ҚР-да инвестициялық құқықтың пайда болу және даму тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚР-да инвестициялық құқықтың пайда болу және даму тарихы.
Кешенді салалардың құрылуы мен өмірге келуі объективтік қажеттіліктен туындайды және заңды болып табылады, инвестициялық құқықтық қалыптасуы тарихының мәселесін зерттеуде негіз болады. Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасының дамуының негізгі кезеңдерінен қарасақ, инвестициялық құқықтың дамуындағы мына кезеңдерді бөліп қарауға болады: Бірінші кезең - 1990-1994 жж. Инвестициялық құқық, тұтастай алғанда, оның негізгі институттары қалыптасу сатысында тұрды. Инвестициялық қатынастардың даму үрдісі тиісті құқықтық қалыпқа келу үрдісінен едәуір озып кетті, мұның өзі заң көлемінде инвестициялық қызметтің жекеленген салалары реттелмеген күйінде қалуға әкеп соқты. Солай бола тұрса да, бұл кезең инвестициялық құқық тарихында ерекше орын алады, өйткені бұл кезең тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының қалыптасу жылдары, нарықтық қатынастардың еніп, даму кезеңі, жаңа құқық жүйесін жасау мен заңнаманы түбірінен өзгерту жылдары болды.
Екінші кезең 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы Заңы мен ҚР Азаматтық Кодексін қабылдаудан басталады, бұл заң актылары инвестициялық қатынастарды дамытуға жеткізді. Бұл кезеңде құқықтың басқа да салаларымен бірге құқықтың бірыңғай жүйесінде қалыптасқан инвестициялық құқық өзіне тән өзара іс-әрекет жасайтын құқықтық институттарымен қалыптасты. Солай бола, тұрса да, республикада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық қызмет жеткілікті нәтижелер әкелмеді. Экономикалық дағдарыс, инфляция, отандық товарлардың бәсекеге қабілетсіздігі, сыртқы қарыздың ұлғаюы - сол кезеңдегі инвестициялық саясаттың негізгі зардаптары осындай болды. Осы жағдайдан шығу үшін батыл қадамдар жасау керек болды.
1997 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңы және одан кейін оны орындау үшін бірқатар Заңнамалық және нормативтік актылар қабылданды. Инвестициялық құқықтың дамуында жаңа үшінші кезең басталды. Шетелдік және отандық инвесторлардың әсіресе өндірістік салада белсенділігінің күрт төмендеуі жағдайында, өндірісті қайта құрудың технологиялық және құрылымдық салаларына едәуір қаржы құюды ынталандыру қажет болды. Әрине, инвесторларды табыстыру жеткіліксіз, оларға құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етумен бірге жеңілдіктер жасау керек болды, бұл белгілі бір нәтижелерге жеткізген болар еді. Инвестициялық құқықты дамытудың үшінші кезеңі мемлекеттің бірыңғай инвестициялық саясатының маңыздылығымен және қажеттілігімен, инвестициялық қызметке тұғырнамалар жасауға деген ұмтылыспен, бағалы қағаздар нарығында, товар өндірісі мен қызметтер көрсету саласында, табиғатты пайдалану (оның ішінде жер қойнауын пайдалану) саласында, т.б. салалардағы кешенді қызметте инвестициялық шаралардың тұғырнамаларын жасап, жүзеге асырумен сыпатталады.
Төртінші кезең 2003 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы Заңын қабылдаудан басталды. Осыған сәйкес шетел инвестициялары туралы, тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңдар күшін жойды деп танылды. Бұл кезең, ең алдымен, шетел және ұлттық инвестициялар үшін бірыңғай құқықтық тәртіп орнатылды. Сонымен бірге жаңа инвестициялық заң құқықтардың кешенді саласы ретінде инвестициялық құқықтың қалыптасу үрдісін аяқтады. Әрине, инвестициялық қатынастарды реттеуде белгілі бір проблемалар сақталды да, жекеленген құқықтық институттардың дамуын қамтамасыз еткен, бұрынғы кезеңдерге қарағанда, бірыңғай заңнаманың көмегімен тұтас құқықтық құрылым ретінде инвестициялық құқықтың жұмыс істеуі мен онан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мүмкін болды.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық Мооdy′s Investors Service рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнама өзінің қалыптасуы, дамуы мен жетілдіруінде төрт негізгі кезеңнен өтті.
Бірінші кезең - бастапқыда шетел инвестициялары туралы заңнама ретінде пайда болған инвестициялық заңнаманың қалыптасуы. Ол Қазақ КСР-ының 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақ КСР-ының инвестициялық туралы заңынан бастау алды. Бұл заң шетел инвестицияларын озат технология мен басқару тәжірибесін тартуды мақсат етті, шетел капиталына қажетті кепілдіктер берді. Заң республикада ашық үлгідегі экономиканы қалыптастыруға бағытталды және елдің әлемдік практикада шаруашылықты жүргізудің жалпы қабылданған принципіне тезірек көшуіне көмектесуге тиіс болды.
Инвестициялық заңнаманың қалыптасуы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымен дәл келді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1990 жылғы 25 қазандағы Декларациясынан бастау алды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңынан бұрын, Қазақстан әлі де одақтас социалистік республика болып тұрғанда-ақ, 1991 жылы 10 маусымда қабылданған инвестициялық қызмет туралы заң инвестициялық қатынастарды реттеуші сол кездегі барлық заң актыларынан ең ұзақ жасады тек 1997 жылы күшін жойды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы шетел инвестициялары туралы заңнама ретінде қалыптасты, инвестициялық қызмет туралы заң шетел инвестициялары туралы заңнан жеті ай кейін қабылданды. Ең бастысы осы мерзімге дейін оның реттеу өрісі басқа заң актылары арасында бөлініп те қойған еді, мысалы, шетел инвестицияларын жүзеге асыруға байланысты қатынастар шетел инвестициялары туралы заңнаманың нормаларымен, ал ұлттық инвестицияларға байланысты қатынастар заңнаманың басқа да салаларының (азаматтық, қаржы, банк, әкімшілік, бағалы қағаздар, т.б.) нормаларымен реттелді. Сол кездің тағы бір маңызды шарасы - шетел инвестициялары туралы заңнаманың қалыптасуына басты назар аударылды, заң шығарушылық жұмыс, негізінен, шетел инвесторларының қызметінің құқықтық негіздерін жасауға бағытталды.
Мұның дәлелі ретінде сол кезде қабылданған заңдарды мысалға келтіруге болады: Қазақстан Республикасының Заңдары: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарды айналысқа шығару және биржалық қор туралы 1991 жылы 11 маусымда; Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы 1991 жылы 21 маусымда; Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы 1991 жылы 23 желтоқсан; Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы 1991 жылы 25 желтоқсан, т.б. заңдар.
Ең соңында, шетел инвестициялары туралы Заңнаманы алдымен қалыптастырудың үшнші факторы - шетел инвесторларының қатысуымен инвестициялық қатынастар қалыптасты да, бұл оларды заң тұрғысынан тезірек бекітуді талап етті, ал ұлттық инвестициялар және олардың құқықтық мәртебесі туралы мәселе енді ғана көтеріліп жатты. Бұдан бұрын аталып өткеніндей, бұрынғы КСРО-да қайта құру үрдістері сыртқы экономикалық қызметке де түбірлі өзгерістер әкелді. Инвестициялық қатынастардың бірінші кезеңінде шетелдік инвестициялар жеткілікті құқықсыз регламентациялар болмаған жағдайда қабылданып жатты. Мұны 1990 жылы 30 қарашада қабылданған Еркін экономикалық аймақ туралы заң аяқтады, осы заңнама бойынша бірлескен және шетелдік заңды тұлғалардың, құру және қызметінің тәртібін, еркін экономикалық аймақтағы шетел азаматтарының кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдігін; сондай ақ шетел азаматтары, бірлескен кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктерін анықтап берді.
Қазақстан 90-шы жылдардың басындағы заң актыларында мемлекет тарапынан шетел инвесторларының қызметіне шектеусіз бақылау жасауға ықтималдық басым байқалды. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы 1991 жылғы 23 желтоқсандағы Заң Қазақстан Республикасы мен шетел инвесторлары арасындағы қатынастарды реттеуі, осы заңға сәйкес республика аумағында концессия конкурстық негізде берілді, шетелдік заңды немесе жеке тұлғаға шаруашылық қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға рұқсат етті, концессионерге жалға мүлік, жер, табиғат ресурстарын беруді қарастырған. Бір жарым жылдан кейін концессиялар туралы заң күші жойды деп танылды, алайда бұл актыны жою концессиялық қатынастардың жоғалып кетуіне әкеліп соққан жоқ. Тарихи зерттеулерден көрініп тұрғанындай, мемлекетке өзінің қарауындағы меншік объектілерін кіріс алу үшін пайдаланғанда, концессиялық қатынастар сөзсіз және заңды түрде пайда болған, ал принципінде концессиялық қатынастар инвестициялық қатынастардың бір түрі болып келеді.
Инвестициялық заңнаманың қалыптасу кезеңінде инвестициялық қатынастардың онан әрі дамуына Қазақстан Республикасының мына заңдары мол ықпал жасады: Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қоры туралы 1993 жылғы 12 сәуірдегі; Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесі туралы 1993 жылғы 12 сәуірдегі; Валюталық реттеу туралы 1993 жылғы 14 сәуірдегі; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кепілдігімен Қазақстан Республикасына берілетін шетелдік несиелерді жұмылдыру, пайдалану және есебін жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы Қаулысы, және басқа да актылар. Бұлардың арасында тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған тұңғыш Конституциясы ерекше орын алады. Сонымен, осы кезеңде Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды дамытудың бастапқы кезеңінде тәуелсіз мемлекеттің тұтас алғанда мейлінше жаңа заңнама жүйесі, инвестициялық заңнаманың ұлттық жүйесі қалыптасты.
Инвестициялық заңнаманың дамуындағы екінші кезең Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары туралы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қабылданған Заңынан басталады. Осыған байланысты шетел инвестициялары туралы 1990 жылғы 7 желтоқсандағы заң, күшін жойды. Жаңа заң ел экономикасына шетел инвестицияларын жұмылдыру негіздерін анықтады, шетел инвестицияларына мемлекеттік кепілдіктер берді, оларды жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық негізгі нысандарын белгіледі, сондай-ақ шетел инвесторларының қатысуымен даулы мәселелерді шешу тәртібін анықтады. Шетел инвестициялары туралы заңмен бір мезгілде Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) қабылданды, оның 1995 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енуіне байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке меншік формалары
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Қазақстан мен Жапония қатынастарының негізі
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Құнды қағаздардың мәні
Өндіріс саласындағы жеке меншік
Банктік операциялардың түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер