Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ
Мәдениет ұғымы туралы жалпы түсінік.
Орындаган: Абдилазизов Жасур.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен мәдениет деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де мәдениет деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған екінші табиғат.
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Мәдениет дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты культура мен натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру, даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық -- адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық деген мағыналарға да осылардың ішіндегі ең бастысы -- дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз -- шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінің жұмыстарына және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батые ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Саяси жүйенің қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz