Көрме арқылы Қазақстанның әлеуетін корсетудің жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Көрме арқылы Қазақстанның әлеуетін корсетудің жолдары
Жоспары
Кіріспе
I.Бүкіләлемдік көрмелер тарихы
II. ЭКСПО көрмесін өткізудің менің елім үшін маңыздылығы.

Кіріспе
Көрме -- экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т.б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі.
Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылады. Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ, адамзат мәдениетінде Экспо (Expo) көрмесінің орны ерекше.Экспо техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды.
Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады.
ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады.
1.Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. 1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында, Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол - өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі (оған 166 ел мүше) Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады.Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.Өткен 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы бүкіләлемдік қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала берді.Бүгінгі күннен бастап олардың тұрғысынан қарастыра келе, бүкіләлемдік көрмелер - бұл, белгілі бір деңгейде ұлттық формалардағы шоғырланған түрде бейнеленген адамзат дамуының тарихи ретроспективасы деп пайымдауға болады.Дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаулары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі дүниежүзілік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туғанын айтуға мүмкіндік береді.Әр дүниежүзілік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.Дүниежүзілік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және эконмикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Дүниежүзілік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
2. Шындығында, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі - бұл Қазақстан үшін жаңа энергетикаға, жасыл технологияға ие болудың таптырмас мүмкіндігі. Осы арқылы Астана 2017 жылы жер жаһанға соңғы жетістіктерді паш етіп қана қоймай, осында дүниеге келетін жаңа дүниелердің орталығына айналмақ. Әлбетте, мұның Қазақ елі үшін тигізер пайдасы мол. Өйткені, Халықаралық көрмені ұйымдастыру арқылы мемлекеттің атағы шығады, екіншіден, осындай шаралар арқылы іскерлік байланыстар орнап, елімізге жан-жақтан келетін туристердің саны артады. Осы көрме арқасында елордамыздың инфрақұрылымы жетіліп, бұл бағытта инвестиция тартудың оңтайлы мүмкіндігі туады. Ал тиімділік турасында айтатын болсақ, бұның сан-салалы тармағын қуалауға болады. Мәселен, Астана ЭКСПО-2017 АҚ басқарма Төрағасы Талғат Ермегияев көрме өткізудегі ең басты басымдықтардың бірі ауқымды шараға отандық бизнесті жұмылдыру екенін атап өтті. Төрағаның сөзіне қарағанда, Елбасы тапсырмасына сәйкес, көрмені ұйымдастыру мен өткізу барысы бойынша бизнесті дамытудың іс-қимыл жоспары әзірленген. Онда өңірлермен өзара байланысты арттыру, отандық бизнестің әлеуетін барынша пайдалану шаралары қарастырылады.ЕХРО-2017 көрмесінің Болашақтың энергиясы тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі
Экспо көрмесі – Қазақстанның әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Туризмнің экономикалық қызметтері
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Туристік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыруда территорияның табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Пәндер