МҰСТАФА ШОҚАЙ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ САЯСИ РЕФОРМАТОРЛЫҒЫНЫҢ ФЕНОМЕНІ


МҰСТАФА ШОҚАЙ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ САЯСИ РЕФОРМАТОРЛЫҒЫНЫҢ ФЕНОМЕНІ
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық тарих ғылымы бұрын қол жетімсіз материалдар мен жазбаша дереккөздерді зерттеуге мүмкіндік алды. ХХ ғасырдың аяғы - ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдени мұрасын қолдау мен зерттеудің мемлекеттік бағдарламалары негізінде ұлттың бұрын жоғалған «генетикалық кодын» қалпына келтіруге бар күш жұмсалды. Бұрын «Халық жауы» деп аталған ұлттық тәуелсіздік жолындағы көптеген күресушілердің есімдерін, олардың идеологиялары мен көзқарастарын қайта бағалауға және қайта қарастыруға мүмкіндік берілді. Солардың бірі өткен ғасырдың ұлы қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі болды.
Мұстафа Шоқайұлы 1890 жылы 7 қаңтарда ақсүйек отбасында бұрынғы Ақмешітте дүниеге келген. Мұстафаның әкесі Шоқай би болған, елге беделді кісі еді. Мұстафаның нағашы жұрты да текті болғанға ұқсайды, ал анасы Бақты арапша сауатты, жыр-дастандарды жатқа айтады екен. Осындай әулеттен тараған Мұстафа сауатын ауылда ашып, кейін 1902 жылы тамыз айында Ташкент гимназиясына оқуға түседі. Ол мектепте ерекше жақсы оқиды және 1910 жылы маусым айында «өте жақсы» деген бағамен аяқтайды. Сол жылы Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Петербургда жүріп саяси оқиғаларды жақыннан танып, білуге мүмкіндік алған Мұстафа Шоқай 1914 жылдан бастап ұлт мүддесі үшін 18 күреске түсті. 1914 жылы Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына хатшысы болып қызметке тұрды.
Жас Мұстафаның саяси қабілеті 1916 жылы болған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше шыңдалды. Сондықтан, 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін елге келіп, Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күрескен Шоқай, елдегі ұлттық қозғалыстың басты тұлғаларының біріне айналды. Түркістан ұлттық орталығының төрағасы болған ол, Шура-и Ислам қоғамының да саяси жетекшілерінің бірі болды. Сонымен қатар, Мұстафа Шоқай «Ұлы Түркістан» және «Бірлік туы» газеттерінің жұмысына белсене араласты.
Мұстафаның саяси дүниетанымының қалыптасуына қазақтардан бөлек, басқа ұлт өкілдері де ат салысты. Солардың бірі башқұрт Әубәкір Диваев. Ташкентте оқып жүргенде әуесқой археологиялық үйірме жұмысына белсене араласып, оның құрамында болған көрнекті ғалымдар В. Вяткин, В. Бартольд, Ашанин және Керенский сияқты болашық белгілі қайраткерлерімен араласты. Гимназияны бітірердегі оның ерекше қарым - қабілетіне қызыққан ұстаздарының әрқайсысы оны өз саласына тартуға тырысты. В. Радлов түркітануға баруға кеңес берсе, А. Самойлович өз мамандығына шақырады. Мұстафаның білімін Германияда жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады. Тіпті, қарапайым гимназистің таланты мен дарыны туралы Түркістан өлкесінің генерал губернаторы А. Самсонов та хабардар болып, оны қызметке де шақырады. Алайда, жаратылысынан халықшыл М. Шоқай жасөспірім үшін аса аса тартымды жоғарғы лауазымнан бас тартып, оқуын жалғастырғанды жөн санайды.
М. Шоқайдың редакторлығымен жарық көрген «Бірлік туы» газетінің де өзіндік орны, көтерген мәселелерінің күрделілігі жағынан ерекше орында. «Бірлік туы» Ташкент қаласында 1917 жылдың 24 маусымынан 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін шығып тұрған елшіл бағыттағы газет. Аталмыш басылым Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан елдегі қоғамдық - саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы хабарларды жариялап, халықты бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы бола білді. Газет қазақтардан басқа, қырғыз, өзбек, татар т. б. түркі халықтың арасына кеңінен тарады. 1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыз съезі осы басылым туралы «Жаңадан шыға бастаған «Бірлік туы» барша қазақ-қырғызға ортақ болсын» - деген қаулы қабылдады. «Бірлік туы» Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне барынша қолдау көрсетті. Бұл жөнінде «Түркістан автономиясы», «Бостандық һәм автономия», «Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары», «Сырдария қазақ-қырғыз съезі» атты жарияланған мақалалар дәлел бола алады.
«Бірлік туы» газетінде бостандық, теңдік мәселесі әрбір жарық көрген санында сөз болады. Әсіресе, уақытша өкіметтің өткізген сьездер, жиындар, онда қаралған мәселелер туралы толыққанды ақпараттар беріп отырады. Сонымен бірге елдің Әулиеата, Ақмешіт, Семей елді мекендерінің жағдайына да жіті назар салып отырғанын байқаймыз. Оған «Түркістаннан», «Шиеліден», «Семейден», «Әулиеатадан» тақырыбындағы жарияланымдар куә. «Демократия» мәнісі, «Қазақ һәм қырғыз халқына», «Ұлтшыл азаматтарға», «Шақырады «Бірлік туы» бірлікке, «Ғасырда жиырмасыншы заман келді», «Қырғыз бауырларыма», «Бостандық һәм автономиялар» атты жарияланымдарда елдің хал-жағдайы, бірлік, елдік тақырыптары, оқуағарту мәселесі, уақытша өкіметтің ұстанған саясаты туралы айтылады.
Мұстафа Шоқай өмірінің соңына дейін тәуелсіз ұлттық мемлекеттілікті құру идеясының жақтаушысы болып қала берді. Сондай-ақ, ол көтерген дін, жер туралы, қазақ шаруасы, ұлттық жұмысшы табы, ұлттық интеллигенция туралы, тіл, егемендік туралы ұлттық сипаттағы мәселелер қазақ қоғамы үшін өзекті болды.
Ресейден тыс жерлерде Мұстафа Шоқай ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін насихаттаушы ретінде өте танымал тұлғаға айналды. Ол көптеген басылымдармен жемісті жұмыс істеді, Батыс зиялы қауым өкілдері мен эмиграциялық ортада кең байланыста болды. Бұл көбіне Мұстафа Шоқайдың замандастарының пікірінше, полиглот болғандығына байланысты болды. Ол тек орыс тілін және көптеген түркі халықтарының тілдерін ғана емес, сонымен қатар парсы, ағылшын, неміс, француз, араб тілдерін жетік білген еді.
Мұстафа Шоқайдың өзге қайраткерлерден, замандастарынан ерекшелігі неде дейтін болсақ, ең әуелі, Мұстафа Шоқай - Түркістанның тұтастығына толық сенген. Саяси көзқарас кеңістігі тұрғыластарынан әлдеқайда кең болған ол қазақтың тәуелсіздігін күллі Түркістанның тәуелсіздігінен бөліп қарамаған. Оның пікірінше, Түркістанның байырғы халқы сан жағынан тең емес екі бөліктен тұрады - түріктер мен тәжіктер. Олардың арасындағы қатынас 15: 1 құрайды. «Еуропада біріншілері «қазақ( х) », « қарақалпақ », «қырғыз», «түркімен», «өзбек» деген атаулармен танымал. Олардың барлығы бір ортақ тілде - түрік тілінде сөйлейді. Ал тәжіктер қаны мен тілі бойынша иран тектес. Бірақ көптеген жылдар бойы қатар өмір сүрген түріктер мен тәжіктер мәдени және экономикалық тұрғыдан бір-бірімен өте тығыз байланысты болды, сондықтан оларды біртұтас деп санауға болады», - деген.
М. Шоқайдың осындай ұлттық, түркілік ой-көзқарастары мен азатшылдық идеялары оның публицистикалық мақалалары мен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінде анық көрінеді. Мәселен, 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастарының алдында сөйлеген сөзінде М. Шоқай: «Бүгін Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түркіменстан һәм Тәжікстан деп, жат үкімет күшін алты жұмхұриетке бөліп тұрған Түркістан - бөлінбес, айрылмас бір өлке, халқының қаны бір, тілі бір, діні бір. Түркістанның мақсаты - өзінің құтылысы - міллет үкіметін құрып, сәрвәз боп, өз алдына бір үкімет болып тұру. Халқы көптеп бұл жұмысқа алысып, шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің келешегіне иланамыз. Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таласып, тырбасып жатыр. Біздің мақсатымыз - жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түркі халқының дос болып, өзара бірлік пірадарлықпен жасап, сыртқы дұшпандарға қарсы өзінің толықтығын білдіріп қою», [5, 64 б. ] - деп түркі тектес халықтарды, Түркістан жастарын ауызбіршілікке, бірлескен күрес жолына үндейді.
Ол сан жағынан мұсылман түріктерінің көп жағдайда сауатсыз немесе жартылай сауатты болып қалатынын көрсетеді, жергілікті тұрғындар жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға жеткілікті түрде тартылмағанын ашына айтады. Оны сондай-ақ маскүнемдіктің таралуы, зорлық-зомбылықтың болуы, әсіресе әйелдерге қатысты меселелер алаңдатады.
"Яш Түркістанда" 1931 жылы жарық көрген "Ұлттық зиялы" атты мақаласында ол «Ұлттық зиялы» ұғымына анықтама беріп, ұлт зиялылары ның міндетін айқындайды. «Ұлттық зиялы кім?»деген тарихи сауалға не айтуға болады? Бір қарағанда оңай көрінгенімен, шын мәнінде бұЛ сауалға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп айтып, оны сол адам өзі тән болған ұлттың "ұлттық зиялысы" қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсіз қателесеміз - деп жазады М. Шоқай, - біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқысымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саясаты, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz