Мемлекеттік басқару - мемлекеттік меншік институтымен тікелей байланысты құқықтық институт
Мемлекет инвестициялық қатынастарды реттей отырып, инвестициялық қызмет субъектілерінің іс-әрекетіне ықпал етудің әртүрлі нысандары мен әдеттерін қолданады, мемлекеттік меншік объектілерінің иесі, мемлекеттік меншікте жатпайтын объектілер бойынша инвестициялық қатынастардың реттеушісі болады. Әдеттегідей, алғашқы жағдайда әңгіме мемлекеттік басқару туралы, екіншісінде инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу туралы болады.
Мемлекеттік басқару - мемлекеттік меншік институтымен тікелей байланысты құқықтық институт, өйткені басқару меншік қатынастарын көрсететін әдіс. Мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттік басқару тиісті мемлекеттік органдар, заңды және тұлғалар - басқару субъектілері арқылы жүзеге асырылады. Бір жағынан, жер қойнауын басқару жөніндегі қоғамдық қатынастар жүйе жер қойнауын пайдаланушылар (қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізуге құқылы жеке немесе заңды тұлғалар); екінші жағынан мемлекеттік басқарудың тиісті органдары (министрліктер, комитеттер, т.б.). Мұндайда қоғамдық қатынастар аталған субъектілер арасында қалыптасады, жоғарыдан төмен басқарушылық құқықтық қатынастар бола алады, тұтасымен және толық билік пен бағыныштылық тұғырда (мысалы, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау саласында), сондай-ақ көлбей бағыттағы қоғамдық қатынастар (мұнда қандай да болсын, бағыныштылық жоқ) қалыптасады.
Мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуының өзіндік ерекшелігі, Ю.В.Романецтің пікірінше, екі нысанада көрінеді: біріншіден, мемлекет бүкіл қоғамның белгілі бір қажеттілігін, өзінің қоғамдық міндеттемелерге қатысуын жоспарлауға және осы жоспарлардың орындалуына жетісуге мүмкіндік беретін қажетті құқықтық тетікті қамтамасыз етуі керек, екіншіден, мемлекеттік меншік көпшіліктің қаржыларымен жасалып, көпшілік мақсаттарға жұмсалады, демек, оның құрылуымен пайдаланылуының ерекше бақылау қажет; басқаша айтқанда, мемлекеттік меншікпен байланысты азаматтық қатынастарды құқықтық реттеуде мемлекетке жүктелген міндетті тиісінше орындауды қамтамасыз ететін көпшілік бастау айқын көрініс алуы керек. Сонымен бірге мемлекеттік меншікпен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуде көпшілік бастауларды сақтау туралы тұжырымды дұрыс дей алмаймыз, керісінше, мемлекеттік меншік объектілері бойынша қалыптасқан азаматтық қатынастарды реттеу тек жеке меншік-құқықтық бастамаларды ғана құралуы керек.
Осыған байланысты М.Қ.Сүлейменовтің пікірімен санасуға болады: мемлекет, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатыса отырып, жеке құқық субъектісі ретінде әрекет етеді, мұндайда мемлекет мемлекеттік және әлеуметтік мүдделерді, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық мүдделерін қорғауға бағытталған өзінің көпшілік функцияларын жүзеге асыруды сақтайды; мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу проблемасын шешуде осы кешенді қатынастарды құқықтық реттеудің жеке-құқықтық және көпшілік-құқықтық әдістердің айқын тұғырнамалық негізделген аражігін анықтау - басты мақсат. Сондықтан таяудағы жылдары заңнамалық нысанда мемлекеттің коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалармен қатынасқа ену проблемасын шешу керек.
Мемлекеттік басқарудың жүйесін қайта құрудың нәтижесінде инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың орталық атқару органы ҚР Индустрия және сауда министрлігі болды. Министрліктің бұл саладағы стратегиялық функциялары мыналар: Қазақстан Республикасында инвестициялық хал-ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс; жеке меншік секторы инвестицияларын мемлекеттік қолдау шараларының пәрменділігінің бағасын қамтамасыз ету; жеке меншік секторының инвестициялық белсенділігін ынталандыру, Қазақстан Республикасында инвестициялық хал-ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды үйлестіру; инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында инвестициялық хал-ахуалды жақсарту жөнінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; сондай-ақ инвестициялық кепілдіктер беру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесін анықтау; инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар жасау.
Қазақстан Республикасында Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі Комитеті Республикасының инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында - салааралық үйлестіруді, арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын министрліктің ведомствосы болып табылады. Әуелде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы Қаулысымен инвестициялар жөніндегі Комитеттің негізгі міндеттерінің мейлінше кең тізбесі бекітілді атап айтқанда: Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға көмектесу; елде инвестициялар тарту жөнінде қолайлы хал-ахуал туғызу жөнінде шаралар жасап, жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың инвесторлармен жұмысын үйлестіру; Шетел инвесторлары Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету; мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды жүзеге асыруға қаржы ресурстарын жұмылдыруға көмектесу; инвесторлармен өзара іс-әрекеттің пәрменді жүйесін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдіктердің сақталуын, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы Қаулысымен бекітілген инвестициялар жөніндегі Комитет туралы Ережеге сәйкес Комитеттің негізгі міндеттері ретінде екі міндет көрсетілген: 1) Инвестицияларға мемлекеттік қолдау шараларын келісімшарт жасау арқылы көрсету; 2) Қазақстан Республикасының шикізат емес секторына ірі шетел компанияларын тарту. Шын мәнінде бұл міндеттер емес, Инвестициялар жөніндегі Комитет қызметінің анағұрлым маңызды және басым бағыттары.
Қолданылып жүрген заңнамаға жасалған сараптама инвестициялық қызметті жүзеге асыру үрдісінде пайда болған қатынастарды реттеудің мына ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу дегеніміз инвестициялық құқық институты, оның екіге бөлінеді: тікелей мемлекеттік реттеу мемлекеттік инвестициялар саласында; жер қойнауын пайдалану және табиғат пайдаланудың басқа да түрлері саласында; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру саласында, т.б. жүзеге асырады. Екінші құрамдас бөлігі - елдегі инвестициялық үрдістерді жанама реттеу, бұл мемлекеттің инвесторлар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуін, экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтиды (инвестициялық салық жеңілдіктерін беру, кедендік баж салығынан босату, мемлекеттік заттай гранттар беру жолымен). Тиісінше, тікелей мемлекеттік реттеу әкімшілік шаралар мен ықпал ету тәсілдерімен, жанама реттеу ынталандыру сыпатындағы экономикалық шараларды басымырақ қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, жанама реттеудің дамуы инвестициялық қызметке мемлекеттің қатысуымен толық бас тарту болмайды. Әлемдік практикада мемлекеттің экономикалық проблемаларға араласатыны дәлелденген. Мысалы, Францияда нарықтық экономиканың стратегиялық сараптамасы жүргізіледі, мемлекет барлық қажетті жағдайларда компаниялар мен корпорациялардың қызмет жоспарларына түзетулер енгізеді. Шынында да, мұндай практика басқа да елдерде де қалыптасқан. Соғыстан кейінгі уақытта дамыған елдерде президенттік биліктің күрт күшейгені байқалады, мемлекет басшысының қолына функциялар шоғырланды, министрліктер мен орталық ведомстволар санын ұлғайту есебінен мемлекеттік аппарат өсті. (1963 жылы Англияда - 42 министрлік пен 60-қа жуық ведомство болды, бұл аппаратты қысқартуға әкеп соқты, 1970 жылы министрлік саны 14-ке дейін қысқартылды). Еркін коммерцияның қамалы болған АҚШ-тың өзінде экономиканың осы заманғы даму деңгейін тек нарықтық заңдарының ықпалымен ғана болды деуге болмас, федеральдық және штаттар деңгейінде бизнеске (оның ішінде шағын, орта бизнеске) мемлекеттік қолдау жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективтілік шарттылығы туралы айтуға болады, бұл инвестициялық салада толық көрініс алады.
Қазіргі жағдайда мемлекет субъект ретінде инвестициялық қатынастарға көпшілік - құқық реттеу (мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқара отырып) және жекешелік-құқықтық реттеу (келісімшарт қатынастарына - азаматтық-құқықтық қатынастарға қатыса келіп) арқылы әсер етеді. Мұндайда жалпы (көпшілік) - құқықтық реттеу саласында тікелей (орталықтандырылған әкімшілік) және тікелей емес (ең алдымен, ынталандыру) ықпалын бөлуге болады. Демек, инвестициялық қатынастарға ықпал етудің негізгі екі тәсілі бар: жекешелік-құқықтық (диспозитивтік) және көпшілік-құқықтық (императивтік). Аталған әдістер жалпы болып табылады, сонда инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің арнаулы тілдері қолданылады - инвестициялық кепілдіктер мен жеңілдіктер, шетел инвесторларына ұлттық реттілік, инвестициялық салада салық жүйесін жетілдіру, инвесторлардың құқын қорғау т.б.
Инвестицияларды мемлекеттік реттеу бағыттарының бірі - республикалық және жергілікті инвестициялық бюджеттік жобалар(бағдарламалар) жасап, қабылдау және жүзеге асыру. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялық бағдарламалар арқылы, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық қорын қалыптастырып, ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін мәселелердің маңыздылық деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) болып бөлінеді: бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мүліктің меншік құқының (республикалық немесе коммуналдық) туындарына байланысты республикалық немесе жергілікті екенін анықтайтын меншік түрі бойынша өлшемі; 2) бюджеттік инвестициялық жобаның бағдарламаның республикалық екенін анықтайтын өлшем - егер бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) жүзеге асырушылар - субъектілер екі, одан да көп облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан болса, - республикалық; егер бюджеттік инвестициялық бюджеттік жобаны (бағдарламаны) орындаудан экономикалық пайда табушылар, бір облыс, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан болса - жергілікті болады (Бюджет кодексінің 47 бабы). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы Қаулысымен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қараудың Ережелеріне сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады, республикалық бюджет қаржылары есебінен қаржыландырылады; жергілікті бюджеттік инвестициялық (жобаларды бағдарламаларды) жергілікті атқару органдары жүзеге асырады, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
Ресей Федерациясында инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу ұқсас бастауларда жүзеге асырылады: Федералдық Бюджет құрамында Федералдық Бюджеттің күрделі шығындары құрамында қалыптасқан және инвестициялық жобаларды несиелеу, инвестициялау және кепілдік қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын Даму бюджеті қалыптастырады, федералдық және аймақтық инвестициялық бағдарламалар (мысалы, Федералдық атаулы инвестициялық бағдарлама) жасалып, қабылданады. Мұнда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды ғана емес, жеке тұлғаларды да инвестициялау практикасы мейлінше кең тараған. РФ Президентінің 1994 жылғы 17 қыркүйектегі Ресей Федерациясында жеке меншік инвестициялар туралы Жарлығында инвестициялық жоба конкурсында жеңіп шыққан инвестор өзі ұсынған жобаны қаржымен қамтамасыз етуде мемлекет қатысуының әртүрлі нысандарын өзі таңдауға құқылы екені қарастырылған.
Ресей Федерациясының бюджет заңнамасына сәйкес, мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорындар болып табылмайтын заңды тұлғаларға бюджеттік инвестицияларды ұсыну аталған тұлғалардың жарғылық капиталы мен мүлкінің эквиваленттік бөлігіне мемлекеттік немесе муниципалдық меншік құқын туғызады (80 бап). Ақша қаражаттарын бөлудің шарттары: 1) басқа инвестициялық жобалардың федералдық бюджетке қайтарым деңгейінің мейлінше жоғары болуы; 2) қарыз алушының инвестициялық жобаны қаржыландырудың толық көлемінің кемінде 20 пайыз мөлшерінде, ал ірі инвестициялық жобалар бойынша кемінде 50 млн. АҚШ доллары - көрсетілген көлемнің 10 пайызы мөлшерінде өз қаржысы болуы керек; 3) мемлекеттің жекеменшік капиталмен қатысуы (қаржы беруге әзір қосалқы жеке меншік инвесторлар мен несие берушілердің болуы); 4) инвестордың мемлекеттік кепілдікке жатпаған өз қаржысының болуы.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қолдаудың нысандары мынадай: федералдық бюджет қаржыларын қайтарым негізінде кемінде 24 айға босату; құрылатын акционерлік қоғамдардың акциялар бөлігін мемлекеттік меншікке бекіту шартымен мемлекеттік инвестициялық ресурстар босату; инвестициялық жобаны орындаудың бұзылуы инвестордың кінасынан болмаған жағдайда, инвестор салған қаржы ресурстарының бөлігін федералдық бюджет қаржылары есебінен өтеу жөнінде мемлекеттік кепілдіктер беру. Ерекше белгілер ретінде мынаны атауға болады: Ресейде жекеменшік инвестициялар мемлекеттік қолдау ақша қаржыларын бөлу және жеке тұлғаларға (инвесторларға) мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылады. Ал Қазақстан Республикасында инвестициялар жөніндегі Комитетпен келісімшарт жасасқан инвесторларға инвестициялық жеңілдік, кепілдіктер берілгенімен, республикалық бюджетпен ақша қаржыларын босату немесе мемлекеттік кепілдіктер беру көзделмеген.
Сонымен бірге мына факт назар аудартады: инвестициялық қызмет туралы Федералдық заңда капитал салымдары түрінде инвестициялық қызметті дамытуға инвестициялық қызметке капитал салымы және мемлекеттің тікелей қатысуы бойынша қолайлы жағдай туғызу көзделген. Бірақ қандай жеңілдіктер мен кепілдіктер инвестициялық қызметтің осы түрін ынталандыру үшін берілетініні айтылмаған (тек инвестициялық қызмет субъектілеріне жер және басқа да табиғат ресурстарын пайдалануда, РФ заңнамасына қайшы келмейтін жеңілдік шарттары берілетіні көзделген 11 бап 2 тармақ).
Бұған қарама-қарсы Қазақстан Республикасында инвестициялық кепілдіктер үш шартты орындаған жағдайда беріледі: қарастырылып отырған инвестициялық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкестігі; инвестордың жобаны жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжаттарды түсіру; заңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz