1867-1868 жж патша үкіметінің реформаларына көзқарасы


1867-1868 жж патша үкіметінің реформаларына көзқарасым
1867 және 1868 жылдары Қазақстан жерінде Қазақтанды Ресейге қосуының ең соңғы реформалар болып табылатын реформаларды жүргізгенде, менің түсінігімше патша үкіметі бірнеше мақсатты көздеді:
1-ден патша үкіметі Қазақстан жерін маңызды геополитикалық нысан ретінде толығымен қосып алуды мақсат етті -1866-1867жж патшалық Ресей өзіне Ұлы Жүзді қосу арқылы Орта Азияға сұғына енуді көздеді, әсірессе Хиуа мен Қоқанд хандықтарын қосып алуға ұмтылды және соған қол жеткізді.
2-ден патшалық Ресейді, орыс саудагерлерін Қазақстанның табиғи ресурстары, мал шаруашылығының кең шикізат базасы қызықтырды. Сонымен қатар патша үкіметі қазақ шаруаларында жұмыс күшін көрді. Бұл ретте патшалық Ресей Қазақстанның шет елдермен сауда байланыстарын да өз бақылауында ұстағысы келді.
3-ден қосымша Ұлы Жүз жерінің қосылуынан- жергілікті халықтан жер тартып алу мен оны казактар мен бұрынғы крепостнойлықтан босаған орыс шаруаларына үлестіру мақсаты да болды. Орталық Қазақстан мен Кіші Жүзде ғана емес, енді Ұлы Жүзде де казак әскерилерінің қазақ халқының жерін күштеп
тартып алу көріністері болды.
4-ден ең негізгі -қазақ халқын отарлау болды. Патша әкімшілігі қазақ халқын Қазақ елінің азаматы емес, патшалық Ресейдің бодан халқы ретінде қарастырды.
5-ден патшалық Ресей Қазақ жеріндегі бұрынғы әкімшілік-аумақтық жүйені, қазақтардың төл құқықтық жүйесін жоюға, сұлтандардың, жалпы Шыңғыс ұрпақтарын сұлтан, хан, билеуші статусынан мәңгілікке айыру жоспарын қойды. 1822 және 1824 Сібір және Орынбор қазақтарының жарғысынан кейін сұлтандардың Қазақ жері мен халқына билігі жалғаса берді, ал 1867-1868 жж ережелер арқылы патша үкіметі сұлтан билігін ликвидациялаудың сәті түсті деп ойлады. Бұл мақсатқа назар аударсақ, патша үкіметі Қазақ мемлекетін өзін-өзі басқаруына, еркін әрекет етуіне жол бергісі келмеді және құқықтық жүйенің өзгертіліу де тегін құбылыс емес-ті. [1, б. 414-418]
1867 және 1868 жж ережелердің сипатына келсек, патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізген әрбір реформасы мен ережелері, жарлықтары(1822, 1824 жж жылғы жарғылар, 1891 ж Уақытша ереже, кейінгі 20 ғасырдың 1916 ж патша жарлығы, 20 ғ басындағы аграрлық реформалар ) сияқты бұл реформа да асқан қатыгездікпен, күшпен, қазақ халқының келісімінсіз ( тіпті қазақ халқы бұдан хабардар болмады десек те болады ), екінші жағынан алып қарасақ 1867-1868 жж реформаларды патша үкіметі Ресейдің ішіндегі ішкі мәселелерді шешу үшін қолданды, мысалы 1861 ж Ресейде крепостнойлық құқықтың жойылумен, көптеген орыс шаруалары жұмыссыз қалып, ашыға бастады-бұрын, яғни 1861 ж дейін тұрақты баспанамен де, азық-түлікпен де қамтылған шаруалардың жағдайын шешу үшін - патша үкіметі орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартты. Қазақтардың жерін орыс шаруаларына жалға алуына рұқсат етілді, үй салу үшін орыс шаруаларына тегін жер телімдері мен үй материалдары берілді, орыс шаруалары тіпті салықтан да босатылды[2]
1867-1868 жж Патша үкіметінің Қазақстанды генерал -губернаторлық, уезд, облыстарға бөлуі патша үкіметінің тағы бір қитұрқы саясаты еді, бір жағынан бөлшектеу арқылы патша үкіметі қазақ жерін толықтай отарлауды көздесе, екінші жағынан жергілікті халықтың көтерілістер, бүліктер ретінде наразылығы болса екі көтерілістің бір-біріне қосылмауын да мақсат қылды. 1867-1868 жж реформалардағы 5 мақсатқа патша үкіметі бірден жетті -сұлтандар биліктен шеттелігеннен кейін, кәдімгі шенеуніктерге айналды, олар салықтан босатлып, өмірлік жалақы алып тұрды, ал қазақ халқына керісінше көп салықтар салына бастады[3]
Қорытындылай келе, 1867-1868 жж патша үкіметі жүргізген реформалардың көптеген келеңсіз тұстары болды :
1-ден жергілікті халықтың ниет-мұқтажы есептелмеді, реформаларлар қазақ жерінде күштеп жүргізілді.
2-ден қазақ жері патша мен патшалық Ресейдің жеке меншігіне айналды, 1893 жылы 26 наурыздағы жарлық бойынша Каспий теңізі патша үкіметінің жеке меншігі болып саналды, бұның өзі жерге қазақ халқының құқығын шектеді.
3-ден патша үкіметі тарапынан қазақ халқына діни қысым жасалды-патша үкіметі халықтың қалауынсыз қазақтарды христиан дініне кіргізу саясатын жүргізді, христиан шіркеулерін сала бастады.
4-ден жаңа құқықтық жүйені енгізе отырып патша үкіметі қазақ халқының құқығын шектеуге, дәстүрінен айыруға тырысты. Сондай-ақ орыс шаруалары мен казактарының мүддесі қорғалып, қазақ халқының құқығы қорғалмады, әрі қазақ даласындағы жаңа заңдық-құқықтық жүйе қазақтардың құқығын қорғаудың орнына, көбінесе жазалау шараларын
5-ден 1867-1868 жж ережелер 1869 жылы Орал, Торғай көтерілістріне, 1870 ж Маңғыстау көтерілісіне алып келді. Ал сол көтерілістерді патша үкіметі қатыгездікпен басып-жаныштады.
6-дан қазақ жерінде жергілікті басқару аппараты- хандық билік түп-тамырымен жойылды.
Пайдаланған әдебиет тізімі:
[1] Қазақстан тарихы 3 ТОМ, Алматы, 2010 ж
[2] 1867-1868 жж реформалар
https://e-history. kz/media/scorm/scorm/235/197/text/text. htm
[3] Ермаханова Р. Б., Алпысбаева Г. Б . Қазақстанда XIX ғ. 60-70 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар және қазақ шаруаларының тағдыры.
http://www. rusnauka. com/16_NPRT_2014/Istoria/4_171880. doc. htm
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz