Ауызша тексерудің жетілдірген түрі жаппай тексеру


Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке - дара, топтық, фронтальдық сұрақ) .
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру) .
- практикалық бақылау (лабараториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу) .
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану) .
- өзін - өзі бақылау, (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою) .
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған матерал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсіндіргенін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3 - 4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір - екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беруде жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4 - 8 оқушыға ұпай беріп олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдық шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, ббірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Ауызша тексеру әдісінің екі негізгі бөлімі бар:
- тексеру сұрақтарын және олардың тапсырмаларын құрастыру;
- қойылған сұрақтарға оқушының жауабы.
Тексеру сұрақтары мен тапсырмаларды құрастыру - ауызша тексерудің басты элементі болып табылады. Сұрақтардың сапасы олардың мазмұнымен, оқушының жауап беру кезінде ақыл-ой әрекетімен немесе сөйлеу мәнерімен анықталады.
Сұрақтардың сапасы оқушылардың жауап беру кезіндегі ақыл-ой әрекетінің мінезімен анықталады. Сол үшін тексеру сұрақтарының ішінен есте сақтау қабілетін (оқылғанды бейнелеу), ойлануын (жалпыландыру, салыстыру үшін), тіл байлығын белсендендіретін сұрақтарды ерекшелеп алады. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануда проблемалық сұрақтардың мәні зор.
Дидактикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын анықтаудың екі шарты ерекшеленген.
- оқушыға ешкім кедергі келтірмейді (көпшілік және мұғалім жауаптарды кейін талқылайды)
- оқушылардың интеллектуальды күшінің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орта құру.
Оқушыны бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығына, толықтығына, сөйлеу мәнеріне және мазмұндық жүйелілігіне мән беріледі. Сабақтың кез-келген кезеңінде ауызша тексерудің түрлері қолданылады. Қай түрін қолдану сабақтың маңыздылығы мен логикасына байланысты таңдалады.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1 - сыныптан алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2 - 3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеруі жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10 - 12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қортындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады. Жазба жұмыстар үйде және сыныпта орындалады.
Жазбаша-графикалық жұмыстарды тексеру болып бұл әдістің өзінің сапалық ерекшеліктері бар: ауызша тексеруге қарағанда мынадай ерекшеліктері бар: уақыттың үнемделуі, тексерілетіндердің барлығын қамтиды. Жазбаша жұмыстар: - теориялық материалдар бойынша білімдерді тексеру; - оны есеп шығаруда қолдана білу; - қалыптасқан біліктерді бақылау үшін қолданады.
Жазбаша - графикалық әдістердің негізгі 4 кезеңі бар: дайындық, ұйымдастыру, өткізу, нәтижелерді талдау. Дайындық кезеңінде: бақылаудың мақсатын бөліп алу, бақылау объектісінің мазмұнын бөліп алу, бақылау тапсырмаларын құру. Бұл кезеңде оқу - әдістемелік құралдар мен журналдағы тексеру жұмыстарының үлгілері көмектеседі
Пркатикалық бақылау оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжрибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz