ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру - ұлттық бірегейлік сақтаудың басты жолдарының бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде аса маңызды идеологиялық міндетіміз- Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір адамзаттың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру екендігін баса айтқан болатын.
Жастардың адамзаттық,отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мәселесіне Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Жолдаулардың бірінде Өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар (1997) делінсе, екіншісінде біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық (2005) деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындаең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүю, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу, ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу, деп нақты көрсетілген.
Ұлттық педагогика өкілі Ш.Әленұлы Педагогика кітабында: Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ деген еді.
Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сана, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптары көңіл толтырарлықтай болып отыр. Атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.
Әлемде азаматтардың бойында ұлттық нышандарға - Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастырып отырған дамыған елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттік нышандар мемлекеттің оң бейнесін жасаудың негізі ретінде пайдаланылады, ұлттық мақтаныштың белгісі болып табылады, патриоттық сезім мен ерік-жігерді танытудың нысанасы ретінде пайдаланады. Мемлекеттік нышандардың көмегімен оқушылар бойына еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді.
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу-аса маңызды міндет. Сондықтан мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда қазақстандық отаншылдық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру қажет.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлттық намыс, мінез - құлық, тектілік, отансүйгіштік, яғни, рухани - патриоттық құнды қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан - жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.

Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
:: Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
::Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
::Еңбекте - еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
::Қазақ халқының салт - дәстүріне қызығушылықпен қарау.
::Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тарих пәнінің оқшыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде мүмкіншілігі мол. Тарихты жасайтын адамзат болғандықтан, тарих бірінші кезекте тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалардан тұрады.
Мысалы 5-6 сыныптарда Сақ тайпасы, Томирис, Шырақтың ерлігі, Ғұндардың Европаға жорығы, Мөде, Аттила патша, 7-8 сыныптарда алғашқы орта ғасырлық мемлекеттер, Ұлы Жібек жолы, Қазақ хандығы және қазақтың ұлы хандары,батырлар, билер, 9-11 сыныптарда қазіргі кезеңге дейінгі ұлы оқиғаларға байланысты нақты деректерге негізделген қосымша тарихи, көркем шығармалардан үзінді, қосымща түрлі тапсырмалар берілсе, оқушылардың еліне, жеріне деген отаншылдық сезімдерінің оянуына ықпал етеді.
Сонымен қатар тарих сабағында қосымша әдеби әдебиеттерді пайдалануға көңіл бөлген жөн. С.Өтениязов Аттила, М.Мағауин Қазақ хандарының тарихы, Д.Кэстель Әбілхайыр хан ордасында, С. Сейфуллин Тар жол тайғақ кешу, С.Мұқанов Ботагөз, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріповтың еңбектері, М.Әуезовтың Абай жолы, І.Есенберлин Көшпенділер, Д.Қонаев Өттің, дүние осылай, Елбасының еңбектері, осындай құнды-құнды еңбектерді тарих сабағында дереккөздер ретінде пайдаланып, оқушыларға шығармашылық жұмыс беріп, сол шығарма туралы өз ойын, өз қөзқарасын білдіруді тапсырса, тәрбиелік мәні өте зор болар еді.
Тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Жас ерекшеліктеріне қарай оларды дұрыс таңдай білу керек. 5-8 сыныптарды Ауылым - алтын бесігім, мен елімнің ертеңімін, Тарихтың адам өміріндегі маңызы, Отанды сүю дегеніміз не?, Туған өлкем-неткен көркем, ал 9-11 сыныптарда Үздік тарихшы, Тәуелсіздік тұғыры, Жастар және Қазақстан, Ұлы тұлғалар т.б. тарихи көрністер, пікік сайыстар, дөңгелек үстел, кештер, дебаттар, интеллектуалды ойындар өткізуге болады.
Тарих пәнін оқытуда өмірмен тығыз байланыстыруда оқушылардың туған ел тарихына деген құштарлығын оятып, жерін, Отаның сүюге баулуда, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндеттерін атқаруда мектеп мұражайы және мұражайдын, мұрағат, мұрағат құжаттарының атқарар рөлі үлкен.
Ұлттық құндылықтарымыз арқылы оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу нәтижесінде біз:
Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырамыз;
Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық, рухын дамытамыз;
Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеуге үйретеміз;
Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты басты мақсаттарға қол жеткіземіз.
ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай, білімді, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың алға қояр мақсатымыз.
Ұлы ағартушы М.Дулатов айтқандай мектептің мақсаты жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру.
Кез-келген мемлекеттің қуаттылығы, оның әскери күшінде ғана емес, оның ұлттық рухының күштілігінде. Мемлекеттің байлығы табиғи қорының молдығында емес, оның рухани байлығы отансүйгіштік, Отанға адалдық, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуында.
Жаңа ғасырда білім мен ғылымның дамуы шарықтау биігіне жетті деуге болады. Бірақ тәрбиені ешқашан естен шығармауымыз керек. Өйткені қазір ақпарат көп, ал тәрбие аз.

Ел бейнесін және Отанымен ажырағысыз байланыс сезімін мемлекет пен қоғам, ең алдымен, білім беру арқылы қалыптастырады. Осыған орай, білім алушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, елдің мемлекеттік нышандарын танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа білім беру мекемелерін белсенді түрде тарту қажет. Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген және қазақстандықтардың тілімен байланысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі сапалы, мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, балалар мен жастарға арналған, олардың санасында патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыруға ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. Педагогикалық оқудың бүгінгі таңда өзекті мәселердің бірін қозғап тұрғандығына сәйкес, құқықтық мемлекет іргесін қалаушы, оқушылар мен олардың ата - аналары.

Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?. Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай Дипломмен ауылға, Жас Отан жастар қанаты, Студенттік құрылыс жастары бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан - от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. тілін білуі тиіс. Отан - от басынан басталады .
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындауы.
Бауыржан Момышұлы атамыз атқандай: Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді деп ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама берген.
Тарих сабағында патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері
Отансүйгіштік қасиет адамның бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады. Одан әрі қарай тұлғаның бойындағы отансүйгіштік қасиетті дамыту, орнықтыру ендігі жерде балабақшада, мектепте, жоғары оқу орнында жалғаспақ.
Патриоттық тәрбие - түйінді мәселелері көп, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, көп ізденуді талап ететін үрдіс.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды - Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының ой-пікірі Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан- 2030 Жолдауында біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп нақты көрсеткен болатын. 2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. Еуроппадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шешті. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ - ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза - бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп - ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге тоқталайын.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші - танымдық, екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.
Балаларға ел сүйгіштік, ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады.
Ауыз әдебиетінен мысалы: Қобыланды батыр, Алпамыс батыр т.б.шығармаларында - қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі атап көрсетіледі. Ал Махамбеттің Жұмыр қылыш күйі, шығармалары, әсіресе, Баймағанбет Сұлтанға айтқаны, Ереулі атқа ер салмай, Ұл туса, Әй, Махамбет жолдасым. Патриоттық тақырыпқа оқыған шығармаларынан І.Есенберлиннің Көшпенділер, М.Мақатаевтың өлеңдерінде атап өтті. Тарих сабағын әдебиет, қазақ тілі, география пәндерімен байланыстырып, аралас сабақтар өткізуге, оқушылардың жан-жақтылығын дамытуда тарих пәнінің үлесі зор. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы Жолдауында 20 жылдағы 20 жетістік жыл бойына білім орындарында, тәрбие, класс сағаттарында қарқынды түрде үгіттеледі, себебі 20 жылдағы жетістікті қиын жолмен өткен Қазақстанның тарихын, саясатын, экономикасын білу - әр ұрпақтың міндеті.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кет өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Ұлттық патриотизм және Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту,ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын - жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай - ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-Отаным деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды. Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, оқушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

888888888888888888888888888888888
ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Өздеріңізге өз тәжірибемнен Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығы тақырыбындағы жүргізілген жұмыстар туралы ғылыми - педагогикалық көзқарастарым мен бірнеше жыл қатарынан сынып жетекшілікті атқару кезіндегі жүргізген жұмыстарымды, әрекеттерімді пайдасы тиер деген мақсатта жазып отырмын. Патриоттық тәрбие - түйінді мәселелері көп, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, көп ізденуді талап ететін үрдіс деп баға бергім келеді. Патриоттық тәрбие беру бағытындағы жүргізілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңыздылығы
Оқу пәндері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы
Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Пәндер