Ромашкевич әдісі бойынша көңдегі аммиакты азотты колориметрлік анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Модуль 2. ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ТАЛДАУ

№ 4 зертханалық жұмыс

РОМАШКЕВИЧТІҢ ӘДІСІ БОЙЫНША КӨҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АММИАКТЫ АЗОТТЫҢ МӨЛШЕРІН КОЛОРИМЕТРЛІК ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ

(2 сағат)

Әдебиет

1. Радов А. С. и др. Практикум по агрохимии. - М. : Агропромиздат, 1985.

2. Елешев Р., Смағұлов Т., Бәсібеков Б., Балғабаев Ә. Агрохимия практикумы. - Алматы: Кенже пресс, 1995

3. Кидин В. В. Практикум по агрохимии. - М. : КолосС, 2008.

4. Агрохимия практикумы: Оқу құралы /Черненок В. Г., Құрішбаев А. Қ., Нұрманов Е. Т., Құзданова Р. Ш. - Астана, 2016 - Электронная библиотека ППС //http://portal. kazatu. kz/e-books/content/HiKVdJGirAfB7cUTmrDM/index. pdf

Органикалық тыңайтқыштар - жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Бұл тыңайтқыштар түріне көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т. б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары және т. б. жатады. Оларды жергілікті тыңайтқыштар деп атайды, өйткені олар сол алынған жердегі шаруашылықтарда пайдаланылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамындағы азот, фосфор, калий мөлшері минералды тыңайтқыштармен салыстырғанда төмен келеді.

Органикалық тыңайтқыштар топырақты қарашіріндімен, қажетті химиялық элементтермен байытады, топырақтың ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимін реттейді, физикалық қасиеттерін жақсартады. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыруда, суармалы жерлерді игеруде міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар қолданылады.

Органикалық тыңайтқыштар әсер ету ұзақтылығына сәйкес ылғалы мол, суармалы егіншілікте тәлімі жерлермен салыстырғанда жоғары мөлшерде енгізіледі. Тыңайтқыштардың мөлшері дақылдардың түріне, топырақ-климат ерекшеліктеріне сәйкес 15-60 т/га аралығында қолданылады. Минералды тыңайтқыштармен бірге қолдану оның тиімділігін арттырады.

Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көң көп пайдаланылады. Көң құрамында өсімдікке қажетті барлық қоректік заттар бар: азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір, бор, мырыш, молибден, марганец, кобальт және т. б. Көңнің құрамы малдың түріне, олардың азығына, мал астына төселген сабанның немесе шөптің сапасына, алу жолдары мен сақтау тәсілдеріне байланысты түрліше болады. Орташа есеппен малдар жейтін азық құрамындағы қоректік заттардың 40%-ы органикалық заттарға, 50-70%-ы азотқа, 80%-ы фосфорға, 90%-ы калийге өтеді.

Көң топырақ құрылымын жақсартып қана қоймай, өсімдіктердің өсуі мен микроағзалардың тіршілігіне зиянды заттарды бейтараптайды, өсімдікке қажетті негізгі қорек - С0 2 мөлшерін арттырады. Көң өсімдіктің өсіп жетілуіне қажетті өсіргіш заттарға (ауксин, гетероауксин, гиббереллин т. с. с. ) бай келеді.

Құрамындағы ылғал мөлшеріне сәйкес көңдер 3 түрге бөлінеді: қатты - төсенішті (ылғалдылығы 75-80%), жартылай сұйық (90%), және сұйық (90%-дан жоғары) . Төсенішті көң құндылығы жоғары. Оның құрамында шамамен 0, 5% N, 0, 25% P 2 O 5 , 0, 6% K 2 O, 0, 35% CaO, 0, 15% MgO болады және құрамы дайындау, сақтау, топыраққа енгізу, шашу тәсіліне байланысты өзгеріп отырады.

Студент мынаны білуі керек:

1. Органикалық тыңайтқыштар түрлерін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда, әрі топырақ құнарлылығын жақсартуда олардың маңызын;

2. Мал түріне байланысты көңнің құрамын;

3. Көңді сақтау әдістерін және көңнің ыдырау дәрежесіне байланысты оның сапасын;

4. Көңді сақтау кезінде болатын өзгерістерді;

5. Көң үшін төсеніштің маңызын және оның топыраққа әсерін;

6. Ауыспалы егістегі көң енгізу орнын.

7. Әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын көң мөлшерін, оны топыраққа сіңіру мен енгізу тәсілдерін.

Жұмыс нәтижелері бойынша жасай білуі керек:

1. Шаруашылықта органикалық тыңайтқыштардың жиналуын анықтауды;

2. Көңді сақтаудың ең тиімді әдісін негіздеуді;

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының органикалық тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтауды;

4. Көңнің мөлшерін есептеуді және оның енгізу мен сіңіру технологиясын негіздеуді.

Талдау мағынасы

Көңдегі бос күйіндегі аммиактың, көмірқышқылды аммонийдің, органикалық және минералды қышқылдардың тұздардың құрамында кездесетін аммиакты азоттың мөлшері маңызды көрсеткіші болып табылады.

Сонымен бірге, көңдегі аммиакты азоттың мөлшері оны сақтау кезінде қаншалықты қанағаттанарлық күйде дайындалғанын көрсетеді.

Әдіс қағидасы

Көңді 0, 05 н тұз қышқылының ерітіндісімен өңдейді, ол аммиакты (NН 3 ) көңнен ығыстырып байланыстырады:

3 + НСl = NН 4 Сl

Аммонийді ерітіндіде йодты меркураммоний түзейтін Несслер реактивімен анықтайды:

(NH 4 Cl + 4KOH + 2K 2 (HgI 4 ) = HgOHg(NH 2 ) I + 7KI + KCl + 3H 2 O) .

Йодты меркураммонийдің сары түсінің қанық болуы ерітіндідегі аммонийдің мөлшеріне байланысты болғандықтан, оны анықтауға мүмкіншілік туады.

Талдау барысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аммиакты тотығу арқылы азот қышқылы алу: қондырғы, катализаторлар және өнім шығынын анықтау
Аммиакты тоңазытқыш қондырғысының буландырғышын автоматтандыру жобасы
Жай белоктардың алмасуы мен аминқышқылдарының тағдыры: қорытылу, сіңірілу және ішектегі шіру; креатин мен креатинин синтезі және қандағы азотты метаболиттерді анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулық
Азықтық азотты қосындылар мен микробиологиялық ашытқылардың мал азықтанудағы рөлі
Химиялық технология және байланысқан азот технологиясы: атмосфералық азотты фиксация, аммиак пен азот қышқылын өндіру
Ляпуновтың бірінші әдісі және автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығын анықтау әдістері
Қан плазмасының ақуыздары, ферменттері мен ақуызсыз азотты заттары
Қышқылды-негіздік әдісі бойынша V аналитикалық топтағы катиондардың жіктелуі мен сапалық реакциялары
Жер жұмыстарының нөлдік сызығын анықтау: қазаншұңқырдан үйіндіге дейінгі теңестіру әдісі
Сапалық химиялық анализ: катиондар мен аниондардың қышқылдық-негіздік әдісі бойынша жіктелуі және жүйелі-бөлшектеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz