Адам баласының жаратылысынан өзіне тән құбылыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 82
C.У.Такиров, М.Ж.Ерпанова

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті
(E-mail:sarzhan68@mail.ru)

Қазақ поэзиясындағы айқай

Мақалада авторлар сөз өнеріндегі, оның ішінде қазақ поэзиясындағы Айқай сарынының қандай тұрғыдан көрініс тапқанын зерделей келе, қазіргі қазақ әдебиетіндегі аталмыш сарынның әкелген жаңалығы мен орнын айқындауды мақсат етеді. Сонымен қатар, әлем мәдениеті мен әдебиетінде аталмыш сарынның пайда болуы мен тарихына шолу жасай отырып, кейінгі әдебиетке тигізген әсерін сарапқа салады. Мақалада Айқай сарынының адам өмірі мен байланысын, оның рухани адамгершілік жетілуін және қоршаған ортаға қарым-қатынасын қазақ поэзиясындағы көрнекті ақындардың шығармашылығынан мысалдар келтіру арқылы зерделейді.
Адам баласы жарық дүниеге келгеннен бастап, бірге өмір сүретін құбылыстың бірі осы Айқай. Оны қаламгерлер көркем шығармаларында әр түрлі қырынан, сан түрлі сезімдерге негіздей отырып, суреттелетінін авторлар жан-жақты талдап көрсеткен.
Кілт сөздер: образ, айқай, поэзия, психология, әдебиет, портрет, диалог, көркем шығарма.
Егер ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басына назар салсаңыз, Юнгтың бейсаналық жердің бетіне шықты деуіне толықтай келісер едіңіз. Сол дәуір Апокалипсис архетипі болған. Көне Норвегия тілімен Рагнарек деп аталады. Құдайлар - мифологияда мәдениет жасаушылары, қазіргі адамда бардың барлығы солардың қолымен жасалған, бүкіл әлем, әлемдегі барлық іс-әрекеттер мен сезімдер солардың арқасында деген пікір бар. Ал олардың өлімі мәдениет пен қоғамның өлгені делінеді. Бүкіләлемдік биік құндылықтардың жоқ болуы болып саналады. Стихия, хаос жақсылық пен жарасымдылыққа күреске шығады, бұндайда. Міне, Рагнарек дегеніңіз осы. Хаос, әлемді билеген мұң мен бейсаналық, ешкімге бағынбайтын стихия адамға тәуелдіні құртқысы келеді. Сыртқы дүниесін емес, рухани құлдыратуды мақсат етеді. Бұл өте қорқынышты! Бұл қорқынышта шек жоқ. Әрине, осыны байқаған Мунк сияқты суретшілер мен Ницше сияқты философтар естерінен адасады. Табиғат айқайын есту- адам көтере алатындай күш емес. Оны есту арқылы ақыл-естен мүлде айырылуға болады. Табиғаттан естіп, сезгендерін әлемге жеткізбекші болып күш салды олар. Осылай, ХІХ ғасырдың үздік картиналарының бірі- Айқай дүниеге келген болатын. Айқай адам іс-әркетіндегі сезім күйін танытатын құбылыс. Өз әрекеті мен қылығына иелік ете алмай қатты дауыстау адам психологиясында әлі бар. Ал осы сезім күйі адам пайда болғаннан бастап, бірге келсе, өнерде ХІХ ғасырда көрініс тапты. Алғаш, сурет өнерінде Мунктың картинасы арқылы танылды. Танылып қана қоймай, өнер тарихына тағы жүздеген жылдарға бекітілді.
Мунктың Айқай картинасынан кейін, 1996 жылы Уэс Крэйвеннің дәл осы атаумен кинокартинасы экранизацияланады. Осылайша, айқай өнер тарихынан орын алды. Қазақ өнеріне айқайды алып келген, жазушы Оралхан Бөкей болатын. Өмірдің қандай қиын-қыстау кездері, қандай ауыр минуттары басқа түссе де, менің жүрегім: жасай бер, адам! деген гимнді шырқаудан танған емес. Бұл атақты М.Горький. Осыдан кейін, айқайдың басқа да мотивтері бар екенін байқаймыз. Және оны О.Бөкейдің Сайтан көпірінен көре аламыз.
ХІХ ғасырда сурет өнеріне үздік картиналардың бірі Эдвард Мунктың "Айқай" туындысында бой көрсеткен айқай, кейінен кино, бертін келе әдебиет әлемінен де байқауымызға болатынын аңғардық. Терең философияның астарында жатқан бұл Айқай сарынына мынадай сипаттама беруге болады: айқай - дүниеге келу, жылау, қуану, өкіну, қорқу, ашыну, рухтану, шарасыздық, жалғыздық, жауыздық, ғашықтық, құпия, сыр, жек көру, өлім.
Айқай өзінен-өзі пайда болатын ұғым емес. Адам баласының жаратылысынан өзіне тән құбылыс. Оны дүние есігін тұңғыш ашқан кез-келген сәбидің айқайынан аңғаруымызға болады. Ол айқай сол сәттен бастап өзімізбен бірге өмір сүреді. Айқайдың берілу жолы әр қыйлы, бірде қуаныштан асыр салып, бір орында тұра алмай жүрегің кеудеңе сыймай, бір тылсым күштің әсері айқайды сыртқа алып шығады; бірде ішке жиналған мұңның бір мезетте арнасына сыймай айқай болып жаңғыртады. Сондықтан да Айқай сан түрлі сезімдерге негізделген.
Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасындағы Айқай сарынын қарастырған Г.Балтабаеваның еңбегі адамды ойландырып, дәлірек айтқанда, айқайдың қазақ әдебиетінде адамның ішкі дүние арманын, дүниетанымын, қоғамдық өмірге деген көз қарасын, мақсатын, өкінішін т.б түрлі сезімдерді жан дандырып, психологиялық, лирикалық, философиялық прозаның шеңберін кеңейте түстінгіне тоқталды.
Г.С. Балтабаева айқай жайын былай суреттейді: Бүгінгі біздің қоғамда айқайды аяқтап бітті. Шартарап шыңырауға көшті. Біреудің дағдысы, біреудің жан-жарасы, біреудің сағынышы, біреудің сабылысы, біреудің зары, біреудің жаны бар онда. Шыңғыра біткен жаһанның дауысы тіпті қарлығып қалды... [1, 222]. Осы айқайдың ұшқыны жан-жақты шарпып, адам баласына қатысты кез-келген өнер болсын, яғни музыка, сурет, көркем шығарма, поэзия тағы да басқа, сонымен қатар оқиға, жағдайат бәрінде өзіндік орны бар. Осыған сүйене айқайды жеткізудің сан түрі бар екенін аңғарамыз.
Тағы бір айта кетеріміз, оқырман кезкелген көркемшығармадан немесе поэзиядан өзін іздейді, яғни өзімен кейіпкерді салыстырады. Ал кейіпкерді жақынырақ тану үшін, автордың берген сипаттама портреті мен диалог, манологтары маңызды қызмет атқарады. Міне осындағы маналог пен диалогте кездесетін Айқайдың атқаратын рөлі өте зор. Поэзия ақынның өзімен-өзі сырласқан көркемдік түрде ұйқастармен ұластырған монологтың бір түрі десек те болады.
Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: Поэзия - тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады деп поэзияны бүкіл өнерді бойына жинаған ерекше жаратылыс деп бағалаған. Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.
Айқай адам баласымен серіктесе өмір сүреді, демек, адам баласының жасаған дүниесі ішкі толғаныстардың топтасуы арқылы жасалған бір идеяның көрініс болса, міне, сол толғаныстардың сыртқа шығуына айқай түрткі болады. Айқай біреудің сүйініші, біреудің күйініші, енді біреудің нала-өкініші, қаунышы тағысын тағылар. Айқайдың бір көрінісін поэзиядан байқауымызға болмайды.
Поэзия әлемінде ерекше орны бар Қадыр Мырза Әлі ақын ағамыздың мына бір өлең жолдарына назар аударайықшы:
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда - жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде - жақсылар бар қимайтын.
Адам өміріндегі айқайдың басы осында жатқан секілді. Айқай дүниеге адам баласымен қатар келеді, қатар өмір сүреді, бірге өледі. Баланың өмірге келуіне тоқталайықшы. Анасының сүйек-сүйегін қақсатып, ауыр күйді шеккісіп барып дүние есігін ашқан бала неге жылап туады? Тіпті ес біліп, етек жиып есейгенше неге жылайды? Өйткені өмірді әлі танып білмеген сәби айқайын іште сақтай алмайды, яғни айқайы басымырақ. Ол сөйлей алмайды, қалауын түсіндіре алмайды, тіпті ауырсынған жерін нұсқап көрсете де алмайды. Сонда сәби нені пайдаланады, әрине айқайды. Сол арқылы саналы ересек адамның назарын өзіне аудартып амал жасатқызады. Бірақ бала есейе келе айқайы тілге айналып, бала сөйлеуді үйренгенде, қалауын жеткізе, айқай ішкі ой, сезім, түйсік деген дүниелермен астасып, шектеле береді. Ересек адамдардың айқайы, сондықтан да қорытылып сезім мен сана араласатын өнер әлемінен бой көрсетеді. Қадыр мырза Әлі ақынның өлеңінде адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді деген мәселені алға тартып, жылып келерін түсінік, ал неге жылап кетеді? Адам өмірінің осы бір сәтінде айқай тағы басымдық танытқаны ма? Тіршілік жасап өмірге бауыр басып, өзінің сүрген өмірін қимағандықтан сана мен түйсін сезіммен ғана шектеліп жатқан айқай адам өмірінің соңғы сәттерінде тулай тағы да бой көрсетіп қалады.
Абай Құнанбайұлын біз тұлға ретінде Ұлы ақын, әділ, еліне, халқына жанашыр, шындыққа тік қарайтын дана, айтарын таразылап қана айтатын дара салмақты ой иесі деп таныймыз. Ұлы тұлғаның халқына, болашаққа айтқан салмақты ойланыңың астарында қаншама жауапкершілік, сүйіспеншілік, жанашырлық, батылдық, даналық, нәзіктік, қаталдық секілді адам бойынан кешетін күйлер тоғысып жатыр. Кеудесінде жаны бар әрбір жаратылыс иесінде айқай қоса өмір сүреді дедік. Тіпті сол айқай өнермен қоса жарық көреді. Демек, Абай Құнанбайұлының санасынан жарып шыққан бағалы дүниелерінде айқайдың болуы шартты. Мысалы, Сегіз аяқ өлеңіндегі мына бір жолдар:
...Бір кісі мыңға,
Жүз кісі сұмға
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен өтті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір...
...Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Есітіп үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып... [2, 92].
Еліне жанашыр азаматтың поэзиясындағы бұл айқай ел арасындағы болып жатқан түсініксіз жайттар, келіспеушіліктер. Міне сол қыйсынсыз жайттарды түртіп көрсетіп, оның дұрыс-бұрысын анықтап жол көрсетпек болған жанын ешкімде ұқпай, жасандылыққа жаны құмар жандарды мықтап сынап-мінеп халық алдына шынайылықты ұсынған. Жан ұшырып жан-жағына жалтақтап шырылдаған жанын ешкім көзге де ілмей қарап отырғанына, жан даусын құлаққа ілер жан иесі жоқ ен далаға құр жаңғырық айқайға айналып кете барғанына ақын, іштей налынады. Өзі ел арасында қадірлі болса да айтқан ақылы мен нұсқауы жан иесіне әсер етпей өмірім құр айқаймен өтті деп күрсінеді.
Ал енді, қазақтың ақын қыздарының бірі Гүлнар Салықбайдың қаламынан туындаған ғажайып өлеңдеріне тоқталайық. Ақынның азаттық жайлы жазған өлеңінде халықтың сан ғасырлар армандаған, талпынған, күрескен ұлы еркіндікті жырға қосып, сол еркіндіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Этика термині жайлы
Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың – педагогы, психологы, философы
Философия және өнер
Кемел кісі қалыптастыру жолы
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
Қобдабай Қабдыразақұлы туралы
Қайырымды қалаға теріс қалалар
Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама
Ұлттық өнер және оның ерекшеліктері
Пәндер