Заманауи сабақ - оқушылардың белсенді оқу қызметі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Заманауи сабақ: оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері
Әмірсеит Айжан Қасымсеитқызы
№57С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі
Сарыағаш ауданы
Amirseit2011@mail.ru
Адaм балaсы өз еңбегінің нәтижесінде өзінің aқыл ойын жетілдірді. Ақыл ойы дамығаннан кейін өз өмірін жақсaрту, қолайлырақ ету мақсатында әр түрлі сaлaлaрда жаңашылдыққа негізделген өзгерістерді жүзеге асырды, ол процесс осы уақытқа дейін жүріп келеді, тоқтаған емес. Сөзімізге дәлел ретінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы қоғам мен қазіргі замандағы қоғамды салыстырайық. Осыдан 50 жыл алдын таңғажайып болып көрінген дүниелер бүгінгі күнге келіп күнделікті өмірдегі игіліктерге айналып отыр. Географтардың тілімен айтқанда Ғылыми техникалық революция тоқтаусыз жүріп отыр. Ал қоғам алдында - игі бастауды жалғастыратын, болашақтың тұтқасын ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Тәрбие мен білім берудің ең негізгі, бірегей формасы - сабақ жүйесі. Соған байланысты уақыт өткен сайын білім беру жүйесінде өзгерістер, әртүрлі жаңалықтар, атап айтқанда, жаңа технологиялар, әдіс-тәсілдердің заманауи формалары, мектептер ғылыми техника жетістіктеріне негізделген мaтериалдық-техникалық базаларды енгізіп жaтыр. Бүгінгі тaңда дәстүрлі сабақ жүйесі және қазіргі зaманғы сабақ жүйесі деген ұғымдар қалыптасқан. Бәсекеге толы қоғамда мақсатқа жете aлатын, алған білімін тәжірибеде тиімді қолдана aлатын, қабілетті адам, дайындауды негізгі мақсат етіп қоятын қазіргі заманғы сабақ жүйесі өзінің нәтижелілігін дәлелдеп келеді. Жай ғана кітаптан оқытып, алдын ала дайындалған үйреншікті тапсырмаларды орындата беру, біріншіден,оқушыны жалықтырады, екіншіден, мұғалімнің кәсіби жетілуіне жеткілікті деңгейде жол ашпайды. Заманауи оқыту жүйесі оқушының жан-жақты дамуына жол ашады, шығармашылығын дамытады, ұжымдық еңбекке тәрбиелейді, білім беруші мұғалім үнемі ізденісте болады, өзін-өзі дамытады, ал бұл өз кезегінде жалпы педагогиканың дамуына сеп болады. Педагогикалық процесстегі осы екі жағдай жетілген сайын қоғам да жақсарады, болашақ та жарқын болады.
Заманауи сабақ - ол, ең алдымен мұғалім оқушының білімді терең игеріп, тұлғалық дамуына , оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, әсер ететін үрдіс. Заманауи сабаққа тән сипаттар:
1. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс.
2. Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
3. Заманауи сабақ - бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар, даму, өсу, білімге апаратын саты , өзін-өзі тану, жетілдіру, қызығушылық, таңдау, алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы
4. Заманауи сабақ - оқушылардың белсенді оқу қызметі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің тәсілдерінің бірі - оларды ойлаудың түрлерін (саралау, жинақтау, салыстыру, маңыздысын белгілеу, қорытынды жасау) үйрету.
Мектептерде ұзақ уақыт бойы сабақтың төрт элементі (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету, оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан. Мұндай сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін іс жүзінде қолданып жаттығулар орындауына уақыт аз қалады. Оқушылардың зейіні мен жұмыс істеу қабілетінің ең өнімді кезеңі сабақтың алғашқы 20 -25 минут мөлшерінде өтеді. Ал осы уақыт үй тапсырмасын сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген кезде беріледі. Сондықтан сабақ құрылымының неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек.
Кез келген заманауи сабақтың дүниеге келуі оның мақсаттарын дұрыс анықтаудан, оларға қол жеткізуге көмектесетін құралдар мен тапсырмалардан сабақты жүргізу тәсілін анықтаудан басталады. Оқыту үдерісін басқару педагогикалық үдерістің және педагогикалық қызметтің берілген құрылымына сәйкес белгілі бір кезеңдерді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, нәтижені бағалау және талдауды өткізуді қажет етеді. Сабақ баланың үйдегі өмірімен, үйден тыс жерлерде өзінің достарының арасындағы өмірімен сабақтасып, күнделікті өмірінің жалғасы болуы тиіс. Мұғалім күнделікті сабаққа дайындалу барысында қойылған мақсатқа байланысты сабақтың құрылымын, оқу материалының мазмұнын, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, құралдарды, сабақтың әр кезеңін анықтап, жоспарлауы керек. Әр сабаққа нақты мақсат қойылмаған жағдайда, олар бір- біріне ұқсас, біржақты болуы мүмкін, ал бұл оқушылардың тақырыпты оқуға қызығушылығының жойылуына әсер етеді. Оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде әдіс-тәсіл түрлерін қолдану қажет. Сабақтың бір кезеңіне көп тоқталу, (мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіру) оқушылардың тыңдау ынтасының, қызығушылығының жойылуына әсер етеді. Сол себепті әр сабақта және сабақтың әр кезеңінде оқушылардың сезім мүшелеріне әсер ететін, танымдық қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді, іс-әрекет түрлерін тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Биология сабақтарында проблемалық оқыту
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Заманауи педагогикалық технологиялар
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Пәндер