Еңбек ақы есебі


Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1. Еңбек ақының және оның төлемақысының есебі . . . 6
- Еңбек ақы төлемінің жүйесі мен нысаны. . . 6
1. 2. Өнімдер мен еңбек ақы төлемінің есебін ұйымдастыру . . . 14
1. 3. Қызметкер мен еңбек ақыны бойынша есеп айырысу есебі . . . 18
2. ММ «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі »еңбек ақысы және
оны ұйымдастыру . . . 25
2. 1. Еңбеккерлердің құрамының есебі . . . 25
2. 2. Орташа жалақыны есептеу тәртібі . . . 35
2. 3. Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар . . . 49
2. 4. Кәсіпорын аналитикалық есебі . . . 53
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер . . . 58
Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істейтін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар сол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесін анықтайды. Қаржылық есеп берумен оның пайдаланылатындығы және есеп алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сырқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беру осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Көп жағдайда бухгалтерлер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар жиі кездеседі. Бұлар өз тәжірибесінде, өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып отыратындығы әрине рас. Бірақ, есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтнрлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап, оны пайдалануға тиімді етіп беру бухгалтердің міндеті.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстармен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және арнаулы құжаттарға қарай реттеп соңынан тіркеу жүұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін, белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуіне тура келеді. Бұл пәннің негізгі мақсаты осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқада пәндермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін, теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибиелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындарға есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардан қарапайым, әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғацйлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымының есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарынның нақтьы түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығымен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Қазіргі бухгалтерлер тек шот жүргізумен ғана емес сонымен қатар жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, шаруашылық қызметке баға беріп, аудиторлық тексеру жұмыстарымен де айналысады. Қазіргі бухгалтерлер есеп ақпараттарын пайдаланушыларды, олардың ішкі немесе сырқы пайдаланушы еместігіне қарамастан, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен, бухгалтерлік есеп дегеніміз- белгілі кәсіпорын жайлы ақпараттарды өлшеп, өңдеуден өткізіп пайдаланушыларға беріп отыратын жүйе. Бұл ақпарат пайдаланушылардың кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім қабылдауынпа мүмкіндік туғызады. Адамдар көбінесе бухгалтерлік есеппен шот жүргізу арасындағы айырмашылықты түсіне бермейді. Шот жүргізу бұл шаруашылық операцияларын тіркеуден өткізу арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіп, есеп құжаттарын сақтау. Бұл көп рет қайталанатын, пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын миханикалық бухгалтерлік есептің бір бөлігі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
1. Еңбектің және оның төлемақысының есебі.
1. 1. Еңбекақының түрлері мен нысандары ( формалары ) .
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі атағандар жатады:
- Мерзімді және кесімді еңбекақы.
- Сыйлықтар мен сыйақылар.
- Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарған үшін төленетін төлемдер.
- Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
- Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
- Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
- Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
- Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
- Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай - ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларына еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны ( фориасы ) қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік - техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысалы : автоматтандырылған машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
- Жай мерзімді;
- Мерзімді сыйлықты;
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай беру б. т.
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылардың түнгі уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына төленетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығына немесе зияндығына төленетін қосымша төлемдер жатады.
Халық шаруашылық саласындағы мекемелердегі қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған уақытқа есептелінеді. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне календарлық ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе мекеменің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер жұмысқа бірнеше күн келмей қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмысшының жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетіген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімнің санымен көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
- тікелей кесімді;
- кесімді сыйлықты;
- үдемелі кесімді;
- аккортық;
- жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімнің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасын қарастырылған, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудін
үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да - күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары ушін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақанаң аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудін тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылар мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың және тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі. Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы арқылы ұстауға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:
- Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы сомасының 10% мөлшерінде) .
- Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес) .
- Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл, және тағы басқалары) .
- Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылардың міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.
- Әр түрлі жарналарға (жұмысшылардың жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға және т. б) төленетін төлемдер.
- Дербес сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және т. б сақтандыруға байланысты жарналарға аудару.
- Жұмысшылардың еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.
- Банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар.
- Жұмысшы жұмыс істейтін мекеменің қарамағындағы үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол мекеменің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.
- Мекемеге келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар. Бұл айтылғандардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларынан өздерінің жазбаша өтініштері бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары және тағы да басқалары ұсталынады.
- Мерзімді еңбекақыны есептеу. Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем және тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz