынан өте төмен бағамен енгізілгенде немесе осындай тауарларды отандық өндірушілерге материалдық зиян әкелетін болғанда қолданылады.
Антидемпингтік баж салығының мөлшерлемесі экспорт жасалыну кездерінде тауардын экспортер елдегі бәсекелестік көтерме бағасы мен Қазақстан Республикасының территориясына енгізу бағасы арасындағы айырмадан артпауы керек.
Өтемақылық баж салығы - Қазақстан Республикасының кеден шекарасына, өндірісінде немесе әкелінуіне жәрдемақы қолданылған тауарларға қолданылады (егер ол отандық өндірушілерге зиян келтіретін болса). Өтемақылық баж салығының мөлшері анықталған жәрдемақы мөлшерінен арта алмайды.
Баж салықтарының ерекше турін қолданудың шарасы. Баж салықтарының ерекше түрін қолдану алдында Қазақстан Республикасының кеден тарифтік кеңесімен жүргізілетін тергеу болады. Тергеу барысында шешімдер сандық анықталатын мәліметтерге негізделеді. Әрбір жағдай үшін жеке мөлшерлеме қолданылады.
Қазақстан Республикасының кеден территориясына әкелінетін және шығарылатын тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының үкіметімен, Кеден тарифтері және баж туралы заңға сәйкес негізде анық-талады.
Тауар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезде кедендік құнды декларант кеден органына мәлімдейді.
Кедендік құн тәртібі және жағдайлары, декларация формасы мемлекеттік кеден комитетімен заңға сәйкес анықталады. Кедендік құн декларантпен заңда көрсетілген кедендік құнды анықтау әдісімен анықталады.
Кедендік құнның дұрыс анықталғандығын тауар кедендік дайындауын жасайтын Қазақстан Республикасының кедендік органымен бақыланады. Декларанттың кедендік құнды айтқанда және оны анықтауға қатысты мәліметтер шынайы, сандық анықталатын және құжатта көрсетілетін болуы керек.
Кедендік баж салығы декларацияны беру күні есептеледі және ұлттық валютамен де, Қазақстан банктерімен сатып алынатын шетел валютасында алынады. Баж салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне түседі.

3.3. Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану тәртібі

Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану тәртібі. Оның мынадай әдістері бар:
- әкелінген тауарлармен мәміле бағасы бойынша (негізгі әдіс);
- бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
- біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
- құнды шегеру;
- құнды қосу және
- резервтік әдіс арқылы
Енгізуші тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда тауарлардың кедендік құны мәміле бағасымен бірдей болады, ол нақты төленген немесе Қазақстан Республикасының шекарасынан өту кезінде төленуге тиісті баға. Кедендік құнды анықтау кезінде мәміле бағасына келесі құрамдас бөліктер (егер олар алдын ала қосылса) қосылады:
а) тауарды авиапорт, порт немесе басқа кедендік территорияларға әкеліп, оны белгіленген жеріне жеткізу шығындары:
- тасымалдау құны;
- тауарды тиеу, түсіру, қайта тиеу, қайта түсіру шығындары;
- сақтандыру сомасы.
ә) сатып алушы жұмсаған шығындары:
- комиссиондық және делдалдық шығындар, тауар сатып алудан өзге;
- контейнерлер, ыдыс, құты-сауыттар құны тауарлық номенклатураға сәйкес болса, онда олар бағаланушы тауарлармен біртұтас деп қарастырылады.
б) келесі тауарлар және қызметтердің сатып алушымен тегін немесе төмендетілген бағамен өндіріске қолдануда немесе бағаланушы тауарларды шығарудағы құнның осыған сәйкес бөлігі:
- шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай өңделген өнімдер және іріктеп алынған өнімдер, бағаланушы тауар бөлігі болып келетін;
- бағаланушы тауар өндірісінде пайдаланылған құрал - жабдықтар, штамптар, формалар және т.б. ұқсас заттар;
- тауарды өндіруге жұмсалған материалдар;
- Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлар өндірісіне қажетті инженерлі жұмыстар: дизайн, көркем әсемдеу, эскиз және сызбалар.
в) лицензияланған және өзге де интеллектуалды меншік объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
г) Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлардың пайдаланылуы, сатылуы, қайта сатылуы кезіндегі сатушының тікелей немесе жанама табыстары.
Бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда кедендік құнды анықтаудың негізіне - негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, сапасы және нарықтағы беделі, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың мәміле бағасы жатады.
Біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Бұл әдіс тауардың сапасы, белгісі болуы, нарықтағы беделі, шығарған елі, өндіруші сияқты қасиеттерді ескеруді ұйғарады. Мұнда біртекті тауар деп - сипаттамалары бірдей және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, тап сондай қызмет атқарып, коммерциялық бір-бірін алмастыратын тауарларды айтамыз.
Құнды шегеру негізіндегі әдіс. Тауар бағасынан комиссионды сыйлықтарға шығын, пайдаға қосулар және сатудың жалпы шығындары, енгізу баж салықтары сомасы, кәдімгі шығындар (тасымалдау, сақтандыру, т.сс.) шегеріледі.
Қазақстан Республикасының территориясына әкелінген тауарлар өзінің алғашқы түрін өзгертпей сатылатын болса, онда осы әдісті қолданады.
Құнды қосу негізіндегі әдіс. Кедендк құнды анықтау үшін оған материалдар мен шығын, жалпы шығын және тауарларды жеткізгені үшін алынатын пайда қосылады.
Резервтік әдіс. Егер тауардың кедендік құны жоғарыда аталған әдістер негізінде анықталуы мүмкін болмаса, әлемдік тәжірибе ескеріліп анықталады. Бұл әдісті қолданғанда кеден органы декларантқа өзіндегі бағалық мағлұматты береді. Кеден тарифтері және баж туралы заңның 16 - бабында тауардың шығу елін анықтаудың құқықтық жағдайы көрсетілген.
Тауардың шығу елі - тауар толығымен өндірілген немесе заңда көрсетілген критерийлерге сәйкес жеткілікті өңдеуден өткізілген ел.
Кез келген елде толығымен шығарылған тауарлар: қазба байлықтары, өсімдік өнімі, мал өнімі, аңшылық, балық аулау негізінде алынған өнімдері, осының барлығы сол ел ішінде өндірілген болса.
Егер тауарды дайындауға екі немесе бірнеше ел қатысса, онда жеткілікті өңдеу критерийі қолданылады. Оған жататындар: тауарларды өңдеу нәтижесінде болған тауарлық номенклатура бойынша алдыңғы төрт белгінің кез келген деңгейіндегі тауарлық позицияның өзгеруі; жеткілікті өндірістік және технологиялық операциялардың жүзеге асырылуы т.с.с.
Белгілі бір елде тауардың шығарылғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасының кеден органы сұрай алады. Тауарлардың шығарылуы кезінде оған тиісінше құзіретті орган сертификат береді.
Тауардың шығу елін көрсететін сертификат қағазы тауардың нақты осы елден шыққанын анықтайды; ол жөнелтушінің жазба түріндегі куәлік қағазынан тұрады. Бұл хатта тауар - тауар шығарушы елдің арнайы ұйымдарының өнімге қойылатын критерийіне сәйкес екендігі көрсетіледі.
Тауардың шыққан елін көрсететін сертификат кеден тіркеуі кезінде кеден декларациясымен бірге көрсетіледі.
Бланкты толтыру тәртібі және А формасы бойынша тауарлардың пайда болу сертификатын беру. А формасы тауарларының пайда болу сертификатын толтырудың белгілі бір бекітілген тәртібі болады. Оларға жалпы жеңілдік жүйесі әсеріне түсетін Ресейден ЕО мемлекеттеріне экспортталатын тауарлар жатады. Сертификаттар ЕО комиссиясымен қабылданған арнайы бланктарда толтырылады.
Сертификат мемлекет аймақтарындағы РФ Сыртқы экономикалық байланыстар министірлігі (СЭБМ) экспортерларға тек жазбаша өтініштері бойынша арнайы аппаратымен беріледі. Сертификатты толтыру жөніндегі мәселе қажетті құжаттардың толық жиынтығын қабылдағаннан кейін ғана қарастырылады.
Егер бір контракт бойынша бірнеше сертификат толтыру қажет болса, онда барлық толтырылатын сертификаттар үшін тек қайталанатын құжаттардың бір жиынтығы болса да жарамды саналады.
Экспортердің ұсынатын қажетті құжаттар жиынтығына мыналар кіреді:
* Арнайы Ресей СЭБМ атына сертификатты толтыру жайлы еркін
түрдегі өтініш хат. Хат экспортер - ұйымның бланкісінде, берілген нөмірі және күні болуы керек. Экспортер - ұйым жетекшісі немесе оның бір орынбасарымен хатқа қол қояды.
Хатта, сонымен қатар, барлық ұсынылатын құжаттардың әр қайсысының сандық көрсеткіші болуы қажет.
* Сертификат бланкісі арнайы үлгімен толтырылып, экспортер -
ұйымның басшысының қолы қойылып, сол ұйымның мөрі басылуы керек. Сертификат көшірмесінде де түпнұсқаның мөрі болуы қажет. Сертификатқа экспортер - ұйымның басшысының фамилиясы, аты - жөні, қызметі көрсетілмегендіктен, сертификат және оған қосылатын хат бір адамның қолымен қойылады, сондықтан хатта қол қойған адамның ғана аты - жөні, фамилиясы, қызметі көрсетілуі қажет.
Қажет болған жағдайда экспортер "Информ ВЭС" бірлестігінде сертификат бланкілерін ала алады.
* Ресей сауда - өнеркәсіптік палатасы аймақтық бөлімшесімен берілген
сараптау актісінің түпнұсқасы "Одақтық сараптау" арнайы бланкісінде болуы қажет.
Сараптау (экспертиза) актісінде көрсетілген ақпарат басқа ұсынылатын құжаттар ақпаратына қарама-қайшы болмауы керек. Сараптау актісінде көрсетілген килограмм есебіндегі тауарлар саны шоттағы (инвойс) көрсетілген нетто - салмақтан кем болмауы қажет.
Бұл контракт бойынша толтырылатын бірдей бі-неше сертификат үшін бір ғана экспертиза актісі болса да жарамды.
* Экспорттық контрактының түпнұсқасы және көшірмесі.
Контрактінің нөмірі, күні және қол қойылған тұсы болуы қажет.
* Тауар өндірушімен (делдал үшін) жасалатын келісімнің
түпнұсқасы және көшірмесі. Келісімде делдалдың міндеті айқын көрсетілуі қажет. Сонымен қатар, тауар экспортына жасалатын контракт қай ұйым атынан қол қойылатыны көрсетілуі қажет. Келісімнің нөмірі, күні және қол қойылған тұсы болуы қажет.
Экспортермен ұсынылған келісімдердің түпнұсқасы және көшірмесі, тауар чектері, квитанциялар (ресми қолхат) және басқа да құжаттар сертификатты толтыру үшін негіз бола алмайды.
* Ресейлік экспортерлер мен импортер фирмаға берілетін шоттың
(инвойс) түпнұсқасы мен көшірмесі. Экспортердің, импортердің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік-тарифтік саясат
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Қазақстан экономикасының дамуы
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты
Еркін сауда саясаты
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер